Shokhan Nuraliuly


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


https://youtu.be/BAfKuaxF_TQ
Туыстарымызбен бас қоссақ аталарымыздың өмірінен бір оқиғаны еске алмай тарамаймыз. Аллаға шүкір, нағашы және өз аталарым да молда болған кісілер, өнеге алатын тұстары молшылық. Алайда, ертең келешек ұрпағымыз бізді ұялмай еске алады ма? Ғибратты жасаған амалымыз бар ма олардың көзінде? Осы сұрақтар әрбір кісіні мазалауы тиіс. Соңғы елге оралғанымда "Кеңес үкіметі" уақытында Уәли атамның бір жиынға кіріп, қандай да бір молданы сәлдесін домалатып тұрып үйден қуып шыққаны айтылды. Сырт көзге мешіт соққан, бүткіл ауылға ұстаздық еткен кісінің бұл әрекеті ерсі көрінгенімен, ол залым "Кеңес" уақытында қайткен молда еді? Қандай мақсатпен халықтың арасында жүр? Қазақтар "ассалаумағалейкум" деген балаға "молда" ұғымын АВТОРИТЕТ санағаннан "молда бол" деп жауап беретін, бұл нағылған молдасы? Қазақ халқы қайсы уақытта Ислам дінін қабылдады? Осы сияқты сұрақтарға жоғарыдағы бір жарым сағаттық керемет подкасттан жауабын аласыз. Зуылдаған ғұмыр, алайда, аз уақытыңызды керемет құнды дүниелерге арнаңыз!


Ескерту: мен кейде басқа тілдің сөзін пайдаланып жанына қазақша мағынасын міндетті түрде жазамын. Мақсатым сіздер сол сөзді жаттасаңыздар, бәлкім, алдағы уақытта пайдасына аспауына кім кепіл!


Барлықтарыңызға "Әһлән уа сәһлән" яғни қазақшада "Қош келдіңіздер" дегім келеді! Алла қаласа мен бұл каналды әртүрлі тақырыпта (Құранға және араб тіліне қатысты мағлұматтар, діни насихаттар, әртүрлі идеология төңірегінде еркін сөз қозғау) жүргізгім келеді! Мақсатымыз қоғамдағы бір адамға болса да өз пайдамызды тигізу. Қазір арзан күлкі мен жалған ақпараттарға толы парақшаларға адамдар мыңдап жазылған заманда сіздер бұл каналға тіркелгендеріңіз үшін алғысым шексіз!!!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ертедегі кісілер мен біздердің айырмашылығымыз!

4 last posts shown.

127

subscribers
Channel statistics