Talapker Saginov University


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


🎓Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
📚Құрметті Жас түлек Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімі сіздерге ҚарТУдың мамандықтары жайлы толық ақпараттар беретін боламыз!
📞 Бізбен байланыс: 87003956509

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Сәлем достар! 💬
📌13 желтоқсан сағат 20.00-де біздің Saginov Technical University Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыс жасайтын ресми @talapker_saginov_university Instagram платформасында https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 Грант аналитик / Филолог-сарапшы, Педагог-профориентолог ТОЛҚЫН ИЗМАХАНмен тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.

🔊Барлық мектеп және колледж білім алушылары мен олардың ата-аналарын эфирде күтетін боламыз!🤗
……………….
Hi, gyus! 💬
📌С радостью сообщаем вам о том, что 13 декабря в 20.00 на официальной платформе Instagram https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 @talapker_saginov_university, которая работает в направлении Маркетинга и профориентационной работы в Saginov Technical University пройдет прямой эфир с Грант аналитиком / экспертом Филологом, Педагог-профориентологом ТОЛҚЫН ИЗМАХАН.

🔊Всех учащихся школ и колледжей и их родиьелей будем ждать в эфире! 🤗


👋Привет, абитуриенты! В преддверии январского ЕНТ мы хотели бы ознакомить вас с правилами при входе на тестирование.

📌При входе на ЕНТ проводится проверка металлоискателем.

На тестирование не допускается заносить:
🚫фотоаппараты, пейджеры, мобильные телефоны,
🚫планшеты, рации, ноутбуки, плейеры, модемы,
🚫смарт часы, смарт очки, фитнес браслеты (трекеры),
🚫диктофон, проводные и беспроводные наушники, микронаушники, беспроводные видеокамеры, навигаторы, трекеры, устройства дистанционного управления,
🚫шпаргалки, учебно-методическая литература, периодическая таблица и таблица растворимости солей, калькулятор, бумаги формата А0-А10.

🗄️Просьба их оставить в шкафчиках для хранения вещей, которые расположены перед входом на тестирование.

❌В случае выявления запрещенных предметов при входе тестируемый не допускается на ЕНТ.

✅На тестирование можно заносить удостоверение личности (свидетельство о рождении и справка с фото из школы), ручку, воду и шоколад.

📤Поделись с полезной информацией с другом!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
👋Сәлем, талапкерлер! Қаңтар ҰБТ-сының алдында сіздерді тестілеуге кірердегі ережелермен таныстырып кетсек.

📌ҰБТ-ға кірерде металл іздегішпен тексеру жүргізіледі.

Тестілеуге
🚫фотоаппарат, пейджер, ұялы телефондар,
🚫планшеттер, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер,
🚫смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер),
🚫диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, навигаторларды, трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын,
🚫шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, периодтық кесте және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, А0-А10 форматтағы қағаздарды алып кіруге болмайды.

🗄️Оларды тестілеуге кірер алдында сақтау жәшіктерінде қалдырып кетуді сұраймыз.

❌Тестілеуге кірерде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмейді.

✅Тестілеуге жеке куәлік (туу туралы куәлік және фотосы жапсырылған мектептен анықтама), қалам, су және шоколад алып кіруге болады.

📤Пайдалы ақпаратты досыңа жібер!

💻💻💻💻💻💻💻💻💻💻


💻Достар, қаңтар ҰБТ-сына тіркелу және тестілеудің өту уақыты туралы ақпарат осы парақшада жарияланады.

📍📍📍📍📍📍📍

💻Друзья, информация о регистрации на январское ЕНТ и проведении тестирования будет опубликована на этой странице.


🎓 Профильная магистратура Saginov Technical University за 1 год — Ваш шаг к успеху! 🚀

Хотите быстро и эффективно получить глубокие знания в своей профессиональной сфере? Наша профильная магистратура — это идеальный выбор для тех, кто стремится к карьерным вершинам! За 1 год интенсивного обучения вы:

✅ Освоите актуальные знания и навыки
✅ Подготовитесь к решению сложных профессиональных задач ✅ Получите диплом магистра, который откроет новые горизонты

Образовательные программы (ОП) годичной магистратуры представлены в карусели! Чтобы узнать перечень ОП 1,5-годичной магистратуры - оставайтесь на связи! #staytuned

🔊Біздің мекен жайымыз: Қарағанды қаласы,
Нурсултан Назарбаев даңғылы, 56/1, Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімі
Тел: 8(7212) 56-78-38,
8-700-395-65-09
@saginov.tech






🎓 Saginov Technical University-дің бір жылдық бейінді магистратурасы – сіздің табысқа жетер қадамыңыз!🚀

Өзіңіздің кәсіби салаңызда жылдам әрі тиімді тереңдетілген білім алғыңыз келе ме? Біздің бейінді магистратура - мансаптық шыңдарға ұмтылғандар үшін тамаша таңдау! Қарқынды оқытудың 1 жылы ішінде сіз:

✅ Ағымдағы білім мен дағдыларды меңгересіз
✅ Күрделі кәсіби мәселелерді шешуге дайындаласыз
✅ Жаңа көкжиектерді ашатын магистр дәрежесін аласыз

Бір жылдық магистратураның білім беру бағдарламалары (ББ) карусельде ұсынылған! 1,5 жылдық магистратура ББ тізімін білу үшін - байланыста болыңыз! #staytuned

🔊Біздің мекен жайымыз: Қарағанды қаласы,
Нурсултан Назарбаев даңғылы, 56/1, Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімі
Тел: 8(7212) 56-78-38,
8-700-395-65-09
@saginov.tech






«Профориентация: болашақ бүгін басталады» Республикалық конференция
Дата 06.12.2024 г.
Время 10:00 часов.
id 3343340017.
code 0000.
Нажмите https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=81088653141 для запуска или входа в запланированную конференцию Zoom.


Құрметті Жас Түлектер, ЕРТЕҢ «Профориентация: болашақ бүгін басталады” Республикалық конференция болғалы жатыр, ОНЛАЙН форматта, өздеріңізде және мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысуға болады, төмендегі сілтемені арқылы тіркелсек болады


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Дарынды балаларды қолдау және қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру: жаңа бастамалар

Бүгін қабылданған заңда бірнеше маңызды қадамдар қарастырылды.

1. Дарынды оқушыларды қолдау.
Бұған дейін халықаралық пәндік олимпиадалар жеңімпаздарына 5 миллион теңгеге дейін сыйақы мен ҰБТ-сыз грант берілсе, енді осы мүмкіндік халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына да беріледі.

2. “Болашақ” бағдарламасын кеңейту.
Халықаралық пәндік олимпиадалар мен халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына бакалавриат деңгейінде шетелде оқу үшін “Болашақ” арқылы грант алу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл қадам жас таланттардың шетелде сапалы білім алып, елге қайтып, еліміздің дамуына үлес қосуына жағдай жасайды.

3. Қазақ тілінің цифрлық сөздік қоры.
Қазіргі заман – цифрлық технологиялар заманы. Бұл процесте қазақ тілі өзінің орнын қалай алуы керек? Осы сұраққа жауап ретінде заң жобасында қазақ тілінің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау мен Ұлттық тіл корпусын құру нормалары қарастырылды.

Бұл бастаманың басты мақсаты – қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру және цифрлық әлемде қазақ тілінің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Цифрлық сөздік қордың маңызы:
1. Жасанды интеллект үшін база: Бұл сөздік қор жасанды интеллектке қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді, сөздерді контекстке сай қолдануды үйретеді.
2. Күнделікті қолдану: Ашық ақпараттық жүйе арқылы кез келген азамат сөздердің дұрыс емлесін, нақты мағынасын оңай таба алады.
3. Білім беру: Оқушылар, студенттер мен мұғалімдерге сапалы сөздіктер мен анықтамалықтарға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұл оқу мен оқыту үдерісін жеңілдетеді.

Цифрлық сөздік қор – бұл жай ғана сөздердің тізімі емес. Бұл – тілді түсінетін, оны дұрыс қолдана алатын интеллектуалды платформа.

Бұл дарынды ұрпақты қолдау және қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру бағытындағы маңызды қадам.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🎓Бұдан былай «Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавр деңгейінде білім алуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті халықаралық олимпиадаларда және ғылым сайыстарында жеңімпаз атанған дарынды жастар пайдалана алады.

«Болашақ» бағдарламасының дәстүрлі талаптарына сай жылына 20-25 жас іріктеледі.


🔻Мәжілісте ұлттық бірыңғай тестілеусіз грантқа түсе алатын жастардың тізімін кеңейтуге арналған заң қабылданды

〽️Қазақстанда 2021 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 5 миллион теңге шамасында үстемақы және конкурссыз университетке түсу үшін грант беріле бастады.

〽️“Алайда бұл шаралармен тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары қамтылған еді. Ал халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары назардан тыс қалды. Бүгінгі таңда біздің оқушылар робототехника және басқа да ғылыми жарыстардан әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге жетуде. Осыған байланысты, дарынды балаларды қолдау үшін, заң жобасында ең беделді халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына ҰБТ-сыз университетке түсуге грант беру ұсынылды. Біздің ойымызша, бұл әділетті әрі маңызды шешім”,- дейді депутат Аймағамбетов.

〽️Бүгін мәжіліс депутаттары осы ұсынысты қолдап, заңға енгізілген түзетуді қабылдады.


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Петропавлда «Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің алғашқы көшпелі отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында вице-премьер Тамара Дүйсенова М. Қозыбаев атындағы университетке барып, өңір әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтің, студенттердің, түлектердің және «Серпін» бағдарламасына қатысатын жұмыс берушілердің қатысуымен кеңес өткізді.

«Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Мұрат Әбенов бағдарлама жаңа серпіліс алып жатқанын айтып, «Серпін түлектері» қауымдастығын құру туралы бастаманы қолдады. Бұл ұйым абитуриенттер мен студенттерге қолдау көрсетеді.

Солтүстік өңірде аталған бағдарлама бойынша 1350 адам білім алып, оқуын жалғастыруда. Көптеген түлек осы өңірде жұмыс істеуді таңдаған. Отбасын құрып, облыстың дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – Нұрсейт Әбдіразақов. Ол 2016 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келіп, университетке түскен, қазір өзі оқу орнында қызмет етіп жүр.

«Бағдарлама шынымен де тиімді. Мен болашағымды осы өңірмен және өз университетіммен байланыстырамын», — деді Нұрсейт Әбдіразақов.

Премьер-министрдің орынбасары жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіпорындармен ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті. Ол жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлау бағдарламаның табысты жүзеге асырылуының кепілі екеніне мән берді.

Өңірде 300-ден астам жұмыс берушімен меморандум жасалған. Биыл оқуын бітіретін 68 түлекке арналған жеке іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңірдегі ірі компания өкілдері жас мамандарға сұраныстың жоғары екенін айтып, «Серпін» бағдарламасына белсене қатысуға дайын екенін білдірді.
Қазіргі уақытта кадр тапшылығы сезіліп отырған 8 өңір анықталды. Бағдарлама түлектерін осы өңірлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

«Бағдарламаның әлеуметтік маңызы жоғары. Ол болашақ түлектерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді және нақты кәсіпорындардың сұранысына сай кадрлар даярлайды. Келесі жылы бағдарламаға колледждердің қатысуы жоспарланып отыр. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін барлық мүдделі министрліктер, облыс әкімдіктері мен жұмыс берушілер тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Бұл процесте аймақтық жобалық кеңселердің рөлі маңызды»,
— деді Тамара Дүйсенова.


Вице-премьер М. Козыбаев атындағы университеттің зертханаларымен танысып, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түскен студенттердің ғылыми зерттеулерін көрді. Мұндай заманауи зертханалар халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Қытайдың Солтүстік-батыс ауылшаруашылық университетінің ғалымдары Козыбаев университетінің студенттерімен бірлесе ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жобалар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті АҚШ-тың Аризона университетімен серіктес. Ынтымақтастық бағдарламасы қос диплом алу, ғалымдар арасында ғылыми алмасу, оқытушылар үшін бірлескен тағылымдамалар, сондай-ақ академиялық стратегия мен корпоративтік басқаруды жетілдіруге арналған ұсыныстарды қамтиды.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


👋 Достар, *қаңтар* ҰБТ-сы жақындап қалды. Осыған байланысты сіздерден келіп түсіп жатқан ең жиі сұраққа жауап берейік.

❓*ҰБТ-ны жылына неше рет тапсыруға болады?*

✅ Мектеп түлектері *ҰБТ-ны 5 рет* тапсыра алады, оның *3-і (қаңтар, наурыз және тамыз айлары) ақылы негізге* түсуге арналған. Ал негізгі ҰБТ-ны *2 рет тапсырып*, оның сертификаттарының бірімен (таңдау бойынша) *грант* конкурсына қатысуға болады.

🙌 Сәттілік!

📚📚📚📚📚📚📚📚📚

👋 Друзья, приближается *январское* ЕНТ! Многие из вас задают один и тот же вопрос, поэтому мы спешим ответить:

❓Сколько раз можно сдать ЕНТ в год?

✅Выпускники школ могут сдать ЕНТ *5 раз* в год. *Три попытки (январь, март, август)* предназначены для поступления на *платной* основе. *Две* оставшиеся попытки – это основное ЕНТ, один из результатов которого вы можете использовать *для участия в конкурсе грантов*. Выбор лучшего результата остается за вами.

🙌Успехов на ЕНТ!

✅ *Saginov Technical University* сіздің арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді! Біз сізге сенеміз!

🔊Біздің мекен жайымыз: Қарағанды қаласы,
Нурсултан Назарбаев даңғылы, 56/1. Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімі
Тел: 8(7212) 56-78-38., 8-700-395-65-09


Сәлем, сәлем✋✋✋

Гранттың 6 түрі🤯

Грант түрлерін түсініп алғың келсе, постты соңына дейін оқы👇🏻

1. Грантты кім береді?🤔

1️⃣Жалпы грант – мемлекет тарапынан, республикалық бюджеттен беріледі.
2️⃣Батыс аймақтарға бөлінген грант - бұл да республикалық бюджеттен берілетін грант. Елдегі ситуацияға байланысты тек биыл енгізілді.
3️⃣Мақсатты грант - мемлекет тарапынан, республикалық бюджеттен белгілі бір аймақтарға беріледі.
4️⃣Әкімдік грант - әр облыстың өздері бөлетін және өздері тағайындайтын грант.
5️⃣Ректор гранты (ішкі грант) – бұл университетттің өзінің жеке гранты.
6️⃣"Серпін"(бағдарлама) – бұл да республикалық бюджеттен берілетін аймаққа бекітілген грант.

2. Жыл сайын тұрақты бөліне ме?🤔

1️⃣Жалпы грант - жыл сайын жалпыға бірдей тұрақты бөлінеді.
2️⃣Батыс аймақтарға бөлінген грант - елдегі төтенше жағдай ескеріліп, тек биыл бөлінді.
3️⃣Мақсатты грант - енгізілгеніне көп болмады. Бірақ жыл сайын бөлініп келе жатыр.
4️⃣Әкімдік грант - жыл сайын тұрақты бөлінбейді. Облысқа қандай мамандар керек болғанына қарай бөледі. Барлық облыс бөлмеуі мүмкін.
5️⃣Ректор гранты - кейбір университеттер бөледі, кейбіреулері бөлмейді. Тұрақты емес.
6️⃣"Серпін" - жыл сайын бөлінеді.

3. Қай грантта 3 жыл жұмыс жасау шарты бар?🤔

Барлық республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік грант иегерлеріне 3 жыл жұмыс жасау шарты бар. Тек қана ректор грантында мұндай шарт жоқ.

4. Грантты сақтай отырып, бір ЖОО-нан екіншісіне ауысуға бола ма?🤔

Егер жалпы грантта оқысаң, 1-ші семестрдан кейін немесе кейінірек грантты сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауысуға болады. Тек ұлттық емес университеттен ұлттық университетке ауыса алмайсың.

🏛Ректор грантында оқитындар басқа университетке ауысса гранттан айрылады, себебі ол грант - университеттің жеке гранты. Сонымен қатар, мақсатты грант пен “Серпін” бойынша да ауысу мүмкіндігі жоқ.

5. Нашар баға алсақ, гранттан айрыламыз ба?🤔

💰GPA(баға) 2.33-тен төмен болып қалған жағдайда, келесі емтихан тапсырғанға дейін стипендия берілмейді. Бағаңды дұрыстасаң, стиендияны қайтарып аласың.

🏛Ал ректор грантында университеттің ішкі шарттары болады. Студенттің жақсы оқуын талап етеді. Көбінесе жылдық GPA ең кемі 3.0 болуын сұрайды. (Нақтырақ университет өкілдерінен анықта)

Мемлекеттік гранттардан айрылып қалмау оңайырақ. GPA ең кемі 2.0 болу керек.

6. Қандай грант бойынша стипендия беріледі?🤔

🏛Тек қана ректор гранттарында шәкіртақы қарастырылмаған.

20 last posts shown.