ИСЛАМ/БІР ҮМБЕТ 📚🕌


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified



Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Сақ болайық.
Барынша таратайық.

https://t.me/birymbet2024


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мәулітті тойлауға бола ма?
Елдос ұстаз

https://t.me/birymbet2024


С: Мазхап деген не?
Ж: Мүжтаһидтің шариғат үкімдерінде аят және хадистерден қарап, ижтиһадпен (ғылыми ізденіспен) шығарған шешімі, жолы деген мағынаны білдіреді.
С: Атақты мүжтаһидтер нешеу?
Ж: Төртеу С: Олар кімдер?
Ж: Олар:
Әбу Ханифа Имам Ағзам Сәбит ибн Нұғман.
Имам Шафиғи Мұхаммад ибн Идрис.
Имам Мәлік ибн Әнәс.
Имам Ахмад ибн Ханба (оларды Алла тағала өз рахметіне бөлегей)

https://t.me/birymbet2024


ДІН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Дін туралы сөз еткенде кейбір адамдар білместіктен, түсінбестіктен пайымсыз пікірлер мен теріс тұжырымдарды алға тартады. «Дін» сөзінің аясы кең, ұғымы ұлы. Ол Құдайға құлдық ұрып, тек құлшылықтан бас көтермеу дегенді білдірмейді. Дін – өмір сүрудің үздік үлгісі, екі дүние бақытына жетелейтін жол. Дін – адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке ұйытатын құдіретті күш. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», – дейді ақын Абай. Міне, дін дегеніміз – адамдық қасиетті қалыптастыратын, Жаратушыға жағымсыз амалдан арылтатын күш.
Діннің ең басты ерекшелігі – уахи арқылы келуінде. Дүние есігін ашқан әрбір адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, құдіретті күшке сену сезімі болады. Бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір құдіретті күшке сенуге жетелейді. Тарихтың өзі дәлелдеді емес пе? Тарихта дінсіз, яки имансыз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Алла Тағала адамзат баласын рухтар әлемінде Өзінің Жаратушы Ие екенін үйреткен. Сөйтіп, адам баласынан, яғни бізден Өзін Жаратушы Ие деп танитымыз туралы уәдемізді алған.

https://t.me/birymbet2024

4 last posts shown.

3

subscribers
Channel statistics