Кейде отырып ойланып қаламын...
Ата-анамды, отбасымды қалай жақсы көретінімді, туыстарымды қалай қатты сағынғанымды, барлығын бағалайтынымды;
Сонымен қатар олардың махаббатын, мені ойлап, уайымдайтынын, керек екенімді сезінемін...
Достарым бар, мені ойлайтын, іздейтін, қол ұшын беруге үнемі дайын тұратын...
Денсаулығым бар, саумын...
Білім алып жатырмын...
Ертең не жеймін, не ішемін деген уайым жоқ...
Жақсы көретін, көңіл күйімді көтеретін заттар қаншама...
Ауа-райы, күн батуы, шығуы, әдемі гүл, жақсы көретін жеміс жидектеер😍
Жақсы орта, жақсы адамдар, баспана, киім....
Жалғастара берсем шексіз!
Бірақ ойланып көрдіңіз бе?
Барлығының нағыз Иесі кім?
Расында, Ол —
ар-Рахман (Аса қамқор),
ар-Рахим (Ерекше мейірімді),
ар-Раззақ (Ризықтандырушы)
Аллаһ Тағала!!
✨✨✨
Осы себепкерлер арқылы Аллаһты танып білу қандай бақыт!
Осылайша әр жаратылысқа қарап, Жаратушы Иені көру арқылы Раббыма деген махаббат, шүкіршілік арта беруде...
Уа, Ерекше Мейірімді Раббым! Уа, Раззақ болған Аллаһым! Бізді Өз мейірімділігіңнен, ризығыңнан айыра көрме! Саған шынайы иман еткен, көп шүкір ететін құлдарыңның қатарынан ете көр! 🤲