🛡Қай энергия көзіне басымдық берген жөн?
🤫Дамыған елдерде электр энергиясын жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші бізден көп. Өзін энергиямен неғұрлым еркін қамти алған ел даму үдерісінде кібіртіктемейді. Сол себепті энергия өндірісіндегі іркіліске жол беруге болмайды дейді сарапшылар.
🗣️ Біздің ел де 2022 жылдан бері энергетика тапшылығына тап болып, Ресейден, Қырғызстан мен Тәжікстаннан электр қуатының бір бөлігін импорттап жатыр. Импортталған энергияның бағасы біздің бағамен салыстырғанда тым жоғары. Сонымен қатар еліміз Түрікменстан мен Ресейден белгілі мөлшерде газды да импорттайды. Газ қорымызды дамытып, жылу орталықтарын салмасақ, осылай сырттың энергия көзіне тәуелді боламыз 🗣️, дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов.
🎙Сондай-ақ ол елдегі жылу орталықтарының көбі әбден ескіріп, тозығы жеткенін баса айтты.
🗣️Көбі кеңес заманында салынғандықтан, қазіргі талаптарға мүлде сай емес. Сондықтан әр қыс сайын күтпеген ақаулар шығып, тұрғындарды әуре-сарсаңға салып қояды. Қазіргі энергия өндіріп отырған стансалар әзірдің өзінде сенімді энергия көзі бола алмай тұр. Демек келешекке көмір, газ энергиясымен барамын деу, тіпті кері кету десе де болады🗣️, деді білікті маман.
🔗Толығырақ оқыңыз.