فوائد من الدروس


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


بسم الله الرحمن الرحيم
إنما الأعمال بالنيات
Бұл жақта қазіргі таңдағы әһлу-сунна уәл джамаьа ғалымдарының ютубтағы дәрістерінен, сондай-ақ өз ұстаздарымның сабағынан үзінділер салынып отырады.

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Суфян әс-Сәури (рахматуллаһу алейһ) : “уа хадис иелері, хадистеріңнің зекеттерін беріңдер”- деп айтатын.

Ал хадисіміздің зекеті не? Ол - жатталған әр жүз хадистің ең кемі бесеуіне амал ету.

💻”Ахлақуль ьулама”, 7- дәріс


Қохқоханың (көршісі еститіндей күлудің ) үкімі – дәретті де намазды да бұзады

Дохик (өзің ғана еститіндей күлу) – намазды бұзады, дәретті бұзбайды

Ал тәбәссум (өзі де өзге де естімейтіндей күлу, жымию ) – онда үкім жоқ.

📕”Ихтияр ли таьлил мухтар”

– Тәбәссумге қатысты үкім жоқ па сонда? Жоқ, оның үкімі бар : “егер бауырыңның жүзіне жымиумен қарасаң - садақа”

(с) Шейх Махмуд Дахла (хафизаһуллаһ)


Имам Әбу Ханифа (рахимаһуллаһ) бір күні базарда кетіп бара жатқанда оны бір адам тілдеп сөге бастайды. Әбу Ханифа алдыда, әлгі кісі артында келе жатыр, бірақ оған қарсы еш сөз айтпады. Егер ол қаласа әскерилердің біреуі келіп әлгі кісіні түрмеге қамап, тілін кесер ма еді?

Бірақ ол үйіне жеткенше жәй ғана тыңдап келді, сосын : “Иә, пәленше. Мынау менің үйімнің есігі, мені тілдеп сөгетін басқа да сөздерің бар ма? Соның барлығын айтып бітіріп ал (жеңілдеуің үшін) сосын мен кірейін” - деген екен.

Міне, бұл - Раббани ғалымдардың сипаты.

Ал біздің күнімізде біреу қате сөйлесе керісінше біз оған ұрысып береміз. Сондықтан бұл оқиғаларды ұмытпай есте ұстау әрі осы ахлақтармен өзімізді әсемдеу үшін кітаптың шетіне жазып алып, тіпті оны оқуда күрделікті уирд қоюымыз керек.

✏️ Шейх Шәннәр حفظه الله
💻 “Ахлақуль ьулама”, 6-дәріс


Ілімді кітаптардан оқумен шектелмей, Шейхтардың сабақтарын қарап, түсіндірмесіне жүгіну маңызды. Егер де кітаптан ғана оқып пайда алу жеткілікті болғанда Алла Тағала әр кітапты түсіргенде оны баяндау үшін елші жібермес пе еді?

Сәләф ғалымдардың бірі былай дейді: “кімнің шейхы кітабы болатын болса оның дұрыстыған гөрі қатесі көп болады

Ғалымдар ілімдерін кітапқа түсірсе де, оны түсіндіру кілтін ұстаздарға қалдырып кеткен. Кітаптың сырлары ұстазбен оқығанда көбірек ашылады 📔


حياة العلم بالمذاكرة

الشيخ شنار حفظه الله


لا تأخذ العلم من صحفي ولا تأخذ القرآن من مصحفي

أستاذنا اشرف حربي حفظه الله




قال العلماء: أن النجاسة المعنوية أغلظ من النجاسة الحسية لأن بعض النجاسة الحسية لا تمنع صحة الصلاة ولكن إذا بقي من أعضاء الوضوء مقدار مغرز إبرة لا تصح الصلاة معه

✍🏻الشيخ محمود دحلا حفظه الله
📕الاختيار لتعليل المختار


‎الثواب على قدر المشقة ولكن لهذه القاعدة يوجد قيد: إذا كانت هذه المشقة مشروعةً

فأما إذا صليت في الفجر عشرين ركعات بالمشقة ليس فيها الثواب بل هي عين البدعة

✍🏻الشيخ محمود دحلا حفظه الله
📕الاختيار لتعليل المختار


Қан дәретті бұзады ма?

Қанның дәретті бұзатынына қатысты бір топ дәлелдер жиынтығы бар және оның дәретті бұзбайтынына қатысты да бір топ дәлелдер жиынтығы бар. Кейбір ғалымдар бірінші топ дәлелдерді негізге алып қан кез-келген жағдайда дәретті бұзады деді де екінші топ дәлелдермен амал етуді тастап қойды. Енді бір ғалымдар екінші топ дәлелдерді алып қан ешқандай жағдайда бұзбайды деді де бірінші топтың дәлелдерімен амал етуді тастап қойды

Біздің ғалымдарымыз екеуіне де нұсқайтын дәлелдердің бар екенін негізге алып, қай жағдайда қан дәретті бұзатынын және қай жағдайда бұзбайтындығының шекарасын қойды, ол - сәиәлән (ағу шарты). Егер қан сыртқа ақпаса “аз” есебінде болады да сәйкесінше дәретті бұзбайды, ал сыртқа ағар болса “көп” есебінде болады да, дәретті бұзады.

Бір хадиспен амал етіп екінші бір хадистерді елемеуден гөрі, екеуінің арасын жинауға тырысып амал ету әлде қайда абзал

فنكون شربنا بالكأسين
وجمعنا بين الخيرين😄

✍🏻Шейх Махмуд Дахла حفظه الله
📕”ихтияр литтаьлил мухтар” дәрісі


Хұтбаны тыңдау уәжіп, сол себепті кәләм тыйылуы керек,бұл жердегі сөйлемеу қажеттігінің астына ватсаптан сөйлесу де кіріп кетеді

#қудуридәрісінен


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
العلم لا يأتي بدون تقوى


Ибн Хаджар әл Асқаланидің (рахимһуллаһ) “Нузһатун назар” кітабы мен Ибн әс-Салахтың (рахимаһуллаһ) “ьулум әл-хадисінің” айырмашылығы – “ьулум әл-хадис” кітабында ұзақ мәселелер келуі мүмкін, бірақ онда тоқталып, ашықтауды қажет ететін тұстар көп емес. Ал “нузхатун назарға” келсек , ол көлемі жағынан шағын болғанымен, бірақ түсіндіруде қолданған тіркестері күрделі

Демек кітаптың көлемінің шағын болуы мубтадилерге онымен бастауға болады дегенді білдірмейді. Бәлки қаншама шағын кітап хадис ілімінің негізін жинау үшін жазылды. Бір ғана кішкене көлемде май шығару үшін қаншама шелек сүтке мұқтаж болатыныңдай, хадис ілімінің “қаймағын” шағын кітап етіп жазу үшін ғалымдар қаншама ілімдерді зерттеп, жинаған. Сондықтан оларды түсіну де белгілі бір деңгейді талап етеді

✍🏻Шейх Муджир әл-Хатыб حفظه الله
📙шарх әл-Байқуния


“Шын мәнінде, ілім талап етуші үшін міндетті түрде аспандағы әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Алладан оның күнәларының кешірілуін тілейді” - деген хадисте Алланы аспанда деушілерге жауап бар. Егер аспандағылар ілім талап етуші үшін кешірім тілейтін болса , Алла өз-өзінен кешірім тілей ме?

✍🏻 Шейх Шәннәр حفظه الله


• Шынай шәкірт - сұрағының жауабын таппайынша ұйықтай алмайды. Ал кімде сұрақ жоқ болса ол кітап оқымайтын шәкірт деген сөз.

• Бәдруддин әл-Айни (рахимаһуллаһ) : Егер бір мәжілісте біреу хадис айтып жатса, қалғандары ол адамның даусынан көтеріңкі дауыспен сөйлеуіне болмайды

Тәубе етілмесе күнә жүректі жаба береді, ал күнә жүректі жапса адам ғафілетте болады, адам ғафілетте болса ақыретті - хақты ұмыта бастайды, ал хақты ұмытқан адам хайуандарша өмір сүреді.

✍🏻Ұстазымыз Азамат Жамашев حفظه الله
📘”Риядус солихин”, 3-дәріс


Мантық саласында әйгілі болған “Сулләм” бәйтін Имам Әбу Зәйд әл-Аһдари (рахимаһуллуһ) 21 жасында жазып шыққан екен, оны біз бәйттің соңғы жолдарынан байқай аламыз.

Ал мен 22-демін, не бітірдім? - деп ойланып қалдым іштей…


Құранның джузы барлығымызға таныс, бірақ сол секілді хадисте де джуз болады. Яғни ол дегеніміз бір ғана Шейхтың риуаят еткен хадистерін жинақтау. Мейлі ол сахаба болсын , не одан кейінгі табақалардан болсын. Мысалы Әбу Бәкір әс-Сыддықтың джузі, Имам Мәликтің джузы тағы сол секілді

Бірақ кейде арнайы бір тақырыптарға қатысты хадистерді жинауды да джуз деп атайды. Мысалы истихара намазына қатысты джуз, тәспих намазына, қадір түніне қатысты деген секілді. Оларға да джуз деп айтылады

Бұл джуздер кейде 10 беттен тұрады, кейбірі 20,50,100-ге дейін кете береді. Әрі ғалымдарымыз джуздерді Шейхтардан оқуға әрдайым қызығушылық танытқан. Тіпті ибн Хаджар әл-Әсқаланидің (рахимахуллаһ) джуздер толы дорбалары бар болғандығы айтылады. Ол өзінің Шамға жасаған 100 күндік сапарында Шам Шейхтарынан 1000 (!) джуз оқып шыққан екен.

✍🏻Шейх Яхья әл-Ғаусани حفظه الله
📖”шарх манзумату әл-Байқуния”, 2-дәріс


اللهم يا رب انصر إخوننا في فلسطين
اللهم انصرهم فلا ملجأ لهم غيرك يا الله
اللهم قد امتلكنا الحزن ولا حيلة لنا إلا الدعاء لهم فيا الله كن لهم وليا ونصيرا🤲🏻


Шейхымыз Әдиб әл-Кәлластың (рахимаһуллаһ) бізге қылған әдебі - ұстаздың шәкіртке емес, шәкірттің ұстазға жасаған әдебіндей еді. Уаллаһи, біз ол кісінің бізге деген мәмілесінен тіпті ұялып қалушы едік.

✍🏻Шейх Шәннәр حفظه الله
📔”Ахлақуль ьулама”, 3-дәріс
______________

Қазір біреу бір-екі кітаптан сабақ өте бастаса шәкірттерінен өзіне құрмет көрсетулерін күтеді. Бәлки, ол өзінен бастауы қажет шығар..?

19 last posts shown.

44

subscribers
Channel statistics