TAǴYLYM TAMSHYLARY


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Біздер әрбір нарседе Аллаға мұқтажбыз. Біздің жалғыз арқа сүйеушіміз - тек Алла. Барлық нарсе оның иелігінде. Әрбір қажетімізді Раббымыздан сураймыз жане одан үмітте боламыз.
Біздің талпыныс кылатын нәрсеміз - ілім. Ілім де Аллаһ тарапынан берілетін нәрсе.
Адамнын ілім алуына кедергі болатын нәрсе - күнә...


ӘБУ БӘКІРДІҢ ДОСТЫҒЫ

Періште Жәбірәйіл (алейһиссалам) бір күні былай деп тілепті:
Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді...

Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық رضي الله عنه бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. Жәбірәйіл соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті.
Әбу Бәкір Сыддық келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден:
- Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның достығы үшін маған садақа тастаған адамның Алла тағала бар күнәсін кешірсін! – деп естірте дауыстай бастады. Әбу Бәкір رضي الله عنه ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:
- Қане, тағы бір рет қайталашы? –деді . Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда, Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. Әбу Бәкір Сыддық Біләлді шақыртып:
- Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел, – деді. Біләл رضي الله عنه кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолығып қалады. Пайғамбарымыз:
- Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба әлде өзің айтасың ба? – деді . Біләл رضي الله عنه әдеп сақтап:
– Сіз айтыңыз, – деді. Сонда Пайғамбарымыз оған былай деді:
- Жолдың шетінде отырған соқыр, ол - Жәбірейл періште. Әбу Бәкірдің маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген.

Бұл кезде Әбу Бәкір رضي الله عنه Біләлді күтіп тұрды. Біләл Айшаның үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді. Періште Жәбірәйіл Расулалланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдына келіп: Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді, – деп , бағана Әбу Бәкір берген Қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жәбірәйіл періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне әкелді. Әбу Бәкір رضي الله عنه болса:
- Сіздің жолыңызға арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз., – деген болатын...
-
Иә, Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы көрмейінше, ешкімнің де иманы толық болмайтындығы шындық.

https://t.me/gibrattal


ПАЙҒАМБАР ЕКЕНІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ!

Әбу Бәкірдің رضي الله عنه Ислам дінін еш бүкпесіз қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі мына оқиға.

Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу Бәкір айды қос-қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі болып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты танымал монахқа барып түсін жорытты.
Монах әуелі:
- Қай жақтан боласың? – деп сұрады.
Әбу Бәкір:
- Хижаз аймағынан, - деп жауап берді.
Монах:
- Немен шұғылданасың? – деп қайта сұрады.
Әбу Бәкір:
- Саудагермін, - деп жауап қатты. Бұны естігенде монах:
Әй, арабстандық жан , мына түс тегін түс емес екен. Шынын айтсам, үлкен сүйінші түсіп тұрған жайы бар. Ақымды берсең, дәл қазір жорып берейін, – деді. Әбу Бәкір رضي الله عنه оған сол мезет он екі динар ұстатты. Монах сөзін жалғап, түсті былай деп жорыды:
Көктегі айдың саған түсуі ақырзаман пайғамбарының келетіндігі. Таяу уақыттарда өзінің «пайғамбарлығын» жұртқа жариялайды. Сен сол Пайғамбардың қасында жүретін уәзірі, кейіннен халифасы боласың. Уа, арабстандық жан, егер ол менің тірі кезімде келсе, онда маған хабар сал. Барып жолығып, оны өз көзіммен көрейін. Ал ол келген кезде мен о дүниелік болып кетсем, онда менің дұғай-дұғай сәлемімді жеткіз. Әкелген жаңа дініне менің кіргенімді, оның үмметі болғандығымды айт. Ақыретте маған шапағат етуді ұмытпасын! Әбу Бәкір бұны естігенде:
- Олай болса маған хат жазып қалдыр, – деді.

Монах екі сөйлеммен жазылған Әбу Бәкірге ұсынды. Хаттың төркіні мынадай:
«Ассалаумағаләйкум, уа, Мұхаммед ибн Абдулла әл-Мәкки әл-Мәдәни әл-техами! Сен-расында да ақырзаман пайғамбары, он сегіз мың ғаламның Иесі Хақ тағаланың елшісісің! Мына үшбу хатты Әбу Бәкір ибн Әбу Күхафа арқылы өзіңе жолдап отырмын. Осы арқылы саған иланып, иманға келгенімді, саған үммет болып ергенімді жеткізгім келеді. Әбу Бәкір келіп, түсін жорытты. Сол түс бойынша Әбу Бәкір сенің уәзірің кейіннен халифаң болады. Егер мен тірі тұрсам, сенімен бірге Алла жолында әл-дәрменімнің жеткенінше күресуден тартынбаймын. Ал егер оған өмірім жетпесе, онда маған да ақыретте шапағат етуді ұмытпағайсың!».
Әбу Бәкір түсiн жорып берген кісіге қарап:
- Егер түсім дәл осы жорығаныңдай болып шықса , онда менен тағы да жүз динар алашағың бол сын, - деді риза кейіппен.

Әне-міне дегенше Шам сапары да бітіп, Әбу Бәкір Меккеге келді . Арадан он екі жыл өтті. Алла тағала әзірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахи түсірді. Бір күні Әбу Құбайс тауына шыққан Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің пайғамбар екендігін жұртқа жар салып, халықты жансыз пұттарға емес бір ғана Жаратқанға иман етуге шақырды. Төсекте жатқан Әбу Бәкір айтылғандарды ести сала Мекке көшелерінің бірінде ардақты Пайғамбармен жүздесті. Пайғамбарымыз оны Исламға мойынсұнуға шақырды. Әбу Бәкір رضي الله عنه оған:

- Уа, Мұхаммед! Пайғамбар екендігің рас болса, дәлелдеп мұғжизаңды көрсет, – деді. Ардақты Пайғамбарымыз оның көкірегіне қолын қойып, қабырғаға тақаған күйі:
Саған Пайғамбарлығымды дәлелдеген мұғжиза ретінде осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын түс көргенің, оны Ямлиха атты монахқа жорытқаның жетпей ме?! Оған түс жорығаны үшін жалма-жан он екі динар төледің, кейіннен тағы да жүз динар бермек болып уәделестің. Түсті жорып берген кісі он екі сөйлемдік хат жазып қолыңа ұстаттыз Қаласаң тіпті хаттың әр сөзіне дейін айтайын, — деп хатты түгел жіпке тізгендей айна-қатесіз айтып берді. Бұны естігенде оның Пайғамбарлығына зәредей күмәні қалмаған Әбу Бәкір бірден сұқ саусағын аспанға көтеріп:
Ямлиха монах сүйіншілеген Пайғамбар расын да да сен екенсің, «Алла тағаланың жалғыз екендігіне әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне нық сендім», деп бірден мұсылманшылыққа бас иген екен.

https://t.me/tagylymtamshylary


АНАНЫҢ АҚ СҮТІ

Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды. Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар етті. Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты. Алқамә қандай еді?–деп сұрады. Әйел:
–Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны көп тарататын, – деп жауап берді. Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен қойды:
— Сізбен қарым қатынасы қалай еді?
Әйел:
- Іштен шыққан балам ғой деп қанша кешіріммен қарағаныммен, мені ренжітетін кездері көп еді. Оны айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, – деген кезінде, пайғамбар: Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамəні тірідей отқа жағамыз, - деп маңайындағыларға бұйырды.

Ана байғұс бірден жанұшырды:
— Қажеті жоқ. Бадамды жаға көрмеңіз,- деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде: Алла тағаланың о дүниедегі азабы балаңыздың қазіргі тартып жатқан азабынан да қатты болмақ. Егер Алла ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға деген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, – деді. Әйел байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешірген сәтте баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған еді...

https://t.me/tagylymtamshylary


ЖАЗМЫШТАН ОЗМЫШ ЖОҚ.

Бір кісі Сүлеймен пайғамбардың сарайына сәске уақытында есі шыға жүгіріп келіпті. Тығыз шаруасы бар екендігін айтқан ол, Сүлейменмен (алейһиссалам) кездестіруді өтініпті. Дегбірі қашып өңі құп -қу болып кеткен Сүлеймен пайғамбар:
– Жайшылық па? Мұнша неге қорықтың? Себебі не? – деп сұрапты.
Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әліде арыла алмаған кейіпте:
- Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан өңі сұсты Әзірейілді (алейһиссалам) көрдім. Маған тесіле қараған күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ниеттенген секілді, - депті жан-жағына жалтақтап,
Сонда менің не істеуім керек? деп сұрапты өлімнен мұнша қорыққан әлгі бейбаққа көз тастаған патша- пайғамбар Сүлеймен.
Сізден бір көмегіңізді өтінем,-депті сонда әлгі кісі сөзін жалғап,
– Сіз — аң-құс біткеннің тілін білетін, жан-жануар тау-тасқа әмірі жүретін үлкен патшасыз. Қолыңыздан бәрі де келеді. Желге айтып, мені сонау Үндістанға ұшырып апарып жеткізуін бұйырыңызшы, - депті жалына, — мүмкін сол кезде жан алғыш Әзірейіл менен көз жазып қап, өлімнен құтылармын.
Сүлеймен пайғамбар жыламсырап тұрған әлгі адамға жаны ашығандықтан, желді шақырып, оны Үндістанға апарып тастауын бұйырыпты. Жел патша жарлығын екі етпестен құйындатып ала жөнелген күйі жаңағы адамды бірден Үндістандағы жапан бір аралға апарып тастапты. Түске қарай қарамағындағылармен жиналыс құрып отырған Сүлеймен келгендер арасынан Әзірейілді де байқап қалыпты. Бірден қасына шақырып алып:
— Ей , Әзірейіл!
Сəске кезіндегі әлгі бейбақтың жүрегін алып, сонша қорқытқаның не? Неге алайып қарадың? – деп сұрапты.
Сонда Әзірейіл(алейһиссалам):
- Уа, әлемнің баға жет пес патшасы! Мен оған сұс көрсетпедім, тек таңғала қарадым. Өзі қорқып кеткен болар. Мен оның осы жақта жүргеніне таңырқаған едім. Өйткені Алла тағала маған оның жанын бүгін кешке Үндістанға барып алуымды бұйырған-ды. Мен оған қарап тұрып «Бұған жүз қанат бітсе де Үндістанға, әй, бүгін жете алмас» деп таңғалған едім. Таңғалыспен жүзіне тесіле қарағаным да сол болатын, - деп жауап берген екен.
-
Иә , «ажал айдады» деген осы...

https://t.me/tagylymtamshylary


بسم الله الرحمن الرحيم!

6 last posts shown.

45

subscribers
Channel statistics