Әйел табиғаты - толық зерттеліп бітпеген бөлек әлем. «Әйелімді зерттедім, білдім, таныдым» деген адам қателеседі. Себебі, ер адам өмірінің соңына дейін күн сайын әйелінің жаңа бір қырларымен танысып отырады. Кейде әйеліңіз өзіңіз ойлап та көрмеген бір амалдар жасап, сізді риза қылуы немесе өзіңіз мүлдем күтпеген ұсыныстар жасап, сізді таң-тамаша етуі мүмкін. Кейде ойламаған жерден сіз оның ақылдылығына, батылдығына тәнті болып, таңдай қағуыңыз мүмкін. Ер адамдардың өзі көтере алмай, сынып кететін сынақтарды кейбір әйелдердің еш қиындықсыз жеңіп шығатынын да көріп жүрміз. Сондықтан «мен әйелімді білем ғой...» деп ешқашан айтпаңыз. Адамды Алладан артық ешкім тани алмайды...