Кітапқұмар емес📚


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


📍Оқыған кітаптарымды еске түсіру үшін осы жерден қарай саламын.
🪄Өзгелер де кітап оқуға шабыт алып, пайда беріп жатса қуанамын.

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Сүю деген ешкімнен рұқсат алып келмейді, ол тіпті өзіңмен де санаспайды. Сүю - өзгеге тәнің мен жаныңды құл етіп матап беретін тәтті у, сүйкімді жауыз.

Әйел өмірінің тек жеңілістен, кешіруден, жол беруден тұратынын айтып жылады.

Адам бойындағы өз еркімен туып, өз еркімен өлетін жалғыз-ақ азат қасиет - ұнату мен жек көру.

Адамның тамақ ішу мен ұйқыға кететін өмірі оның жарты ғұмырын алады. Кейде маған жер бетіндегі адамдар тамақ ішіп-ішіп, ұйқысын қандырып алып өліп кете салу үшін жаралған сияқты боп көрінеді.

Адамның тұлға болып қалыптасуы үшін оның жаратылыс берген қасиеті аз, ол қасиет араласар ортаңа байланысты. Кіммен дос болсаң, кіммен сырлас болсаң сол деңгейден сен де аса алмайсың.

Әйелге жылаған жарасады. Ол одан жанын тазартады, әйелдің әйел екенін танытады. Мен жыламайтын, жылай білмейтін әйелдерден қорқамын, олар арамдық пен жауыздыққа жақын.

Өзгені көп түсінетін ойшыл адам барлық уақытта бақытты бола бермейді. Олардың өмірі қол фонарьдың батареясы секілді, бар мейірімі мен қайрат-жігерін өзгеге жұмсайды да, өзі, түптеп келгенде энергиясыз қалады. Мүмкін соның өзі бақыт шығар. Жалпы үлкен ұғымнан келгенде. Ал жеке бастың ұғымынан келгенде, білесің бе, жақсы адамдардың басым көпшілігі тіршілікте бақытты бола бермейді. Бір ғажабы - олар мұны бақытсыздық деп ешқашан есептемейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және мынау маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сол.

Адамның болмысын, оны қандай тірлікке бейімі барын көзден тануға болады ғой. Адамның бірінші жауы - екі көзі, ол бәрін айтып тұрады, тек оқи білу керек. Көлбай мен Теңгенің көзінде бір-ақ нәрсе жоқ - ол арамдық. Сол қасиет балаларына көшкен, сол қасиет оларға мирас боп қалады.

Қаратайға тоқтау салып, ақылға келтіретін, ойландыратын да Ғайникамалдың осы байыптылығы, естілігі еді. Және бұл байыптылық пен естіліктің ар жағында шаңырақ пен күйеуге деген әйтеуір бас иді, қара құлшылық емес, жарға деген бір нәзік жылылық, жанашырлық аңғарылушы еді. Қаратай да оны түсінетін, бертін келе әйеліне ешқашан дауыс көтермейтінкөңіліне тиер бір артық сөз айтпайтын болды.
《Бәлкім махаббат деген осы шығар》, - дейтін Бағила өскен соң өзіне-өзі.

Мен келіспейтін ой. Сол кездегі әйелге оқу не керек деген проблеманы жеткізгісі келген болу керек автор:

Көп оқыған әйел өзінің әйел екенін ұмытып кетеді. Ал әйелдің әйелдік қасиетті ұмытуы - адам ретінде жоқ деген сөз. Бағила! (Бөлмесінде күні бойы кітап оқығанынан кейін айтқаны)




Каждый раз осы кісінің сөздерін оқысам ғашық болам дим "уау" деп қалам.


Forward from: 365 new days
Ты несчастен, потому что топчешься на месте, а радость приходит вместе с движением.

Антуан де Сент-Экзюпери


Бұ кісіні оқып көру керек еді


Forward from: Литература
Кто долго жил всепоглощающей любовью, а потом её утратил, иной раз устаёт от своего благородного одиночества. И, смиренно возвращаясь к жизни, находит счастье в самой заурядной привязанности.

Антуан де Сент-Экзюпери
"Планета людей"

✍️ Литература


Өмірді романтизациялау маған жеңіл екен, өмір сүруге жеңіл. Әдеби кітап оқу, музыка тыңдау, дорама көру.


Антуанның
Орхан Памук
Төлен Әбдіктің кітаптарын оқып көру керек.

2024-ке план😂


Forward from: 365 new days
Продвинуться вперед - значит понять, что вопрос, который тебя мучил, потерял смысл.

— Антуан де Сент-Экзюпери «Цитадель»


Қандай кітап оқып жүрсіңдер?


Оқылды:

Махаббат, қызық мол жылдар✅
Қар қызы✅
Сүйекші✅
Кішкентай ханзада (орысша)✅


+100 мың шамасы болатын шығар. Бүгін +1 кітап алдым🤭

Қасым баспасының барлық кітабын оқысам, алсам деген арман бар еді. Келер жылға мақсат етіп қойса болады екен. Немесе әр әдеби кітапты оқыған сайын келесін сатып алсам да болады✅


Forward from: Ұмтылушы
Аналардың ұл балаға қатысты істейтіндері де осы ғой. Қыздарды көбірек жұмсайды. 《Ол ұл ғой》деп қоя салады. Болашақта көп проблема осыдан да шығады...


Forward from: Ұмтылушы
Баланың шаруаға қырсыз, еріншек болып келетінінің тағы бір себебі - ата-анасының балаға дұрыс тәрбие бермеуі. Кішкентай кезінен баланы :《Әй, бұл әлі кішкентай, қолынан келмейді, істей алмайды》, - деп ата-аналары баланы өздері бұзады. Бұл сөз нәпсісіне майдай жаққан бала кейіннен жалқау, шаруаға қырсыз, өзіне өзі сенімсіз болып өседі.

Харекет




Ұзақ уақытқа созылып кетті бұл кітапты бастағаныма. Іш пыстыратын жерлері де болды. Оған қарамастан прям ұнады. Соңы вообще тема аяқталды🔥 9/10

Басқа кітаптарын да көру керек екен🙂.


Ұнады🔥 Современный стильде + сөздерді қалай қолданғанына сындым.


Қатты ұнады дей алмайм.





20 last posts shown.

33

subscribers
Channel statistics