qaiyrly_umbet🕋🌙


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified



Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter






Forward from: Mihrab.kz
🌙 ЗУЛХИДЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІ НЕЛІКТЕН ЕРЕКШЕ?

Міне біз, дініміздегі «әшхурул-хурум» қасиетті төрт айдың соңғысы саналатын саналатын Зулхиджа айындамыз. Зулхиджа айы бiзге iстерiмiздi реттеп, орындалмаған жоспарларымызды iске асыруға және ізгі амалдарымызды толықтыруға үлкен мүмкiншiлiк беретiн ай. Осы жылдың амал кiтабы жабылғанда, күнәларымыздан тазарып, бiраз iзгi амал жинап, тәубесi қабыл болғандардан болу үшiн, бұл айды қолымыздан келгенше толықтай пайдаланып қалуымыз керек.

Зүлхиджа айының алғашқы он күні ең қасиетті деп есептеледі. Оның дәлелі Құранда айқын көрініс табады:

«Он түнімен (ант етемін), жұбымен де, тағымен де». (Фәжр» сүресі, 2-3)

Ибн Аббас, Ибн аз-Зубейр, Муджахид және т.б тәпсір ғалымдары (Алла олардан разы болсын) осы он түнді Зүлхиджа айының алғашқы он түні деп түсіндірген. (Ибн Кәсир тәпсірі)

Сондай-ақ, сахаба Жәбiр (радиаллаһу әнһ) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенiн жеткiзедi:

«Фаджр сүресiнде айтылған он күн — Зүлхиджа айының алғашқы он күнi, тақ күніне Арафа күнi, жұп күнiне деп Айт күнiн жатқызамыз»


Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:

«Алла алдында Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ», — деген. Сахабалар: «Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Алла жолындағы жиһадтан да құнды ма?» – дегендерінде, Пайғамбарымыз «Йә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып, кейін дымсыз қайтқан адамның жиһады өте құнды болады» — деп жауап берген. (Бухари)

Басқа хадисте Ибн Умар (радиаллаһу әнһума) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізді:

«Алланың алдында зүлхиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Бұл күндері таһлилді тәсбихті, тахмидті және тәкбірді көп айтыңдар!»

Ендеше қасиетті он күнді берекелі өткізуді жазғай!

🩸Әзірлеген: @mihrab_kz


Амалдар ниетке байланысты


Ықылас(Қул һуаллаһу ахад...) сүресін оқудың қасиеттері мен құндылықтары (неге ол сүрені оқимыз?аа?🤔)
Такк....Ммм
•🌷Ықылас сүресін оқу ,Құран Кәрімнің 1/3 оқығанмен тең
•🌷Он рет Ықылас сүресін оқыған адамға Жәннаттан бір сарай беріледі(И.Ахмед)
•🌷Таң намазынан кейін 11 рет Ықылас сүресін оқыған адамға Жәннаттан бір сарай беріледі(Хараити)
•🌷Таң намазынан кейін 12 рет Ықылас сүресін оқыған адам, Құран Кәрімді 4 рет хатм еткендей сауапқа қауышады(Бәззар)




Пророк ﷺ сказал:

«лучшая мечеть для женщины – её дом».


***Әр нәрсені уақытылы бағалау керек. Әр сәттен бақытты сезініңіз. Себебі,ол Алла берген нығымет. Кешегі күн қайтіп келмейді,ал бүгінгі күн үлкен мүмкіндік,ертеңгі күні барсыз ба оны да білмейсіз. Бүгін соңғы күніңіз болып жатырғандай өмір сүріңіз😊


«️Егер сен тақуалармен жақсылық жасаудан жарыса алмасаң, күнәhарлармен Алладан кешірім сұраудан жарыс»****


📌📌📌Құран оқуға ерініп тұрсаңыз төмендегілерді еске алыңыз:
●Бір бетін оқысаңыз 5000 мың сауап
●Бір парасын оқысаңыз 100000 мың сауап
●Толық оқысаңыз 3🍋 сауап аласыз🕋🌙


•Кәһф сүресн оқуды ұмытпайық (н/е тыңдауды)




Жұма мұбарак болсын 🤍


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Құран кәрімді хатым еткен адамға алпыс мың періште истиғфар етеді.» (Дәйләми)
«Құран кәрімді хатым еткен адамның дұғасы қабыл болады.» (Табарани, Ибн Хиббан)
«Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі.» (Хатиб)
«Хатым еткен адамның дүние мен ахиреті үшін жасаған дұғасы қабыл болады.» (Бәйһақи)
«Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады.» (Әбу Нуайм)
«Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады.» (Табарани)
«Хатым дұғасы жасалған жерге қатысқан адам, олжа таратылып жатқан жерге қатысқан сияқты болады. (ТАБАРНИ)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Video is unavailable for watching
Show in Telegram

20 last posts shown.

121

subscribers
Channel statistics