Шимайлар 📖🪐


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


сипаты жоқ.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


содан да болар жиі жазбай кеттім. Бір сарынды, сүреңсіз әңгімелерді несіне жаза беремін деймін да)


Forward from: Кофе құмар☕
Соңғы кездері жағдай- Абайдың жиырмасыншы қара сөзі болып жүр)


Қарттар үйіне бардық. Кіре сала сондай бір түсініксіз, ауыр сезім биледі. Ата-анама деген сағыныш тіптен көңілімді босатты. Дегенмен олардың көңілін көтеру үшін барған соң, түрімді жинап алдым да, мейілінше сыр бермей жүрейін дедім. Оларға біздің мүсіркегеніміз емес, мейіріміміз керек ғой. Дастарқанға келе алмаған бір апаға тамақтар алып барғам, ұзақ әңгімелестік. Қолдары жып-жылы жұп-жұмсақ, көздері мейірімге, сағынышқа толып тұрды. Қалай ғана өмір сыйлаған адамын, өмірінен алып тастай салады екен адамдар?.. Немерелерімді сағындым, кейде ғана кездесеміз дейді. Маған қайта-қайта жылы киін, өзіңді күт, бәрі жақсы болады деген сияқты қамқорлығын білдірумен болды. Келіп тұршы, әңгімелесейік дегені, кетерде қимай есікке дейін шығарып салып құшақтаап тұрғаны, "қайтамыз" дегенше қолымнан жібермей отырғаны жүрегіңді қалай елжіретпейді... Бәрі жылы құшақтары мен бетіңнен иіскеп шығарып салады. Бір апамен қоштасып жатсам "балаларың бар ма" дейді, жоқ студентпін десем, "болады ғой бұйырса, бала деген жақсы ғой, солай ма?" дейді. Ананың махаббаты деген осы шығар. Қандай жағдай болмасын, өлмейтін махаббат. Өзін осында көзін жәудіретіп тастап кеткен балаларын есіне алып, сағынып, махаббатпен еске алып отыр. Жанарларынан үзілген моншақ тым ауыр сезім екен💔 Қимай- қимай әзер кеттім🥲


Forward from: amorjet'aime.
жетімсіреп, жаным жылап қалғанда
сені қатты құшақтағым келеді...


Қыркүйектің аяқталуына да аз қалыпты ғой) Айға, жылға есеп жазатындардан емеспін, алайда бұл ай өзіндік ерекшеліктерімен есте қалады. Қаншама жаңа таныстық, жаңа кезең, жаңа бағыттар✨
1 ай оқуда әлі 4 - курс екенімді сезіне, қабылдай алмай жүрмін(тек дипломдық жұмыс еске салады)
Енді ғана студенттік кезеңімнің қызуы басталғандай.
Тағдырыма риза боламын, әйтеуір бір бұрылыста бір бақыт дайын тұрады. Осы айдағы бақыт- Аида апай. Әр сабағында тек сол пәнді емес, өмірлік білім де береді. Каййф кісі✨ Ол кісіні көрсем, өмірге деген құлшынысым артады. Кез- келген ортада "Ақерке саған сенем ғой, болашағыңнан күтетінім көп" деп жігерлендіріп, кейде досым болып сырласып, кейде әпкемдей қолдау білідіріп, мәселелеріме көмектесіп, тіпті "Қозы, сары қызым" деп еркелетіп жүреді 🤍 Көзіңе қарап-ақ ұғына алатын жан.
Өзі сайыстарға да, қайырымдылыққа да мені шақырып, жетелеп жүр. Үйге деген сағыныштан құлазығанда сол кісі ерекше демеу✨

Өміріңде бір сондай көзінен мейірім, жүзінен жылулық, сөзінен адамдық сезіліп тұратын жан болса бақыт екен ғой. Мен де барынша біреуге сәл де болса, жақсылық, жылулық, мейірім сыйлай алатындай адам болуға тырысып жүрмін🤍
Сендерге де айтарым, біреудің бақытты сәтінің кішкентай бір бөлігі бола алсаң, сол да үлкен бақыт, қуаныш(Оны мен Арнаттың туған күнінде ерекше сезіндім, түсіндім)

Соол, соны айта салайын деп)


вахтёрша тәтеден термометр сұрап барғам, " ауырып тұрсың ба, құлыным, дәрі берейін бе, дәрілерің болмаса маған кел" дейді мамамды сағынып жүргенде бұның өзі ерекше жылулық екен ғой✨🫂


Forward from: biroiym
Бәрін тастап, театрға барғым келіп жатыр, ал
или тауға)


Forward from: Куә бол, жұлдыз!
Осы күздің вайбы Ғазизхан әнінде. Мен сені саааағындым.


сөйлесуді жақсы көремін, бірақ, телефонмен емес.
жазуды жақсы көремін, қағазға емес)


Бұрыннан бергінің бәрі бұрынғыдай сүйікті, қызықты, ыңғайлы емес. Бұрын ұнаған иіс те, әуен де, өлең де, адам да, мінез де, киім де, көзқарас та, кітап та, тамақ та, тәтті де қазір тартпайды. Мейілінше үнсіздікте, жалғыздықта, тыныштықта, еркіндікте қала бергім келеді.
Жаның ұйқыда, тәнің өмірде жүргендей. Әлде, басқа себеп пе? Өзгеріс пе?..)


Жазға да, тағдырға да, оларға да, күзге де, түнге де, ойларға да, көз жасыма да, сезімдеріме де еш өкпем жоқ. Кінәлі болса, бір өзім. Өзгелерді өзімдей көретінім, жақыныма жанымдай сенетінім, кей сәттерде "өзімді" емес, өзгені өктем ететінім, менікіндей көңіл күтетінім, түнге ойды серік қылатыным, бәрі- бәрі өзімнен. Соңы баяғы өзгелер салған, өзімде қалар мұң ізі. Көңілімнің гүлі солар, сенімімнің теңізі сарқылар, жаным жабырқар... Мен бұл күйді қашаннан бері сеземін білмеймін, әйтеуір қазір үйреншікті болып кеткенін, сарылып, сабылып жүріп, оңаларын білемін. Оңалар ма, әлде, оңалғандай болар ма? Алдамшы үміт, беймәлім нәтиже...) Мен өзіме мұңды серік еткенде, достық жолда үзілгендей. Ендігі жолдас- үнсіз, ізсіз жұлмалайтын көп ойлар.

Ешкімге ашылмайтын, ашқың да келмейтін кей тараулар бар, көрінбей жүріп, көңілдің тауын қиратар.

Солаай, жарқыным. Түсінбессің, түсінуге тырыспассың, тиіс те емессің... Бұл жай, бір бейбақтың жан сыбыры)


"келмей ме қасымнан табылғың?"


Мен көп күткен күз де келді🍁
Жазға қимастық болмады биыл. Тамыздың бірнеше аптасы ғана "осы жазым" сияқты. Сондықтан күзді аңсадым...


Forward from: ShaiQor☕️
жаным бір сәулені аңсайды...🌻


"Жалғыз қалып жапанда алабөтен бір күйді
сен де бір кез кештің бе
Дерегі жоқ жел сөздер
қажытқанда жаныңды айта алмай ешкімге?


"Сенің маған қоңыр көзің ұнайтын" 🤎


©Нұртай




"Өмір емес, өлеңге кетті айналып,
Бізді бір кез бақытты қылған шақтар..."

© Айжан Тәбәрәк 💚


Айжан Тәбәрәкқызымен кездестім ғой💘✨
Кааааайф кісі😇



Сенің кінәң жоқ еді, кінә менде,
Сүйе алмаған ешкімді бұл әлемде.

“Сүйе алмадым” деймін ғой, сүйдім бе екен?
Мәнін ұқпай қалдым ба күйдің бөтен...

Көңіл суық сөздерге көнгенімен,
Жек көрмеген шығармын пендені мен...

Бәлкім, маған өзің де таң қаласың,
Сағынбадым дәл сендей жан баласын.

"Сағынбадым" дегенім сәл өтірік,
Білмеймін не деуді ақын бола тұрып.

Білмеймін, қалай жақсы көрем сені,
Жан да емессің көңілді, зор еңселі.

Әңгімеңді тыңдаймын сонда да мен,
Ішіме түсініксіз орнап әлем.

"Сүйемін" дейтінің де бар еді ғой,
Осы бір сөзің ғана әдемі ғой...

Сенің кінәң жоқ еді, менде кінә,
"Суықсың" деп жазғырды ел де мына.

Мінезін байқатады үйдегі зат,
Олар да өкпелеуді үйреніп ап.

Бір кездері едім ғой бала ғашық,
Бұл күндері жүрмін бе мен адасып?

Қайта-қайта жаңғырар осы есімде,
Жаяу жүрсем өткеннің көшесінде.

Іште қалды сырымның көбі ашылмай,
“Мен бір жұмбақ адаммын” дәл осындай.

Не деймін, кешірерсің "кінәм" үшін,
Тәңірді де кеше сал сынағы үшін,
Жауапсыз қалып қойған дұғаң үшін...

© Arailym Muratalieva

20 last posts shown.

200

subscribers
Channel statistics