Қандай шығыстар мен қандай кірістерді жоспарлауға болады?ТБП-ны жөндеуге және жарақтандыруға сізде шамамен 4 500 000 ₸ кетеді. Бұл ретте, егер кіреберісті ауыстыру қажет болса немесе оны фирмалық стильде, айқын және көзге түсетіндей етіп жасауға мүмкіндік болса, біз оған жұмсалған шығындардың 500 000 ₸-ден асқан сомасын өтеп береміз.
Біз өтейтін шығындар — бұл төмендегі барлық ай сайынғы шығындар:• ТБП жұмысы басталған сәттен бастап коммуналдық төлемдер және үй-жайларды жалға алу құны;
• әкімшілердің жалақысы, оқуы және тестілеуі;
• кеңсе тауарлары, шығын материалдары және промо-материалдар;
• байланыс пен Интернет ақысы.
• шығындар асып кеткен жағдайдағы салық төлемдерін өтеу
Егер сіздің меншігіңізде ТБП-ға қолайлы үй-жайыңыз бар болса, біз оны басқа біреуге жалға бергендей оның құнын нарықтық бағамен төлейміз. Серіктестер сыйақысы:Бір ТБП сізге айына 125 000-нан 375 000 ₸-ге дейін табыс әкеледі: тапсырыстар саны көбейген сайын сіздің табысыңыз да өседі. Толық есептеуді біздің білім базамыздан қараңыз:
docs.teez.kzАртқа | Әрі Қарай