ІЛІМ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТУ
Имам Газали (рah.) былай деген:
Ілімге талаптанушыға жүктелер ең маңызды міндет нәпсін жаман ахлақтан тазалау. Ілім дегеніміз, жүректің ғибадаты. Намаз үшін денемізді қалай тазаласақ, яғни дәрет алу қандай шарт болса, жүректің ғибадаты ілім үшін де жүректің жаман ахлақтан таза болуы шарт. Хадисте “Дін тазалық үстіне құрылған” дейді. Tазалық сырттай болғаны секілді, іштей де болады. Ішкі кірден, яғни жаман ахлақтан рухани тазару қажет.
Eгер ‘Қаншама жаман ахлақты адамдар да ілім оқып жүр ғой?-десең; айтарым: Oлар үйреніп жүрген ілім мәңгілік бақытқа жеткізетін шынайы ілім емес. Өйткені жүректе шынайы ілімнің нұры пайда болғанда, ол жүрек иесінің ахлақы сөзсіз көркейеді. Ілімнің ең төменгі дәрежесі күнәлар мен жаман мінездің адамның мәңгілік өмірін құртатын нағыз зәр екенін білу және түсіну. Есі дұрыс адам біле тұра зәр іше ме? Міне, сол себепті хадисте “Кімнің ілімі артқанмен хидаяты артпаса, бір Алладан алыстауы артады” дейді.
Мән беретін тағы бір мәселе ілім мен ілім әһліне қарсы кеуде кермеу. Ілім меңгеруде кішіпейілділік шарт. Шәкірт ұстазына қарсы келмеуге тиіс, ақыл-насихатын тыңдап, ден қоя түсінуі керек.
Ілім талапкерінің тағы бір міндеті ілімі үйрену кезінде дүнияуи қызығушылығын мүмкіндігінше шектеу. Өйткені бұлар жүректе орын алып ілім үйренудің пайдасын кемітеді. “Aлла бірде-бір адамның көкірек қуысында (біреуімен Аллаға, екіншісімен өзгелерге иман етіп, құлдық ұрсын, деп) екі бірдей жүрек жаратпаған” (Aхзаб сүресі, аят 4) дейді. Зейін басқа нәрселерге бөлінген сайын ақиқатты ұғынудан қалады. Сол үшін ‘Сен ілімге өзіңді толық бермейінше ілім саған қоймасын ашпайды’ деген.
Ілім оқушының талабы Алла Тағаланың ризашылығын иелену болуға тиіс. Мақсат билік пен байлық ұмтылыс, мақтан және ғалымдармен диспут болмауы керек. Алланың дініне қызмет ету үшін ілім қуған адам –сауап тұрғысынан- жихад жолындағы ғазилерге тең. Солай ілім ізденуші адам ілімнен пайда көреді, дүниеде және ақыретте дәрежесі биік болады.