Белгісіз галактика


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


Әлемдегі ең алып түрме - ақымақ адамның бас сүйегі...

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Ұрықтастар

Миллиондаған ұрықтастарыммен таласып, мына өмірге не үшін асықтым екен?! Қазір олар қайда? Солардың алдына шығарып, мына өмірге құмарымды тудырған қандай күш? Әлде, жәй ғана осылай болды ма?

Ұрықтастарым менен "жеңілгеннен" кейін, басқа жатырда таластарын жалғатырама екен? Көпшілік, "миллиондаған адамға" тек бір мүмкіндікті бөліп беру қисынсыз ғой...

Өмірімде арсыздау, өмірге құныққан біреуді көрсем, сол қаншама мүмкіндіктен кейін ғана сәттілік жолдас болған ұрық секілді болып көрініп тұрады, өзіме.

Әрине, бұған ғылым жауап тапқандай болады. Дінде, ғылымда сенетін адамдар үшін. Ал менің көп нәрсеге сеңгім келмейді. Мүмкін, сол сенімсіздігім миллиондаған ұрықтастарымның алдына шығарған шығар?! Жәй ғана өз көзіммен өмірді көргім келгендіктен...

Менімен таласта ұтылған ұрықтастарыма басқа мүмкіндік берілмейтін болса, мен барлығыңан кешірім сұраймын! Сендерді артқа тастап, талпынып шыққанымен сендердің алдың болатындай өмір сүрмедім. Мүмкін, іштеріңде менен пайдалырақ, менен жақсырақ біреуің болған шығарсыңдар?
Басқа жатырдағы бәйгеде, мені шан қаптырған біреуі, осыны оқып отыруы мүмкінғой....
#шайқалу #ХС


Шыны Құдай
...Расымен мен адасқан шығармын... Діндар - Құдайдан зорығып жұмақ дәм етеді. Атеист - оны мойындамайды. Ақын - өлеңнен Құдай жасап әлек. Сопы - өз мұңының зарын, «Құдай» деп, ұғатындай. Деист - дін мен пайғамбарлардың қателігін тізіп әлек. Агностик - Құдайға емес тылсымға сенетіндей. Пантеист - Құдай туралы ойласада, сеніңкіремейді.
Атеист, пантеист, агностик, деист ешбірі Құдайды нақты сипаттамайды. Ал дін, Құдайдың болмысын сипаттап, ол туралы шығарма жазып тастаған. Осы шығарманың арқасында «сенбейтіндер» пайда болды. Бірақ, Құдайды бар болғаны үшін жақсы көретін адам барма?...
Жә, әңгіме ол жайында емес. Мен өткенде айнада Құдаймен жолықтым:
- Құдай хәліңіз қалай?
- Жаман
- Неліктен?
- Айнаның ішінде зерігіп кеттім. Және сенің рөліңді мұның ішінді ойнау, тіпті іш пыстырады.
- Кешірерсіз, меніңде өмірде оңып, қызықты ғұмыр кешіп жүргенім шамалы.
- Айтасың-ау! Сен бүгін тым құрығанда, бір бойжеткенмен жолығып немесе досыңмен сөйлесіп қайтуға мүмкіндігін бар. Тәндік еркіндік бар. Ал менің, сені айнаға жолығар сәтті күтуіме, сығалауыма тура келеді.
- Сонда, бос уақытта не істейсіздер?
- Бізде уақыт жоқ! Тек кеңістік бар. Қара түнек ішінде, тілдесеміз.
- Не жайында?
- Рөлімізге байланысты.
- Мысалы, қазір не жайлы тілдесесіз?
- Біз қазір бұрыңғы сомдаған рөліміздің авторы жайлы айтамыз.
- Сіздің бұрын сомдаған рөліңіздің иесі, жақсы адам болды ма?
- Білмедім! Әйтеуір айнаның алдында қиянат жасап көрмепті...
- Құдай, сіз неден жаратылдыңыз?
- Айна ішіндегі «уағызшылар», «Анаң күмістен, Әкең шыныдан» - дейді. Бірақ, мен өзімнің материядан жаратылғаныма сенемін.
- Неге?
- Мен Құдаймын! Менің айнадан жаратылуым мүмкін емес.
- Неге онда оның ішіндесіз?
- Басқа қайда болам? Маған лайық басқа жерді білесіз бе?
- Жоқ!
- Менде таппадым!
- Құдай, меніме серттесуге қалайсыз?
Әрине, дайынмын!
- Онда мен сізге аманат айтсам болама?
- Жо-жоқ, мені ібіліспен шатастырма...
#шайқалу #ХС


Пантомима
Музыка шынымен барма? Білмедім, бірақ үйлесім тапқан, құлаққа жағымды дыбыстың бәрін солай атауды шештік.
Ал суреттер ше? Біз оны шынымен көреміз бе? Сіз, картинаға қарап тұрғанда, суреттің боялған сәтіндегі дыбысты естідіңіз бе? Мүмкін, жәй көргенде жеткілікті шығар?! Шопеннің не Моцарттың музыка жазу процессіндегі, қиялдарына қондырған, елестеткен картинаны көре алдыңыз ба? Мүмкін, жәй тыңдағанда жеткілікті шығар?! Сәл үнсіздіктен кейін түсінесіз...
Негізі күн мен түн үнсіз ауысадығой!? Біз, неге шулаймыз? Арыстан жемтігін аларда барынша үнсіз, тыныш болуға тырысады. Жемтігін тек дыбыс құтқарады. Сонда біз кімбіз? Біз үнсіз қалып көрмедік. Соғысып қанша шуладық, басқалар біздің тынышталғанымызды күтуі мүмкінғой. Қоңыраулармен азандарда берекетті алады. Үнсіздік бізді кешір...
Құдайдың да үнсіздігін ұрладық. Біз оны өз тілімізді сөйлетеміз деп жүріп, Құдайдың орнына сөйлеп қойғанымызды аңғармадық. Орнына емес, атынан сөйледік. Бірақ, оған «Құдай» - деген, атауды берген - біз.
Біз - галактика үшін пантомима өкілі секілдіміз. Жер - ішкі бұлқынысын тежей алмаған, өнерге ғашық актер. Қалғандары көрермен. Тек олар оны - кемталант, есуас көреді. Сол үшін араласпайды.
Галактикалық пантомимада жезөкше - Ай. Жердің серігі бірақ, аналар жақ...
#шайқалу


Эволюция туралы дау...
........... Даудың неден басталғанын білмеймін бірақ, дауымыз эволюцияға келіп тірелді.
Мен одан сұрадым:
- Сонда сен адамды құмыра сияқты, қыштан жасады дегенге сенесің бе?
Ол: - Әрине!
Мен: - Менімше ол ғылыми теорияны сәтсіз қорытқан, өзінен пұт жасағысы келген адамның сандырағы ғана.
Ол: - Қалай?
Мен: - Мысала, эволюцияда бір бактериядан тіршілік бастау алады. Яғни бір бактериядан екінші бактерия бөлініп шығады, екеуден төртеу, төртеуден сегіз, солай көбейіп кете береді. Бастапқыдағы біріншіден екіншінің бөлініп шыққан процесті ол, қабырғасынан әйел жаратылды деп шатпақтап жүр. Адамның қыштан жаратылуы ең бірінші Бабыл мифологиясында жолығады. Сол мифологияны растайтын қыш дәптерлер жоғалысымен, жойылысымен «Қасиетті кітаптар» шыға бастады. Бәрінде бірдей адам қыштан жасалған делінеді. Енді неге топырақ десең, ғылымда бактерия жерге басқа жұлдыздардан келген делінеді. «Еркек Марстан, әйел Шолпаннан келді» - деген, бір қышқыл сөз бар. Яғни галактикадағы «жұлдыздар шеруі» кезінде жерге құлаған метеориттермен келген.
Енді менде логикалық сұрақ туындайды?! Денесінің 75% судан құралған оргонизмнің қалай топырақтан жаралуы мүмкін?
Ол: - Құдірет деген шексізғой.
Мен: -Шексіздік ешқандай құдыретке бағынбайды. Галактикада тек қозғалыс процессі бар.
Ол: - Сонда сен, маймылдан тарадық дегенге сенесің бе?
Мен: - Әрине!
Ол: - Ал онда неге, қазіргі маймылдар адамға айналып кетпейді?
Мен: - Мысалы, кәдімгі жерде жорғалаушы құртты алайық. Ылғалда жүретін құрт бар, сосын жауынқұрт бар түрлері көп қой. Енді ішінде жұлдыз құрт деген түрі бар. Ол көбелекке айналады, оның эволюциясының шегі сол. Қордадан шыққан құртты неге көбелек болмайды деу ақымақтық қой?! Немесе жапырақ кеміргіш құрттан, сен неге жібек құрт секілді жіп иірмейсің десең, күлкіліғой. Яғни олар тектес құрт болғанымен, айырмашылықтары өте көп. Сол секілді, біз маймыл тектес, тек басқа ойлана алатын сортымыз...
#шайқалу


- Неге бәрі жылайды? Сізді сонда осынша жақсы көреді ме?
- Білмедім! Мүмкін, мен енді ешкімге кедергі жасамай тыныш жататыныма жылайтын шығар?!....
- Мына салтанатты рәсімді қараңызшы, сізді шынымен қимайтын сияқты?!
- Бізге бәрі-бір! Жаназа, мәйітті рәсімдеп көму, тек тірілер үшін!...
- Сонда, сіздер қайдасыздар?!
- Дәл қазір, санаңдамын...
- Мен неге сіз туралы ойладым?! Және сіз қалай маған жауап бересіз?
- Сен ойлаған жоқсың, іздедің! Мен жауап берген жоқпын! Сен тек дайын жауаптарға сұрақ іздедің...
- Сонда, мен ол жауаптарды қайдан білем?
- Дүниеге келген сәтің есіңде ме?
- Жоқ!
- Сен дүниеге жауаптарды біліп келген соң, жылағансың. Адамдар сені жұбатты, сендірді. Иә, олар сені өмірге көндірді!
- Мен неге ол жауаптарды ұмыттым?!
- Сен ұмытқан жоқсың, тек еске алғың келмейді...
- Неге?.......
- Қайдасыз?....
#шайқалу

5 last posts shown.

20

subscribers
Channel statistics