Ұрықтастар
Миллиондаған ұрықтастарыммен таласып, мына өмірге не үшін асықтым екен?! Қазір олар қайда? Солардың алдына шығарып, мына өмірге құмарымды тудырған қандай күш? Әлде, жәй ғана осылай болды ма?
Ұрықтастарым менен "жеңілгеннен" кейін, басқа жатырда таластарын жалғатырама екен? Көпшілік, "миллиондаған адамға" тек бір мүмкіндікті бөліп беру қисынсыз ғой...
Өмірімде арсыздау, өмірге құныққан біреуді көрсем, сол қаншама мүмкіндіктен кейін ғана сәттілік жолдас болған ұрық секілді болып көрініп тұрады, өзіме.
Әрине, бұған ғылым жауап тапқандай болады. Дінде, ғылымда сенетін адамдар үшін. Ал менің көп нәрсеге сеңгім келмейді. Мүмкін, сол сенімсіздігім миллиондаған ұрықтастарымның алдына шығарған шығар?! Жәй ғана өз көзіммен өмірді көргім келгендіктен...
Менімен таласта ұтылған ұрықтастарыма басқа мүмкіндік берілмейтін болса, мен барлығыңан кешірім сұраймын! Сендерді артқа тастап, талпынып шыққанымен сендердің алдың болатындай өмір сүрмедім. Мүмкін, іштеріңде менен пайдалырақ, менен жақсырақ біреуің болған шығарсыңдар?
Басқа жатырдағы бәйгеде, мені шан қаптырған біреуі, осыны оқып отыруы мүмкінғой....
#шайқалу #ХС