Пантомима
Музыка шынымен барма? Білмедім, бірақ үйлесім тапқан, құлаққа жағымды дыбыстың бәрін солай атауды шештік.
Ал суреттер ше? Біз оны шынымен көреміз бе? Сіз, картинаға қарап тұрғанда, суреттің боялған сәтіндегі дыбысты естідіңіз бе? Мүмкін, жәй көргенде жеткілікті шығар?! Шопеннің не Моцарттың музыка жазу процессіндегі, қиялдарына қондырған, елестеткен картинаны көре алдыңыз ба? Мүмкін, жәй тыңдағанда жеткілікті шығар?! Сәл үнсіздіктен кейін түсінесіз...
Негізі күн мен түн үнсіз ауысадығой!? Біз, неге шулаймыз? Арыстан жемтігін аларда барынша үнсіз, тыныш болуға тырысады. Жемтігін тек дыбыс құтқарады. Сонда біз кімбіз? Біз үнсіз қалып көрмедік. Соғысып қанша шуладық, басқалар біздің тынышталғанымызды күтуі мүмкінғой. Қоңыраулармен азандарда берекетті алады. Үнсіздік бізді кешір...
Құдайдың да үнсіздігін ұрладық. Біз оны өз тілімізді сөйлетеміз деп жүріп, Құдайдың орнына сөйлеп қойғанымызды аңғармадық. Орнына емес, атынан сөйледік. Бірақ, оған «Құдай» - деген, атауды берген - біз.
Біз - галактика үшін пантомима өкілі секілдіміз. Жер - ішкі бұлқынысын тежей алмаған, өнерге ғашық актер. Қалғандары көрермен. Тек олар оны - кемталант, есуас көреді. Сол үшін араласпайды.
Галактикалық пантомимада жезөкше - Ай. Жердің серігі бірақ, аналар жақ...
#шайқалу