Birzhan 🫀


Channel's geo and language: not specified, not specified
Category: not specified


" Әрбір мұсылманға ілім алу парыз "

Related channels

Channel's geo and language
not specified, not specified
Category
not specified
Statistics
Posts filter


Forward from: Birzhan 🫀
Алла тағала былай дейді: “Ал, Раббысын көрмесе де, Оған тиісінше тағзым етіп, Одан лайықты түрде именетіндерге тосын кешірім мен үлкен сый бар”. (Мүлік сүресі, 12-аят.)


Бір ғалымға Жұма мүбәрәк болсын дедім. Ол жұма онсызда мүбәрәк деді. Сосын онда қайырлы болсын дедім. Ғалым онсызда қайырлы деді. Сосн онда не деп айтайық? дедім. Қасиетті жұманың берекеті мен қайыры бізге болсын деп айт деді.
Қасиетті Жұманың берекеті мен қайыры бізге болсын ✨✨✨🤲




БАРАТ ТҮНІНДЕ ҒИБАДАТ
Қасиетті Шағбан айының он бесінші түні – Барат түні. Бұл түнде ең болмағанда, бір тәсбих намазы оқылады. Барат түнінде оқуға кеңес берілген «қажет намазы» бар. 100 ракағаттық бұл намазды оқыған жан сол жылы қайтыс болса, шейіт дәрежесіне жетеді. Намазға былай ниет етеді: 
«Уа, Раббым, сенің ризашылығың үшін намазға ниет еттім. Мені илаһи кешіріміңе, илаһи берекеңе бөлей көр. Тас жүректен, дүние мен ақыреттің азабынан құтқарып, жұмақтықтардың дәптеріне тірке. Аллаһу Әкбар».
Әр ракағатта «Фатихадан» соң 10 рет «Ықылас» сүресі оқылады. Екі ракағатта бір сәлем беріліп, 100 ракағатта аяқталады.
Намаздан кейін (Алла Тағаланың; «Һу» есімінің әбжад есебі бойынша мәні 11 және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір есімі, «Tаһаның» әбжад есебі бойынша мәні 14 болғандықтан) төмендегі 11 дұға 14 реттен оқылады. 
1. Истиғфар: 14 рет,
2. Салауат: 14 рет,
3. «Фатиха» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет,
4. «Аят үл-Күрси»: (Бисмилләмен) 14 рет,
5. «Тәуба» сүресінің соңғы 2 аяты; «Ләқад жәә әкүм...» (Бисмилләмен): 14 рет,
6. 14 рет  «Ясин, Ясин...» деген соң 1 рет «Ясин» сүресі. («Ясин» сүресінде 7 сыртқы, 7 ішкі «мүбин» бар, осылайша ол да 14 болады.)
7. «Ықылас» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет,
8. «Фәлақ» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет,
9. «Нас» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет,
10. «Субхәнаналлаһи уәл-хамду лил-ләәһи уә ләә иләәһә илләллааһу уәллаһү әкбар уә ләә хаулә, уә ләә қууәтә, ил-ләә бил-ләәһил-aлийл-aзыйм»: 14 рет,
11. Салауат («Салат мүнжияны» оқыған жақсы): 14 рет оқылып, дұға жасалады. («Қасиетті күн мен түнде жасалатын ғибадаттар» кітабынан)


Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Шағбан айының он бесінші (яғни Бараат) түні болған кезде түнін ғибадатпен өткізіп, күндіз ораза ұста”. (Сүнән Ибн Мажә)


Тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🤲


Жұма мүбәрәк болсын ✨🤲


Қалайсыздар?


Ассаляму ьалейкум уа рахматуллаһи уә барокатуһу


Күнамызды еске алып, Алладан оларды кешіруін сұрап жүрмізба? Бір күні мұндай мүмкіндіктен айырыласыз!


Түсіңізде Алла Елшісін (ﷺ) көргіңіз келе ма?
05 ақпан, 2016 жыл 14929
Ахмад бин Ханбал мен Бұхаридің хадистер жинағында Әнас бин Мәликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мені түсінде көрсе, оның түсі шынайы, себебі, шайтан менің кейпіме ене алмайды», – дейді. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Кім мені көрсе, ояу кезінде көргендей болады», – дейді Алла Елшісі (ﷺ).

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көрінуі, адамның рухани кемелдігіне байланысты. Салиқалы, тақуа, ізгі құлдар Пайғамбарымыздың нұрын анық көреді.

Әлемнің нұры болған Пайғамбарымызды түсінде көргісі келген адам өзінің бұл қалауын жан тәнімен сезіне білуі қажет, Алладан қорқатын құлдардан болуы керек, сондай-ақ Жаратушы Иенің әмірін бұлжытпай орындауы және тыйым салынған нәрседен аулақ жүруі тиіс.

Юсуф Набхани былай деп жазады: «Мен Алла елшісін (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) түсімде бір көруді қатты қаладым және ол үшін «Ықылас» сүресін 3000 рет оқып, Жаратушыға дұға еттім. Мен Оны түсімде асқақ, ұлы күйінде көрдім, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын».

«Хадаик ул-Әкбар» және Абдулқадыр Гейләнидің «Гунья» атты еңбегінде Абу Хурайрадан (Алла оларға разы болсын) жеткен Алла елшісінің мына бір хадисі келтірілген: «Кімде-кім жұмаға қараған түні екі рәкағат нәпіл намаз оқып, әр рәкағатында «Фатиха» сүресін, Аятул-Күрси сосын 15 рет Ықылас сүресін оқып, сәлем бергеннен кейін мың рет «Аллаһумма салли ‘аля Мұхаммадин Нәбийюль-Уммии» деп айтса, келесі жұмаға дейін мені түсінде көретін болады. Мені көргенде жәннатқа лайық болып, күнәлары кешіріледі» деген. Бұл хадис Тәзкират уль-Мұстафа кітабында да жазылып, тәжірибе жүзінде жасалғаны айтылған.

Сонымен қатар, ұйықтар алдында дәрет алып, дұға етіп жатуы маңызды.


Бір сәт ойланып көріңізші, ертең бұл фәниден кетесің десе. Қайтер едіңіз?
Әрине барынша осыған дейін жасамаған құлшылық ғибадаттар, намаз барлығын өліп талып 1 секундты зая кетірмей соны жасар едіңіз. Ал ертең сіздің тірі болатыныңызға кім кепіл?


Басыңды көтер, көзіңді аш. Айнала не болып жатырғанын. Бұл дүние де қартаяды. Оныңда соңы бар)
Бірақ жәннаттың соңы жоқ ол мәңгілік✨✨
Ал осылай жүре берсек жәннат түгілі иісі мұрнымызға бармайд


Алдамшы өмірдің уақытша ләззатына қашанғы алданып жүре береміз!?


Күніне 5 уақыт шақырады Аллаһтың алдына. Шақырған кезде ойланбаймызба? Бұл намаздың парыз екенін. Аллаһ осыны жаса деп жатыр. Бірақ жасамаймыз.. Аллаһтың сөзіне қарсы шыққанымызба? 😔


✨😍🥰


Алла тағала былай дейді: “Ал, Раббысын көрмесе де, Оған тиісінше тағзым етіп, Одан лайықты түрде именетіндерге тосын кешірім мен үлкен сый бар”. (Мүлік сүресі, 12-аят.)


Қандай да бір күнаны жасай берсең ол жүрегіңе кіріп кетеді. Сосын күна емес сияқты жасай бересің. 😢🥲


Сондай бір пасық адамдар бар
Пасық адам деген күналарды смело жасай беретіндер! 🤬


Уақыт қадірі
Әдемі сағат таңдайсың
Көресің,ұстап әрқайсысын
Он сағат сатып алсаңда
Уақытты сатып алмайсың

Ойлама,бәрін білем деп
Шалқыпта өмір сүрем деп
Уақытың алтын қазынаң
Жұмсауың керек үнемдеп

20 last posts shown.

142

subscribers
Channel statistics