KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


⚽️ “Реал Мадрид” жартылай финалға жолдама алды

Чемпиондар лигасы, ширек финал, қарымта матч.

Ман Сити 1 – 1 Реал (пенальти сериясы — 3:4)

🥅 Голдар:
76’ Де Брюйне — 13’ Родриго

• Жартылай финалда Бавария мен Реал Мадрид күш сынасады.

t.me/kaznurkz


🇰🇿 Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтап, Қазақстан командалық есепте топ-25 елдің қатарына енді.

Қазір Қазақстан қоржынында Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының 33 лицензиясы бар.

t.me/kaznurkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
"Барлық шотымды, бар затымды балаларыма қалдырамын": сотта Бишімбаевтың "өсиеті" туралы айтылды

Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың ұялы телефоны тексерілді.

Прокурор телефоннан Байжанов Бишімбаевтың "өсиеті" деп атаған видеоны тапты.

Видеожазба қосылғанда Бишімбаевтікіне ұқсас дауыспен ер адамның "Барлық шотымды, бағалы заттарымды балаларыма қалдырамын, соларға беремін, Назымға (Бишімбаевтың бұрынғы әйелі – ред.) және балаларым – Мансұр, Кәрім және Ранияға" деген даусы естілді.

Судья Байжановтан "Бұл видеоны Бишімбаев түсір деп өтінді ме?" деп сұрады. Байжанов "иә" деп жауап берді.

t.me/kaznurkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде жапан далада қалған 9 адам құтқарылды

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды тікұшақпен құтқарды. Олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған.

Жергілікті адамдар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен ол суға батып кеткен. Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен олар әупірімдеп мұнараға жеткен.

Қазіргі уақытта отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.

t.me/kaznurkz


🔝 Қазақстандық балуан әлемдік рейтингте көш бастады

🇰🇿 Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанғаннан кейін еркін күрестен 86 келі бойынша рейтингте 1-орында:

1️⃣🇰🇿Азамат Дәулетбеков – 52400 ұпай
2️⃣ 🇺🇸 Дэвид Тейлор – 45000
3️⃣ 🇸🇲 Майлс Назем – 44000
4️⃣ 🇮🇳 Хасан Яздани – 37000
5️⃣ 🇺🇿 Джабраил Шапиев – 33000

t.me/kaznurkz


⚡️ "Қазақ тілді контент көбейеді": Қазақстанда "Масс-медиа туралы" заңға өзгеріс енеді

2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс. Бұл талап "Масс-медиа туралы" заңға енгізіледі.

Шетелдік теле-, радиоарналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле-, радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі.

t.me/kaznurkz


🛵 Қазақстанда мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушыларымен теңестіріледі

Мәжіліс "Жол жүрісі туралы" заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

🔗 Толығырақ материалымыздан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚡️ Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді.

Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.

t.me/kaznurkz


"Бар жиған-тергеніміз": тасқын судан үрейленген атыраулықтар үйлерін целлофанмен қаптап жатыр

Үйлерін су шайып кетеді деп қауіптенген атыраулықтар баспанасын аман алып қалудың амалын жасап жатыр. Жайық өзеніне жақын орналасқан ықшам аудандардың тұрғындары үйлерін полиэтилен пакетпен қаптаса, кейбірі қапшыққа құм толтырып бөгет жасап қойған.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚽️ “ПСЖ” футбол клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

• Ширек финал, қарымта матч:

Барселона 1 – 4 ПСЖ

🥅 Голдар:
12’ Рафинья — 40’ Дембеле, 54’ Витинья, 61’ (п), 89’ Мбаппе

🟥 Қызыл қағаз: 29’ Араухо

t.me/kaznurkz


🤼 Күрес түрлерінен Бішкектегі Азия чемпионаты мәресіне жетті

Қазақстандық балуандар екі алтынға қол жеткізді.

Еркін күрес:

🥇Азамат Дәулетбеков (86 кг)
🥈Асыл Айтақын (61 кг)
🥈Ризабек Айтмұхан (97 кг)
🥉Мейрамбек Қартбай (57 кг)

Әйелдер күресі:

🥉Лаура Алмағанбетова (57 кг)
🥉Диана Каюмова (59 кг)
🥉Анастасия Панасович (72 кг)
🥉Эльмира Сыздықова (76 кг)

Грек-рим күресі:

🥇Ержет Жарылқасын (63 кг)
🥈Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг)
🥈Юсуф Мациев (97 кг)
🥉Ибрагим Магомадов (77 кг).

t.me/kaznurkz


"Былтырғыдан да қатты болады": аграрлық сала сарапшысы биыл жазда шаруаларды не күтіп тұрғанын болжады

Аграрлық сала сарапшысы, журналист Кирилл Павлов биыл Қазақстанда құрғақшылық былтырғыдан да қатты болады деп болжап отыр. Оның айтуынша, құрғақшылықтан еліміздің барлық өңірі зардап шегеді, сондай-ақ егістікті шегіртке басады.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚡️ Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті

Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, халықтың бірлігі осындай қиын кезеңде айқын көрінетінін атап өтті.

"Мен сіздермен жүздесу үшін арнайы келдім. Жағдайдың күрделі екенін түсінемін. Мемлекеттің барлық ресурсы осы мәселені шешуге бағытталып жатыр. Президент ретіндегі менің басты міндетім – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсету", – деді мемлекет басшысы.

t.me/kaznurkz


Құмар Ақсақалов президентке су тасқынына байланысты өңірдегі жағдайды баяндады.

Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды.

Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр.

Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды.

➤ Сонымен қатар Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты.

➤ Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

t.me/kaznurkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Солтүстік Қазақстан облысынан кейін президент борты Қостанай облысына ұшып келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.

t.me/kaznurkz


🔥 Бүгін Грекияда 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

Париждегі спорт додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

t.me/kaznurkz


⚡️ Тоқаев Петропавл су торабына барды

Іргетасы 1973 жылы қаланған нысан Сергеевка және Петропавл су қоймаларының белгіленген режимде толтырылып, іске қосылуын қамтамасыз ету арқылы Есіл өзенінің ағысын реттейді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, өңірдегі су тасқынына Есіл өзені мұзының еруі және Ақмола облысынан ағын судың келуі себеп болған. Әсіресе, биылғы сең жүру кезеңінде мұздардың кептелісі салдарынан су деңгейі күрт көтеріліп, сел жүрді.

Бұл инфрақұрылымның істен шығуына және Есіл өзенін жағалай орналасқан елді мекендерді су басуына әкеп соқтырды. Сондай-ақ ол су тасқынына қарсы іс-шараларға 2500 ерікті белсенді қатысып жатқанын атап өтті. Аймаққа 300 тонна гуманитарлық көмек келді.

t.me/kaznurkz


Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті

Тұрғындармен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық тиісті шараны қабылдайтынын айтты.

Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынады және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың несиелері мен займдарын төлеу мерзімі шегеріледі.

– Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқарлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/kaznurkz

18 last posts shown.