🏔
Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?Жыл басынан бері халықаралық бағыттағы 9 рейс іске қосылған.
Биыл Қазақстаннан халықаралық бағыттарға 18 жаңа авиамаршрут ашу жоспарланып отыр, деп баяндады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында. Бүгінгі күнге дейін оның 9-ы ашылған.
Жаңартылған бағыттар:
Астана – Пекин (Air Astana);
Алматы – Самарқан (FlyArystan);
Астана – Баку (AZAL);
Астана – Үрімші, Алматы – Сиань (China Southern Airlines).
Жаңадан ашылған бағыттар:
Алматы – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo);
Астана – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo-2, Red Sea-2);
Астана – Сиань – Пекин (Air China);
Шымкент – Дели (FlyArystan).
Жоспар бойынша, жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады.
Ал 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейс ашу жоспары бар.
Атай кетейік, бүгінгі күні Қазақстаннан 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды.
@informburo_kaz