Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың әлдебір ауыл емханасына барып, шкафтарды ақтарған видео елдегі жоғары лауазымды адамдардың кәсіби шегіне жетіп, енді деградацияға ұшырап бара жатқандығын тағы бір аңғартты.
Бұл феномен канадалық педагог Лоуренс Питердің «Питер принцибі» аталып кеткен теориясында айтылады.
Бұл теорияға сәйкес, иерархиялық жүйеде істейтін кез келген қызметкер компетенциясының шегін көрсететін қызметке дейін өседі. Осы шекке жеткен сәтте ол деградацияға ұшырап, жүйеге зиян келтіре бастайды.
Бұл деген не? Қызметтік өсу мүмкіндігі бар иерархиялық жүйеге келген адам білімі мен білігінің арқасында мансабы жоғарылай береді. Әр сатыда жетістік көрсеткен сайын, ары қарай карьерасы жылжи түседі. Бірақ, Питер мырзаның тұжырымдауынша, білік деген шексіз/мәңгі нәрсе емес. Ол міндетті түрде сарқылады. Әлдебір бұрынғысынан жоғары қызметке келгенде, адамның ары қарай прогреске жетелейтін шамасы мен қабілеті қалмайды.
Мысал. Бір адам қатардағы маман болып жүріп, бөлім басшысы болады, одан кейін департамент бастығы болады, одан кейін комитет басқаруға тағайындалады. Осы кезеңде ол бұрын көрсеткен жетістіктерін көрсете алмай қалады. Оның білігінің шегі – комитет төрағалығы. Тап осы мезеттен ол жүйеге зиян келтіре бастайды: ауқымды мәселелерді шешудің орнына үстелінің үстін реттеумен айналысады, қоластындағы адамдардың өз жұмысын орындауға ынталандырудың орнына, олардың киіміне, үстелінің шаңына, дәптерінің жұқалығына, тағы сол сияқты мелочтарға назар аударып, ақыры ұжымдағы климатты да нашарлатып, басқарып отырған комитетінің жұмыс тиімділігін төмендетуге барынша күш салады.
Сонымен, ғалым не дейді? Білігі сарқылған адам ары қарай өспейді. Бірақ өкінтерлігі сол, ол адам төменге қарай да жүрмейді, яғни бөлім басқарып кеткен адам қайтадан қатардағы маман болмайды.
Сонымен қатар, білігі сарқылған адам ары қарай тек біреудің жеке мүддесі немесе саяси мотивке байланысты ары қарай өсуі ықтимал. Бұл әдісті Лоуренс Питер «теуіп көтеру» деп атайды.
Мұны қалай емдейді? Бұл емделмейді. Оның шешімі тек: а) жұмыстан/жүйеден кету, ә) өлу, б) пенсияға шығу. Осы шешімдердің бірі болмай, адам тұралап қалған жерінде ары қарай жұмысты тежеп отыра береді.
Енді ең басындағы инфосебепке келейік.
Ахметов бір емханада шкафтарды ақтарып, біреудің басын іздеп жүр.
Ахметов кім? Облыс әкімі.
Ол не істеп жүр? Ресми ақпарат бойынша, «осмотр» жасап жүр. Анығында – атасының үйіне келгендей, сөрелерді жағалап, кәдімгідей ұялмай ақтарып жүр.
Не іздеді? Белгісіз. Наркотик? Дәрілерді түгендеді? Бірақ ол дәрілердің қандай көлемде болуы керектігін білмейді ғой, бас дәрігер емес, аудитор емес.
Бұл «рейд» облыс әкімінің деңгейі ме? Әлбетте жоқ. Оның қоластында топырлап орынбасарлар, жауапты басшылар, жауапты звено қызметкерлері отыр.
Осы соңғы тұжырым негізінде мен Ахметовтың кәсіби білік шегіне әлдеқашан жетіп қойған деген пікірге келдім.
Питер принцибі деген кітап менің @prkitap каналымда жатыр, жалпы кругозор үшін оқып шығуға кеңес берем.
#соңғыжаңалық #prкейс #имидж