Оқуға жеңіл, мағынасы терең
ТОП 4 кітап 👇
1️⃣ “Полианна” — бізге қарапайым өмірден
бақыт таба алуды үйретеді. Әлемді жарық әрі әдемі екенін көрсететін шығарма. Кітап негізі балалар әдебиетіне жатады. Сондықтан болар, тілі жеңіл. Бірақ роман ересек адамның жүрегіне де із қалдырмай қоймайды.
2️⃣ “Саңлақ сахабалар”Автор Алау Әділбаев әр сахабаны өзінің ең сүйікті сахабасындай әсерлі сипаттаған. Олардың өмірін түрлі оқиғалар арқылы жеткізген. Сондықтан роман оқып отырғандай боласыз. Бірнеше рет көзге жас алған,
рухани өсірген кітап болды. Бұл кітапты жылына бір рет оқып тұру керек деп түйдім.
3️⃣
“Ай мен Айша”Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі деп білемін. Романның атауының өзі де ерекше мәнге ие. “Ай” – таза, жарық, ерекше бір биікте тұратын Ана бейнесін білдіреді.
Ал “Айша” – 1930-1945 ашаршылық пен соғыс жылдары қоғамды бүтіндей ұстап қалған батыр да, дана әйелдер бейнесі. Автор анасының бейнесі Айша арқылы қазақ жұртының даналығын, кеңдігін сипаттағандай.
Таңғалдырып, көзге жас үйіргені: заман тауқыметіне қарамастан
халықтың хақ жолдан таймағаны, бір-біріне деген құрметі, әйелдің ер азаматына деген құрметі, ана мен баланың керемет қарым-қатынасы.
4️⃣
“Махаббаттың қырық қағидасы” Кітаптың басты тақырыбы – махаббат. Нағыз махаббатты Алла Тағалаға деген махаббат деп, иләһи, рухани бір сезім ретінде көрсете білген. Шамс Тебризи жинақтаған “махаббаттың қырық қағидасы” – адамды Алланың асыл жаратылысы деп қарауға үйретті. Тіпті адамды ғана емес,
әр жаратылысты Алланың теңдессіз туындысы, қолтаңбасы деп бағалауға шақырды. Сол арқылы Аллаға жақындайтынымызды түсіндіргендей.
💞 Аталмыш 4 кітапты 3 айда кітап клубымен оқып бітірдік. Әр кітапты оқып болған соң, талдайтын орта маңызды екен. Сіздерге де бізбен бірге ілесіп оқуға шын жүректен кеңес беремін 🫶
https://t.me/zhannur_talasbayeva