Қарағанды облысында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 4 қарашада сағат 00-де сыртқы шекараларға кіруді/шығуды бақылау үшін үш санитарлық бекет жұмысын бастайды. Сондай-ақ, осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беру үшін propusk.kz порталын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Alash24.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.