Шам, Алепполық "Халяби" атақты ғалым, Алеппоның нұры деп аталып, барлық ғұмырын Исламға қызмет етумен жұмсаған муфассир, мухаддис әлемдегі соңғы Хафиздардың бірі 100 000 жүз мың хадис жаттап, белгілі құран тәпсіршісі бола білген Абдулла Сиражуддин Аль Хусайннің (رحمه الله) ілім талап етушілерге өсиеті.
Ілім алушы шәкірттің әдептері:
🔹Ықыласты болуы.
"Алла разылығы үшін жасаймын" деген ықылас ниет болуы керек. Шәкірттің ниеті дұрыс болса, қызығушылығы жоғары болмақ және білгеніне амал етіп,әр сәтін тиімді пайдалана алмақ;
🔹Амал етуі
Шәкірт алған біліміне қаншалықты амал жасайтын болса , соншалықты терең түсінетін болады. Білімнің артуы амалға байланысты. Сондықтан "бірінші жақсылап түсініп алып ,сосын амал етемін" деген ой дұрыс емес . Амр ибн Қайс(Алла разы болсын) былай деген : " Хадисті естіген кезде, ең болмағанда,оған бір рет болса да амал ет. Сонда хадис иелерінен(хадисті меңгерген) боласың.
Уақи'и(Алла разы болсын): Егер сен хадис жаттағың келсе, оған амал ет.
🔹Ұстазды құрметтеуі
Шәкірт ұстазының алдында иіліп тұруы, құрмет көрсетіп, кішілік танытуы керек.
Ұстазына әрқашан құрмет көрсетіп,кеңесіне құлақ түріп, қаттылық танытқан тұстарда сабыр етуі керек.
Ғұлама ғалым Асмағи(Алла рақымына бөлесін): Кім де кім бір сағат білмнің қиыншылығына сабыр ете алмаса, өзінің надандығының ащы дәмін өмір бойы татып өтеді.
🔹Музакара жасау(шәкірттердің үйренгендерін өзара талқылау)
Шәкірттер үйренгенін өзара талқыласа оның пайдасы ұшаң-теңіз. Білімі сіңімді болып қана қоймай,тақырыпты терең түсінуге жол ашады.
Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): "Хадистерді талқыға салып қайталаңдар. Хадистің ұмытылмауы - өз араларыңда қайталап тұруларыңа байланысты".
Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын): " Хадисті қайталап, талқылау - Құран оқудан да қайырлы".