Репост из: Ерлан Ақатаев
Дұға.Ерлан Ақатаев("Тоһа" сүресі уағызынан үзінді).Бұл дұғаны осы Рамазанда жазғанмын,керегін аласыз Ин шаа' Аллаһ)Керемет дұға.
Ия, Аллаһ Тағалам сен Пәксің, мақтаулысың, Сенің есімің берекелі! Сенің Даңқың жоғары.Сенен өзге Тәңір жоқ! Ия, Аллаһ Тағалам Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ өзіңнен тілегеніңдей: Раббымыз,бізді күнәға келгенде сақтайтын, өзіңе деген қорқыныштан үлес берші. Ия, Аллаһ Тағалам бізді Жәннатыңа қарай жеткізетін, бойұнсынудан қажетті үлес берші. Ия, Аллаһ Тағалам осы дүниедегі болып жатқан ауыртпашылықтар, қиыншылықтарды оңай көтеріп кететіндей шексіз иман берші. Ия, Аллаһ Тағалам өзің бізге берген бойымыздағы қуат, есту, көру сезімдеріміздің барлығын өзіңнің Разылығыңа, жақсы жолдарда, жақсы амалдарда жұмсауымызды Ия, Раббым соны нәсіп етші бізге. Бізден кейінгі ұрпаққа да соны нәсіп етші. Ия, Аллаһ Тағалам сондай-ақ ауыртпашылықтарды дінімізге қатысты қыла көрме. Ия, Аллаһ Тағалам сондай-ақ бізге рақымды болатындарды сұлтан қыл. Ия, Аллаһ Тағалам осы қасиетті Рамазан айына бізді иманмен, ықыласпен, ихсанмен кіргізе көр! Ия, Аллаһ Тағалам осы айдың ішінде салиқалы құлдарыңа қандай жақсы сауапты істерді, сауаптарды әзірлеген болсаң, сол нәрселерден бізді мақұрым қыла көрме. Ия, Аллаһ Тағалам осы айда бізге тақуалық үйрете көр. Өзіңді жақсы көруді үйрете көр. Өзің жақсы көретін амалдарға жақындата көр. Ия, Аллаһ Тағалам осы айда бізге ешкімге ренжімеуді үйрете көр. Раббым, сондай-ақ ешкімді ренжітпеуді үйрете көр! Ия,Аллаһ Тағалам Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ үмбетін бүкіл жердің бетіндегі әлемде жүректерін біріктіре көр! Ия, Аллаһ Тағалам Өзіңнің разылығыңа жететіндей дәрежеде күллімізге бауырмашылдық бере көр. Ия, Аллаһ Тағалам осы Рамазан айында салиқалы құлдарыңа әзірлеген кешірімің, рақымың баршамызды соған лайықтап, соны нәсіп ете көр. Ия, Аллаһ Тағалам сондай-ақ жан дүниемізге осы айда тақуалық сыйлай көр. Тілдерімізді осы айда жаман нәрселерден, жаман сөздерден тазарта көр. Ия, Аллаһ Тағалам біз үшін өзіңді осы айда лайықты деңгейде қымбат қылып, сол өзіңнің қадіріңе жете білетіндей біліммен, жете білетіндей амалдарды нәсіп ете көр!
(Раббанәә әәтинә фид-дүния хасанатән,уа фил-аахирати хасанатән,уа қинәә 'азабәннәр)
أمين (Әмин)