MargulanQ


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана



Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Шалдарға қарап кәрі болғым келмейтінін түсіндім. Ертерек өліп қалам ау. Түрім мыжылған урод біреу болғым келмейді.


ШЕТ ЕЛДЕГІ СОҒЫС - ЕЛІМІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫ.

Құдай бір ұлтқа ми, екіншісіне мұнай береді демекші, осы мұнай саласында оқимын. (Қай ұлт екенімізді білесіңдер).
Мұнай бағасы біздің футбол құрамасындай сорлы "теңге"мізге әсер етеді. Яғни мұнай бағасы өскен сайын біздің теңге қуаттана түседі-мыс. (иә әрине 3-4 теңгеге). Және неғұрлым көп сатылым - соғұрлым КӨП ҚАРЖЫ. Мұнайды апыр-топыр сата беріп, қалтаға баса беретін ел болғандықтан, мұнайдың қымбаттауына маңызды екі фактор әсер етеді. Бірі - ЕГІС НАУҚАНЫ, екіншісі - СОҒЫС. Егіс науқанында комбайн, камаздар бәрі бір уақытта жанармай тұтынып, бағаны жоғарылатады, алайда егіс тек жылына бір рет қана 🤷🏻‍♂️ . Ал СОҒЫС кезінде қарулы күштердің бәріне жанармай қажет, қажеттілік күрт өседі. Ал еліміз мұнай сатып қанды қырғынның арқасында байып қалады 🤑🤑🤑. Біз шет елдердегі соғыстың арқасында жаңа астаналардың бірнешеуін сала аламыз, жылына әр қалада экспо өткізе аламыз, және ең бастысы "Астана" туған күнін ауқымды түрде дүркіретіп тойлай аламыз 🤩🤩🤩. Сондықтан, еліміздің көркеюін қалайтын патриоттар болса, шет елден соғыс туралы естісеңдер қуануларыңа болады.
Намазxан бауырларымыз Құдайдан елімізге тыныштық, шетелге соғыс тілеуіне болады. Ал мұның бәрі еліміздің тыныштығы үшін емес пе ағайын 🤗🤗🤗.

(ЖАЗЫЛҒАН ПОСТ ЕШҚАНДАЙ ПРОПАГАНДА НЕМЕСЕ СОҒЫСТЫ НАСИХАТТАУ ЕМЕС, ЭКОНОМИКАНЫҢ КІШКЕНТАЙ ҒАНА САБАҒЫ) :)


БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҰЯТСЫЗ БОЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қазіргі сәтте инстаға кіре қалсаң "интересное"дан шығатын үш посттың екеуі қыздардың суреті немесе биі, және олардың аудиториясы білім мен мораль оқитындардыкінен бәленбай есеге көп. Халықтың не нәрсеге қызығатынын өздерің де түсініп отқан боларсыңдар 😉 Жалпы болашақ ұрпақтың салдық құрып кетуінен, қоқыстан бала тауып алудың алдын алудың қандай жолы бар деген сұрақ ойландырды. Оған жауап ретіндегі менің нұсқамды қабыл алыңыздар: мұғаліміміздің "балаларымыз тәттіге әуес болмасын деп дастарxанға күнде кәмпиттер қойдық, олар тығып жемейтін болды, тіпті кейін кәмпиттер жәйдан жәй тұратын болды" деген өзіндік "кейсі". Яғни, балаларымызға туа салысымен адамның табиғи денесін көрсетіп, оған кейінірек қызықсыз болып кететіндей жағдайға жеткізуіміз керек. Бала бір денеден де жалығуы мүмкін, яғни біз ұлтымыздың нәпсісін тыйю мақсатында бүкілxалықтық жалаңаштану реформасын қабылдауымыз ләзім. Алғашында бәрі резонанс тудырғанымен, кейін бұл үйреншікті нәрсеге айналып, болашақ ұрпаққа қарама-қарсы жыныстың денесі аса қызықты бола қоймайды, зорлау фактілері азаяды. Халық интимнен көрі басқа да қызық заттар барын түсініп, білімге ден қоя бастайды. Ал нәпсіге ерік беріп қояр жағдайда қайтпек керек деген сұраққа келер болсақ, басында дым көрмеген қара xалыққа қиын болары xақ, сондықтан жеңіл жүрістілердің басын біріктіріп, арнайы нәпсі қандыру министрлігін құрып, қара xалықты тегін қамтамасыз етіп отыру қажеттігі туады .(қарапайым қыздарға зардабы тимес үшін)
Ұлтты құтқарудың бұл шешімі, абсурд, моральдан жұрдай болғанымен, теориялық тұрғыда xалықтың көзін ашуға деген белігілі бір жол екендігі рас 🤷🏻‍♂️


ӘЙЕЛДІҢ ЖЕТІСТІГІ - АЖЫРАСУДА.

Инста не басқа желіде болсын бәріміз блогерлердің, жетістікке жеткендердің, шимай-шатпағы мен жарнамасымен қоректенеміз. Және олардың көпшілігі әйелдер қауымы болса, ал оның ішінде "ең бақыттыларының" басым көпшілігі ажырасқан әйелдер. Елдегі қазақ тілді не орыс тілді "бақытты" блогер әйелдердің көбі жалғызбасты "прицепі" бар қисық қабырғалар. Құдды бір, "менің байым мені тастап кетті, енді оның іші ашуы үшін мен бір пизнес болып кетейін" деген сияқты әрқайсысы. Жо-жоқ мен біреулердің отбасы-ошақ қасы мен өсегін айтпақшы емеспін, бірақ бұл шындық . Яғни бұдан шығары, ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУІНЕ ЕРКЕКТЕРДІҢ ТАСТАП КЕТУІНІҢ ТІКЕЛЕЙ МАҢЫЗЫ БАР. Немесе СҮЙГЕНІҢ УСПЕШНЫЙ БОЛСЫН ДЕСЕҢ ТАСТАП КЕТуің керек.
***Критикалық ойлап, бұл әйелдер успешный болар алдында күйеулерін әдейі тастап кетті деуге де болады.
***Және олар сендерге бақытты болу, ажыраспау, отбасылық бақыт туралы сабақ өткізуі мүмкін. (семіз диетолог сияқты).
***Әр жетістіктің субстраты еркектер екеніне көз жеткіземіз.
ДАМУДЫҢ БҰЛ ТҮРІ МЕНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМА ЖАТ БОЛҒАНДЫҚТАН ПРОПАГАНДА РЕТІНДЕ ҚАРАМАҢДАР :)


Қанағаттандырылмағандықтан көшеге шыққан xалық залалсыздандырылмаған ешкілерге тап болды.


Қоғамның зиялылары инстачиксалар мен билеп челленж түсіретін қызтеке типтес еркектер болуын доғарғанда; "мұсылмандар" ораза ұстағаны мен жұмаға барғанын сторизге салуын тоқтатқанда; қазақтар кредитке әйел алуын қойғанда барып, бәріміз бақыт құшағына бөлеміз.


iOS 9 дан 12ге көшпеген мен өзімді исламға ауыспаған яһудилердей сезінем.


Ананы қараңдар, аяғы жоқ ит жүгіріп барады...


Сенің өмірдегі жетістіктерің футболдан Қазақстан құрамасының жетістіктерімен тең.


Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.


Күндердің күні сізден біреу келіп "Неліктен өмірде ешқандай жетістікке жетпедің?" деп сұраса, оған отбасылық өмірді таңдадым деп жауап беруді ұмытпаңыз. Себебі сіздің қолыңыздан боқ та келмейтін найсап болғаныңыз оған қызық емес.


"Адамдар маймылдан жаралса, мен қасқырдан жаралғанмын"
(с) Чарльз Дарвин


Назарбаев тезірек АҚШтың президенті боп, Нью-Йоркты Нұр-Йорк деп ауыстырса екен десең лайк бас.


Қандай да бір күні Құдай саған ми береді және сен аватарға яки лентаға роднойларыңның фотосын салуды доғарасың


Өмірім орта жастан асқан шақта,
Білмеймін, уайымым жоқ, басқа жақта.
Бақыттан бал-бұл жайнап отыр екем,
Кенеттен тарсылдады жаңа қақпа.

Аяңдап барып мен де, есік аштым,
Көре сап, құт қонақты тұра қаштым,
Жаратқан, бұған әлі ерте емес пе?
"Уже ма?" деп дірілдеп, әбден састым.

Бірақ бұдан Қорқыт та құтылмаған,
Бұл нәрсе ешкімнен де ұтылмаған.
Ғалымдар не-бір дәрі жасағанмен,
Олардың айласына тұтылмаған.

Қонақ көріп, Марғұлан аз жылады,
Маңдайға "гейм оувер" жазылады.
Саған арнап ендігі әп әдемі,
Қараңғы тік-төртбұрыш қазылады.

Дәл қазір аман жүрген бақыт екен,
Беймезгіл өлең жазар шабыт екен.
Айтпақшы, есігімді тарсылдатқан
Иесін күтіп жүрген табыт екен.


Үйреткенде иттерге тамақ тауып,
Тойынған соң, аяқтан алды қауып.
Қанша күшпен, еңбекпен иіткенмен,
Сүт шықпайтын кеудені жатыр сауып.


Керек емес, асқазанның тәтті тортқа толғаны,
Қажет емес, биылдыққа бақыт құстың қонғаны.
Одан гөрі жаңа жылға Марғұланға сый қылып,
Багажник пен артқы бампер тарту етсең болғаны🤗


Инста-звИзда болам деп, массфоллоуиң қостың,
СММ деп жазып ап, фоллоуерді тостың.
Мақсат, кәсіп, пайда деп, көкігеннен не пайда,
Іс пен жазбаң тең келмей, нәжіс болса постың?


Ренжисің, тағдырың мен жаратқанға,
Жылаумен, ұйықтайсың таң атқанда.
Жыртық жүрек жамауға күш жоқ деппең,
Жеті қат көк аспанды жаратқанда?


Айнала жарық. Таң ата.
-Дәрігер, мен қайдамын?
-Ауруxана. Палата.
-Өзім де соны ойладым.
Оқуда он алты-ақ едік.
Аяқ асты әбігер,
Универ кетті өртеніп.
Бәрі аман ба, дәрігер?
-Бәрі өлді, бірі қап,
Аман қыпты тап сені...
-Алла(-й), бәрі тірі қап,
Мен өлгенім жақсы еді !
-Ойнап айтам, өлген - сен,
Аман есен басқалар.
Ал бұл, қазан, қайнаған
Көп жыл саған дос болар...

Показано 20 последних публикаций.

26

подписчиков
Статистика канала