Абат


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана



Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


«Желтоқсан алаңы», Мұхтар Шаханов

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ
Кемсiтпекшi “желтоқсанның жалаң аяқтары” деп.
Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,
Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.
Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,
Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады.
…Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.


Басқа қаладан келген бір досым бірде күлген “жылжы” деген мағынадағы “қаш” деген сөзге, “қашып кет” дегенге ұқсатып. Енді міне кешегі оқиғаның “арқасында” “қашу” деген сөздің әдеби мағынасын оңтүстік біраз адамы біліп қалды.
 
24 маусым.
 
Сағат таңғы тоғыздан кете телефоным шылдырлап, оятып жіберді. Дыбысын өшіріп қойып, әрі қарай ұйқыға кеттім. Бүгін демалатын күнім, жұмыс жоқ. Демек, асықпай тұрып, шай ішіп, көптен бері көрмеген достарыммен кездесемін.
 
Бірақ екінші мәрте мені оятқан телефоным емес, жарылыстың дыбысы болды. Не болып қалды, аулада біреу бірдеңе жарды ма деп, балконға жүгіріп шығып қарасам, ап-ашық аспанды қаптап жатқан түтінді көрдім. Не болып қалғанын әлі түсінбей тұрғанымда тарс еткен дыбыс құлақ шеміршегімді тітір еткізді. Жарылыстың лебі өзімді ұшырып әкетерін сезіп, адамды оңай құлатса, әйнектен не қалады деп терезеден әрірек тұрдым. Кейін болған оқиғаларды тіпті еске түсіру де қиын.
 
Асығыс жинала бастағаным есімде. Әлі де ұйқылай, бірақ әйтеуір заттарымды сөмкеге салып жинап жатырмын. Бүгін кездеспекші болған достарым хабарласып, мені 20 минуттан кейін көліктеріне мінгізіп алып кете алатынын айтты. Бірер минут бұрын сағынып отырған достарыммен бұндай жағдайда қауышамын деп ойламаған едім. Киініп, жиналып, керек болады-ау деген дүниенің бәрін сөмкеге салып, шығып бара жатқанда, артыма бір қарағаным сол еді, залдың терезесі тарс жарылды. Көзім бақырайып, үйімнен атып шықтым. Алды-артыма қарамай достарымның көлігін көріп, соған қарай қаштым. Бұрын да қаламызда жарылыс болған, бірақ бұндай жарылысты бірінші рет көріп тұрмын. Соңғы рет деп үміттенем.
 
27 мамыр, дәл бір ай бұрын
 
Интернеттегі бір видео: “Я проснулась в стране под пение птиц, а не под звуки взрывов…”.

Бибарыс, әлі түк өңделмеген әңгіме 👀


Қызыл шатырлы қала
ШЫН ӨМІРДЕ ЕШҚАШАН БОЛМАҒАН ОҚИҒА.
ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСҚАН ЖЕРЛЕРІ — ТАЗА КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ.
 
27 маусым.
 
Бүгін тағы мешіттің қасында тұрмыз. Күн шақырайып, жаз ортасының аптабы ми қайнатып тұр. Сұрақтың — көбінен, жауаптың жоғынан қанымыз да қайнап тұр. Барған сайын біреу түгіл, бір-бірімізді де естіп жатқан жоқпыз. Халық ығы-жығы, у-шу, дәл кешегідей, дым өзгермеді, дым түзелмеді. Біреудің қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртуға тура келді. Біреулер келіп, жұбатқандай, көңілімізді аулап, қолдау көрсеткендей болды, бірақ ешкім нақты ақпарат бермеді, халық наразылығына, назына ешкім жөнді жауап бермеді әлі. Не болып кетті өзі? Не істеп қойдық? Енді қайтеміз? Енді не болады? Қалайша айдың күні аманда бұндай жағдай орын алып, сең соққан балықтай мең-зең отырмыз?
 
Әбден зығырымыз қайнап, қасымызда тұрған тас жолға шығып, көлік қозғалысын бөгейік деп шештік. Амал нешік? Талабымызды, сөзімізді, зар-мұңымызды қаперіне алмаса, не істейміз басқа? Көліктердің бипілдегені онсыз да қара құрымдай қаптап шулап тұрған жұрттың құлағын әбден керең қылды. Әкімдіктегілердің құлақ құрылысы басқаша жаратылған ба, децибелдерді басқаша қабылдай ма, әйтеуір әкім адамдарға қосылып, көліктер шулай бастағанда ғана келді.
 
Әкім сөйлеп тұрған жаққа бәріміз қарап-қарап қоямыз. Арасында басқа жақтан сөйлеп тұр ма деп, жан-жаққа елең ете қалатынымыз тағы бар. Бір-бірімізді естімей тұрған біз, арамызға кіріп сөйлеп тұрған әкімді қалай естиміз? Иә, ешқалай. Бір кезде “жолда тұрмайық, ағайын!” деген айқай естіліп, орныңнан жылжымасаң да, айналаңда қаптаған адамның серпіні өзі-ақ сені жол жақтан мешітке қарай ысырып барады.
 
Әкімнің не айтып жатқанынан, не айтуға келгенінен көбіміз әлі де, турасын айтсақ, бейхабармыз. Күн шыжып тұрғасын, ақыры әкіммен сөйлескісі келгендер, мешіттің ішіне кірейік деп ұйғардық. Сыйғанымыз ғана мешітке кірсек те, тастаған тақия жерге түспейді-ау, бірақ әйтеуір ең болмаса көшенің шуынан құтылдық. Халық арасынан адамдар сұрақ қойысып жатыр. Әкім жауап беріп жатыр. Әкімнің сөзі қатты, сөзін естіген жұрттың сөзі одан да бетер қатайып бара жатыр. Халық наразылығын айтып жатыр, әкім естіп отыр. Естіп отырғаны бірақ тыңдап отырғаны емес. Ашынған халықтың айқайы күшейіп бара жатыр, әкімнің жауабы таусылып барады. Бір кезде ортаға мешіттің имамы келіп, “Намаз уақыты! Намаз уақыты!” деп жар салды, лезде азанның да үні шыға бастады. Азанды “Алла — ұлық” деген сөзден бастаушы еді, бұл жолы “аузыңды жап” дегеннен бастағандай болды.
 
Мешіттен шығып, шамамыз келгендер орталыққа қарай жиналамыз деп шештік. Халық төгіліп орталықты беттеді.
 

26 маусым.
 
Халық аң-таң. Не істерімізді білмейміз. Әйтеуір жақсы да жаңалықтар бар сияқты. Баласын екі күн бойы іздеген ана таңертең баласы әйтеуір табылып, көзайым болды.
 
Мешіттің қасында тұрмыз. Үйге қайтқымыз келмейді. Қайтасыңдар дейді. Қайтудан қорқамыз. Енді онда аяқ басқымыз да келмейді, көргіміз де келмейді. Ол күнді еске алғымыз да келмейді. Үйім өзі бар ма, жоқ па, орнында ма, жоқ па, — білмеймін де.
 
Ашу-ызамызды басайын деп, бір жасы келген ерікті осы біразда келіп “Бұл жаман ырым, жамандықты шақырмайық” деп ақылын айтып кетті. Осы жағдайға жетпес бұрын, қайғырып, қара аспанды төндіргеніміз шамалы, бірде жұмыс істеп, бірде жұмыс істемейтін бұл не деген ырым екен? Әлде жамандықты шақыратын басқа бірдеңе істеп қойдық па? Бір емес, бірнеше рет қайталанған жағдайды жылдар бойы елемей келгеніміз жаман ырым болса, иә, онда ырымның кесірі шығар, мейлі.
 
25 маусым.
 
Біз бұлай боларын білген жоқпыз. Енді ғана есіміз кіріп, сабамызға түсіп жатырмыз. Кешегі күнді ойласам, көз алдыма соғыс жайлы көрген фильмдер елестейді. Бірақ біздің ел ешкіммен соғысып жатқан жоқ. Шатырларымызды қақ бөліп, терезелерімізді сындырып жауған оқ — жаудың снаряды емес. Бұл жолы ала таңмен “шабуылдаған” фашистер емес. Бұл жолы үйлерімізді жермен жексен қылған фашистердің танкілері емес. Қазақстан Республикасының қару-жарағы.
 
Кешеден бері халықтың кептелгенін көп көргесін, “қашсаңызшы” деген сөзді әдеттегіден әлдеқайда жиі естідім. Ойланып қалдым.


Репост из: masa.media
«Алла жаныңа паралич берсін, жаныңды күйдірсін, қыссын. Әр намаз оқығанымда сенің жаның күйгенін сұраймын. Сондай тізімде біраз адам бар еді», — деген мәжілісмен оған сын айтқан журналист Серік Боқанға.
#шапито


Жиіркенішті


IMG_7994.JPG
1.3Мб
Қазақ тілі бар екен әйтеуір ішінде.


Я в инсте снова сижу, кстати

instagram.com/bibarys.seitak




Қалай айтасыз?
Опрос
  •   Турá жүресіз
  •   Тýра жүресіз
53 голосов


Кто такой коронавирус?




Очень интересно


У вас проявляется клаустрофобия в дискомфорте в тесных помещениях?
Опрос
  •   Да
  •   Нет
30 голосов


Мне нравится слово в персидском اتفاق /эттефāқ/ происшествие, случай, случайность.

Звучит почти как «уоттефак», и смешно, что в некоторых контекстах «происшествие» это ведь реально «втф».

А ещё, у вас тоже есть знакомые, которые произносят «уот Зе фак»? Это из той же рубрики, что и «безжүз» и «үжжүз», видимо 🤪

Ужас, такой прескриптивист, Биба


И именно из-за рейтингов нередко СМИ, например, выбирают показывать не мирных протестующих BLM, а отдельные драки, разборки, напряжённые моменты в BLM.


Меня раздражает, что СМИ очень выгодно поднимать панику и хайповать на страхах людей. В контексте пандемии.

Бесконечные эти заголовки «This is our new reality» и проч и проч. Қара аспанды төндіріп.


The idea of individual responsibility can be a bullshit sometimes ☝️


Я нереально скучаю по универской столовой. Там реально было вкусно 💔





Показано 20 последних публикаций.

124

подписчиков
Статистика канала