Əдеби портал


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Sende bir kirpiw dunyege ketigin tapta bar qalan 🎇🎇🎇🎇🎇🎇♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️♨️🌌🌌🌌🌌🌌🌌🌌🌌🌌
Admin @Adebyportal1

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Ықылас азайғанда
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Бұл дүние – ахиреттің егістігі. Қияметтегі өкінудің пайдасы жоқ. Тәубе-истиғфар жасау қажет. Адам өз-өзінен жиіркену керек, өзін дін бауырының аяғындағы шаңдай сезінуі қажет. Ол үшін нәпсімізді қинауымыз керек, ащы болса да, хақ сөзді құптауымыз керек. Ауру қаншалықты ауыр болса, берілетін дәрісі соншалықты күшті болады.
Бір әулие кісіге ауруы себебінен ота жасалады, отадан кейін ол өте ауыр безгекке (лихорадка) душар болады. Патшаның жеке бақылауы және бұйрығымен дәрігерлер оның ауруын қадағалап тұрады. Өте күшті дәрілер береді. Өйткені безгек денесін тұтас қаптаған еді және ол өте қатты қиналып жатты. Ақыр соңында аса мұқият бақылау мен емдеу нәтижесінде әулие кісі жазылады. Бірақ оны отадан кейін шыққан безгектің себебі қызықтырады, дәрігерлерден безгектің себебін сұрайды. Дәрігерлер айтады:
«Ота жасау барысында берілген өте күшті дәрілер ағзаның иммунитетін әлсіреткені соншалық, қанша жыл бұрын денеңізге кірген безгек вирусы иммундық жүйенің әлсіреуін мүмкіндік деп біліп, лезде шығып, бүкіл денені қаптаған. Яғни безгекке енді шалдықпағансыз, иммундық жүйеңіз күшті болғандықтан қазірге дейін сізге ештеңе істей алмаған.»
Адамдардың жүректерінде де осындай жаман вирустар, сондай жаман мінездер бар, ықылас азайған кезде бірден шыға келеді. Кейде «Кеше пәлен кісі ондай емес еді ғой, бүгін неге осындай болып кетті?» деп таңқалдыратын адамдар болады. Дененің иммундық жүйесі қабылданған күшті дәрілер кесірінен әлсірегеніндей, адамның ықыласы да күнәлар, дүниелікті жақсы көру және ашушаңдық сияқты себептермен барынша азаяды. Ең соңында адамның ішіндегі әлгі жаман вирустар денесін қаптайды, одан кейін құтылуы және дұрысталуы қиын болып қалады. Осы себептен марқұм Хусейн бин Саид хазреттері «Ауруда шипа бар» дейтін. Себебі, ауру адам мұңды, көңілсіз болады, өзін өлімге жақын сезеді. Ал бұл жағдай жүрекке (көңілге) шипа береді. Өйткені рахаттық пен бейқам кезде адамның нәпсі азғырады. Жүрек те нәпіске еріп азғырады, қараяды және ауру болады. Ал науқас болу нәпісті тежейді. Маңызды болғаны – дененің шипасы емес, жүректің, көңілдің шипасы. «Барлық нәрсенің шипасы бар, ал жүректің шипасы – Аллаһу та'аланы зікір ету» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, Аллаһу та'аланы еске түсіретін барлық нәрсе, барлық жер жүрекке (көңілге) шипа. Ал Аллаһу та'аланың есімі аталмайтын барлық жер – жүрекке зиян.


Ғашықпын!
Ғашықпын деп білдірмедім,
(Белгілі: білдіргенім — бүлдіргенім).
Жарқ етіп жайдың оты шашылғанда,
Жалт беріп, қарауға да үлгермедім...

Мұқағали МАҚАТАЕВ


Амал мен ниет

Пенденің ниеті аса маңызды. Ол сол ниетіне қарай діттеген межесіне жетеді. Яғни бір адам ақиқатты аттап Құдайдан қашық өмір кешкісі келеді. Өмір бақи солай Хақ Тағаладан қашқандықтан ниетіне сай оның баратын жері де – Құдайдан қашық Жәһаннамның оты. Енді біреу амалы мен құлшылығы шала болса да қашан да ниетін түзу ұстап, Хақтың рақымынан шексіз үміт етпек. Алла Тағала да оның ниетіне қарай Жәннатына алады.

Пайғамбарымыздың хадисіне үңілсек, Махшар күні бір мұсылман таразыға тартылады. Бірақ күнәлары сауаптарынан басым келіп, жәһаннамға кетуге үкім шығарылады. Әлгі бейшараны періштелер екі жағынан ұстап Жәһаннамға қарай сүйрей бастайды. Сонда әкетіліп бара жатып әлгі бейбақ қайта-қайта бұрылып артына жалтақтап қарай береді. Осы кезде Алла Тағала періштелерден әлгі адамның неге қарай беретінін сұратқызады. Әлгі пенде сонда: «Мен тірі кезімде ылғи да Алла Тағаланың рақымынан үміт күтетінмін. Күнәларымның көп екенін білсем де, ешқашан Оның рақымынан үміт үзбеген едім. Рақымы шексіз Алла Тағала мені Жәһаннамға тастай қоймас. Өйткені, Ол Рақымды әрі менің күнәларымды кешірсе Оның рақымынан ешнәрсе кемімейді ғой деп іштей ойланып жүретінмін. Ол мені сөзсіз құтқарады деген үмітпен ғұмыр кештім. Қашан да оның шексіз рақымына сиындым. Енді міне қайта-қайта артыма қарайлап, түкке де түсінбей келемін. Менің күнәларым мен сауаптарым тартылып, күнәларым ауыр басты да, Жәһаннамға үкім шығарылды. Бұлай боларын әу бастан білгенмін. Бірақ Алла Тағаланың рақымы шексіз еді ғой. Рақымы шексіз Алла Тағаланың маған рақым етпеуі мүмкін емес. Оның рақымынан әлі де күдер үзбей қайта-қайта артыма қарайлап келе жатқаным содан»,- деп жауап қатады. Сол кезде Рақымды Алла Тағала: «Мен құлымның ойлағанына қарай үкім беремін.


Қазақ қызы
Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышы мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар. Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат аласын


Қазақ афоризмдері

• Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық нұр

• Талап деген бір жүгірген тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.

• Дүниедегі қуаныш - бір азғантай жұбаныш.

• Күннен қарыз алып, ай болғаннын несі сəн.

Шəкəрім Құдайбердиев


Қазақ афоризмдері

Шəкəрім Құдайберген

@adebyportal


Өзіңді сыйлайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді.

Б. Момышұлы

@adebyportal


Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
👍
👍
👍
@adebyportal


Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
@adebyportal


Əдеп əліппесі

• Бір адам көп адамға сəлем беру керек.
• Дастархан қайырылмай, бата берілмей тұрып кетуге болмайды.
• Жұрт жұмысқа жұмылып жатқанда кекірейіп тұрмайды.
• Мешітке, мектепке, қасиетті орындарға, үйге оң аяқпен кіреді.
• Қазалы сапардың жолын кеспейді.
• Білетін адамдардың қуанышты, қайғылы істеріне үнсіз қалуға болмайды.
• Жұрттың көзінше бергенін айтпайды, қарызын сұрамайды.
• Таңертеңгі асты тастамайды, кешкі асты бақпайды.
• Үйге келген адамға қазақ дəм татырмай шығармайды.

• Тəңірге, дінге, пайғамбарға, əруаққа, періштеге тіл тигізбейді жəне оларға күмəн келтірмейді.






Тәңірі асыраған тоқтыны қасқыр жемейді.




Ілияс Есенберлин - Алтын орда [PDF]

... Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада - Жаңа Қазақ республикасы орнады ... Өйткені үстемдік хан, патшалардан халыққа көшкен. Ал халық тасты алтын, қамысты қайың ете алды. Ол тікенек орнына гүл өсіре алды. (Кітаптың соңғы бетінен)




Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Жаралы жүрек əле соғуда...


Махаббат – адамзаттың ең қызық және кешірімді әлсіз жері.

Ч.Диккенс

Показано 20 последних публикаций.

26

подписчиков
Статистика канала