- [x] Оразадағы 10 сауап мен жіті 10 сауабын жаздым. Бірақ бұнымен шектелмейді
1. Ораза ақыретте жәһәннамнан қорғайтын, күнәларымыздың кешiрiлуiне себепшi болады. Бұл жөнiнде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кiмде-кiм сене отырып, сауабын Аллаһтан күтiп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешiрiледi», – дейді.
@asyl_nasikhat2. Ораза – мiнез-құлықтарды жақсартады. Үнемi Аллаһты есiмiзге салып, жауапкершiлiк сезiмiн арттырады. Жүрегiмiздi жаман сезiмдерден тазартып, харам нәрселерді жасаудан сақтандырып, керісінше, жақсылық істеуді үйретедi.
@asyl_nasikhat3. Ораза – көздi харам нәрселерге қараудан сақтайды.
4. Ораза – құлақты харам дүниелердi тыңдаудан тыяды.
@asyl_nasikhat5. Ораза – тiлдi өтiрiк айтпауға, бiреудi ғайбаттамауға үйретеді.
6. Ораза – асқазанды харам тағамдарды (доңыз етi, арақ-шарап, жалпы, Исламдағы тыйым салған нәрселер) ішіп-жеуден қорғайды.
7. Ораза – аяқ-қолымызды күнәға бастайтын iстердi iстеуден, жаман жерлерге барудан, т.б. қорғайды.
8. Ораза – адамның өзгелерге деген мейiрiмiн арттырады. Өмiрiнде аштықтың не екенiн белмей келген бай-бақуат адамдарға кедей-кепшiктердiң жағдайын ұқтырады.
@asyl_nasikhat9. Ораза – мұсылмандарды сабырлы болуға шақырады. Ауыз бекіткен адам өзін белгiлi бiр уақытқа дейiн iшiп-жеуден тыяды. Нәпсісін жеңуге тырысады. Сөйтiп, ол өмiрде кезедесетiн кейбір қиыншылықтарды сабырмен жеңуге бел байлайды.
@asyl_nasikhat11. Ораза – адам денсаулығын жақсартады. Бұған пайғамбарымыздың мына хадисi дәлел: «Ораза ұстаңдар дендерiң сау болады». Дәрігерлердің айтуынша, 11 ай бойы ас қорытумен шаршап, бөгiп қалған дене мүшелерi ораза кезiнде демалады екен. Тиісінше, Рамазаннан кейiн жақсы жұмыс iстейтiн көрiнедi. Нобель сыйлығының иегерi, француз ғалымы Алексей Корель оразаның адам денсаулығына пайдасы туралы ойын былай түйiндейдi: «Денедегi жинақталып қалған қоректiк заттар ораза кезiнде iске қосылады. Содан кейiн оның орнына жаңалары келедi. Осылайша, денедегi жаңару процесi жүзеге асады. Жалпы, ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы».