Essizdik is the New Black!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Әлдеқашан ілгері Essizdik жобасына қош келдіңіз!
Essizdik – арна иесінің әлеуметтік, әдеби алаңы.

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций




Репост из: Essizdik is the New Black!
Let's donate to Essizdik is the new Black!

💳 4400 4301 1314 7117
📩 MIRKHAN ZHUMABAYEV


Күлтегінбіз, қаған Білгеміз, Құламаған елміз мүлде біз.
Көк аспан мен көк ту астында,
Күн сөнгенше біргеміз.



(с) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі


Егер барлығын заңмен емес, ішіміздегі әділдік сезімімен соттайтын болсақ, ертең біздің басымызды да кесіп алатын күн ұзақ емес.


Бішімбаевтың адвокатына кеткен хэйттің өзі халықтың сана-сезімі туралы үлкен сигнал болды.

Кез келген адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге, мойындамауға, қайта қарастыруға құқылы.

Бұл – заң.


Бішімбаев ісі біздің жамағаттың сот туралы, азаматтық құқығы туралы, кінәсіздік презумпциясы туралы қотақ та білмейтінін ұғындырды.


Репост из: Куә бол, жұлдыз!
Еркектердің көбі соның басында ғой. Уақыттары жоқ. Біреуі малын шығарып, бірі басқаға көмектесіп дегендей. Уақыт жоқ.


Тасқын болған аймақтардағы халықтың ызасына қарап қазақ демократиясы әйел екенін ұқтық.

Барлық жерде көбіне әйел азаматшалар сөз бастап, әкімдіктерге ашуын көрсетіп жүр.


Репост из: toqsansegiz
Мирхан әкіммен жекпе - жекке дайындалып жатырған сияқты.


Назарбаев кезінде қардың өзі қорыққаннан рұқсат алып еритін еді.


Бүгін жатып ішер еріншек болайын деп пепси іше қойып едім, төсігіме төгіп алдым.

Құрметті Ақтөбе облысы әкімі, вот осыны тілсіз жау деп атауға болады.


Ақтөбе әкімі "бұл тасқын – тілсіз жау" – дейді.

Тілсіз жау деп айтпай келетін, я болмаса орын алатынын ешкім болжамаған нәрсені айтады. Мысалы, жер сілкінісі мен өртті тілсіз жау деп айтуға болады.


Меніңше, осындай болып жатқан кезде Қытайдағы форумға періп кету Президент жасайтын іс емес.

Бес мың жыл тұрған Қытай, тағы бес мың жыл тұрады. Бірақ, сенің үкіметін жасаған факап кезінде халықпен өтірік болса да бірге болған жөн.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Біздің ауылдың да бірқатар үйі суға кетті. Ақтөбе қаласына апаратын трассаны су шайып кеткен екен.

Ең қызығы осының барлығы жылдан жылға қайталана береді. Тек су кірген кезде ғана әрекет басталады.


Ең опасызы топан судан зардап шеккендердің көбісі ауыл тұрғындары.


Еее, біздің Ақтөбенің жағдайы осындай.

Көктем келсе су тасып жатыр деп жүгіреміз, жаз келсе су азайып кетті деп жүгіреміз.


Ресей пропагандасы бойынша:

еврейлердің айтқанын істейтін америкалықтар олардың сөзін тыңдайтын украиндерді тәжіктерді теракт жасауға көндірткізген.


Уф, шаршап кеттім ғой.


⚡️

// №27 кезекті дауысчат // пікір мен сұрақ осы жерге.

Ұзақтығы: 60 минут


Егер аноним сұрақ қоямын десеңіз, сілтеме осы.

Егер арна иесін қолдаймын десеңіз:


💳 4400 4301 1314 7117
📩 MIRKHAN ZHUMABAYEV


Unfortunately, Essizdik is for Sale!

Happy Nauryz to everyone!

Показано 20 последних публикаций.