Құранның джузы барлығымызға таныс, бірақ сол секілді хадисте де джуз болады. Яғни ол дегеніміз бір ғана Шейхтың риуаят еткен хадистерін жинақтау. Мейлі ол сахаба болсын , не одан кейінгі табақалардан болсын. Мысалы Әбу Бәкір әс-Сыддықтың джузі, Имам Мәликтің джузы тағы сол секілді
Бірақ кейде арнайы бір тақырыптарға қатысты хадистерді жинауды да джуз деп атайды. Мысалы истихара намазына қатысты джуз, тәспих намазына, қадір түніне қатысты деген секілді. Оларға да джуз деп айтылады
Бұл джуздер кейде 10 беттен тұрады, кейбірі 20,50,100-ге дейін кете береді. Әрі ғалымдарымыз джуздерді Шейхтардан оқуға әрдайым қызығушылық танытқан. Тіпті ибн Хаджар әл-Әсқаланидің (рахимахуллаһ) джуздер толы дорбалары бар болғандығы айтылады. Ол өзінің Шамға жасаған 100 күндік сапарында Шам Шейхтарынан 1000 (!) джуз оқып шыққан екен.
✍🏻Шейх Яхья әл-Ғаусани حفظه الله
📖”шарх манзумату әл-Байқуния”, 2-дәріс