ПАЙҒАМБАР ЕКЕНІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ!Әбу Бәкірдің رضي الله عنه Ислам дінін еш бүкпесіз қабылдауына бірнеше жайт түрткі болған. Соның бірі мына оқиға.
Ислам діні келгенге дейін қысы-жазы саудамен айналысатын Әбу Бәкір көбінесе Шамға баратын. Бір сапарда таңға жуық таңғажайып түс көрді. Түсінде аспандағы ай келіп оның құшағына тығылыпты. Әбу Бәкір айды қос-қолдай құшақтап көкірегіне қысқан екен. Тәтті сезім құшағында жатып ояна кетсе, түсі болып шығады. Дереу сол маңайдағы Ямлиха атты танымал монахқа барып түсін жорытты.
Монах әуелі:
- Қай жақтан боласың? – деп сұрады.
Әбу Бәкір:
- Хижаз аймағынан, - деп жауап берді.
Монах:
- Немен шұғылданасың? – деп қайта сұрады.
Әбу Бәкір:
- Саудагермін, - деп жауап қатты. Бұны естігенде монах:
Әй, арабстандық жан , мына түс тегін түс емес екен. Шынын айтсам, үлкен сүйінші түсіп тұрған жайы бар. Ақымды берсең, дәл қазір жорып берейін, – деді. Әбу Бәкір رضي الله عنه оған сол мезет он екі динар ұстатты. Монах сөзін жалғап, түсті былай деп жорыды:
Көктегі айдың саған түсуі ақырзаман пайғамбарының келетіндігі. Таяу уақыттарда өзінің «пайғамбарлығын» жұртқа жариялайды. Сен сол Пайғамбардың қасында жүретін уәзірі, кейіннен халифасы боласың. Уа, арабстандық жан, егер ол менің тірі кезімде келсе, онда маған хабар сал. Барып жолығып, оны өз көзіммен көрейін. Ал ол келген кезде мен о дүниелік болып кетсем, онда менің дұғай-дұғай сәлемімді жеткіз. Әкелген жаңа дініне менің кіргенімді, оның үмметі болғандығымды айт. Ақыретте маған шапағат етуді ұмытпасын! Әбу Бәкір бұны естігенде:
- Олай болса маған хат жазып қалдыр, – деді.
Монах екі сөйлеммен жазылған Әбу Бәкірге ұсынды. Хаттың төркіні мынадай:
«Ассалаумағаләйкум, уа, Мұхаммед ибн Абдулла әл-Мәкки әл-Мәдәни әл-техами! Сен-расында да ақырзаман пайғамбары, он сегіз мың ғаламның Иесі Хақ тағаланың елшісісің! Мына үшбу хатты Әбу Бәкір ибн Әбу Күхафа арқылы өзіңе жолдап отырмын. Осы арқылы саған иланып, иманға келгенімді, саған үммет болып ергенімді жеткізгім келеді. Әбу Бәкір келіп, түсін жорытты. Сол түс бойынша Әбу Бәкір сенің уәзірің кейіннен халифаң болады. Егер мен тірі тұрсам, сенімен бірге Алла жолында әл-дәрменімнің жеткенінше күресуден тартынбаймын. Ал егер оған өмірім жетпесе, онда маған да ақыретте шапағат етуді ұмытпағайсың!».
Әбу Бәкір түсiн жорып берген кісіге қарап:
- Егер түсім дәл осы жорығаныңдай болып шықса , онда менен тағы да жүз динар алашағың бол сын, - деді риза кейіппен.
Әне-міне дегенше Шам сапары да бітіп, Әбу Бәкір Меккеге келді . Арадан он екі жыл өтті. Алла тағала әзірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уахи түсірді. Бір күні Әбу Құбайс тауына шыққан Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің пайғамбар екендігін жұртқа жар салып, халықты жансыз пұттарға емес бір ғана Жаратқанға иман етуге шақырды. Төсекте жатқан Әбу Бәкір айтылғандарды ести сала Мекке көшелерінің бірінде ардақты Пайғамбармен жүздесті. Пайғамбарымыз оны Исламға мойынсұнуға шақырды. Әбу Бәкір رضي الله عنه оған:
- Уа, Мұхаммед! Пайғамбар екендігің рас болса, дәлелдеп мұғжизаңды көрсет, – деді. Ардақты Пайғамбарымыз оның көкірегіне қолын қойып, қабырғаға тақаған күйі:
Саған Пайғамбарлығымды дәлелдеген мұғжиза ретінде осыдан тұп-тура он екі жыл бұрын түс көргенің, оны Ямлиха атты монахқа жорытқаның жетпей ме?! Оған түс жорығаны үшін жалма-жан он екі динар төледің, кейіннен тағы да жүз динар бермек болып уәделестің. Түсті жорып берген кісі он екі сөйлемдік хат жазып қолыңа ұстаттыз Қаласаң тіпті хаттың әр сөзіне дейін айтайын, — деп хатты түгел жіпке тізгендей айна-қатесіз айтып берді. Бұны естігенде оның Пайғамбарлығына зәредей күмәні қалмаған Әбу Бәкір бірден сұқ саусағын аспанға көтеріп:
Ямлиха монах сүйіншілеген Пайғамбар расын да да сен екенсің, «Алла тағаланың жалғыз екендігіне әрі Мұхаммедтің оның пайғамбары екендігіне нық сендім», деп бірден мұсылманшылыққа бас иген екен.
https://t.me/tagylymtamshylary