KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


"Халық дауысы" жобасының аралық қорытындысы шықты

Бірінші аптаның қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған министрдін есімін ұсынамыз.

"Жыл министрі" номинациясындағы бірінші орынды Руслан Жақсылықов иеленді.

Сыни пікірлердің көптігіне қарамастан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният екінші орынға шығып отыр.

Ал "Жыл министрі" номинациясында үшінші орынға Бағдат Мусин ие болып отыр.

Әзірге қатысушылар арасында бірде-бір дауыс жинамаған билік өкілі – Ғалымжан Қойшыбаев.

Осы жылы біз оқырмандарымызға министрлерге өз сұрақтарын қоюды ұсындық. Алайда, пайдаланушылардың басым бөлігі шенеуніктердің қызметіне тек қана наразылықтарын білдіруде.

t.me/kaznurkz


👮🏻‍♂️ Полицейлер атыс болады деген хабарламадан кейін Астана мектептерін тексеріп шықты

"Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдары тиісті қызметтермен тексерілді", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Сондай-ақ полиция көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

t.me/kaznurkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️ "Алматы Су" бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.

t.me/kaznurkz


🏞 "Қазгидромет" мамандары мамырда ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар кей өңірде 40 градусқа дейін аптап болады деп отыр. Алайда барлық өңірде емес.

Болжам бойынша, айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады деп күтіледі.

🗣республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін; оңтүстік жартысында +30+40°C дейін.

🗣суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда,

🗣елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;

🗣еліміздің батысында және оңтүстік жартысында түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.

t.me/kaznurkz


🇰🇬 Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

t.me/kaznurkz


⚡️Еңбек министрлігі демалыс күнін 4 мамыр сенбіден 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті

Осылайша, мамырдағы мереке күндері қазақстандықтар қатарынан үш күн – 7-9 мамыр аралығында демалады. Сенбі, 4 мамыр барлығы үшін жұмыс күні болады.

t.me/kaznurkz


Әйгілі Черчилльмен кездескенде киген киімі де бар: Қаныш Сәтбаевтан қалған құнды жәдігерлер туралы не білеміз

Павлодарға "Қазақтың Қанышы" атты жылжымалы көрме келді.

Көрмеге ұсынылған құнды жәдігерлердің бірі – 1947 жылы Англияға барған іс-сапарында, саясаткер Уинстон Черчилльмен кездескен кезде киген кашемир пальтосы, шляпасы, аяқ киімі.

Сондай-ақ көрмеде геологтың костюмі, мұражайға академиктің қызы сыйға тартқан домбырасы, көзілдірігі, қаламы, шақшасы, жер астына түскен кезде басына киген каскасы, қолына ұстаған балғасы, бала күнінде тақымы тиген ертоқымы мен қамшысы сияқты 30 жәдігер назарға ұсынылған.

Дереккөз: pavlodarnews.kz

t.me/kaznurkz


⚽️ “Реал Мадрид” жартылай финалға жолдама алды

Чемпиондар лигасы, ширек финал, қарымта матч.

Ман Сити 1 – 1 Реал (пенальти сериясы — 3:4)

🥅 Голдар:
76’ Де Брюйне — 13’ Родриго

• Жартылай финалда Бавария мен Реал Мадрид күш сынасады.

t.me/kaznurkz


🇰🇿 Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтап, Қазақстан командалық есепте топ-25 елдің қатарына енді.

Қазір Қазақстан қоржынында Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының 33 лицензиясы бар.

t.me/kaznurkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Барлық шотымды, бар затымды балаларыма қалдырамын": сотта Бишімбаевтың "өсиеті" туралы айтылды

Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың ұялы телефоны тексерілді.

Прокурор телефоннан Байжанов Бишімбаевтың "өсиеті" деп атаған видеоны тапты.

Видеожазба қосылғанда Бишімбаевтікіне ұқсас дауыспен ер адамның "Барлық шотымды, бағалы заттарымды балаларыма қалдырамын, соларға беремін, Назымға (Бишімбаевтың бұрынғы әйелі – ред.) және балаларым – Мансұр, Кәрім және Ранияға" деген даусы естілді.

Судья Байжановтан "Бұл видеоны Бишімбаев түсір деп өтінді ме?" деп сұрады. Байжанов "иә" деп жауап берді.

t.me/kaznurkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде жапан далада қалған 9 адам құтқарылды

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды тікұшақпен құтқарды. Олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған.

Жергілікті адамдар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен ол суға батып кеткен. Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен олар әупірімдеп мұнараға жеткен.

Қазіргі уақытта отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.

t.me/kaznurkz


🔝 Қазақстандық балуан әлемдік рейтингте көш бастады

🇰🇿 Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанғаннан кейін еркін күрестен 86 келі бойынша рейтингте 1-орында:

1️⃣🇰🇿Азамат Дәулетбеков – 52400 ұпай
2️⃣ 🇺🇸 Дэвид Тейлор – 45000
3️⃣ 🇸🇲 Майлс Назем – 44000
4️⃣ 🇮🇳 Хасан Яздани – 37000
5️⃣ 🇺🇿 Джабраил Шапиев – 33000

t.me/kaznurkz


⚡️ "Қазақ тілді контент көбейеді": Қазақстанда "Масс-медиа туралы" заңға өзгеріс енеді

2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс. Бұл талап "Масс-медиа туралы" заңға енгізіледі.

Шетелдік теле-, радиоарналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле-, радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі.

t.me/kaznurkz


🛵 Қазақстанда мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушыларымен теңестіріледі

Мәжіліс "Жол жүрісі туралы" заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

🔗 Толығырақ материалымыздан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚡️ Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді.

Артур Ластаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді. Оның айтуынша, былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.

t.me/kaznurkz


"Бар жиған-тергеніміз": тасқын судан үрейленген атыраулықтар үйлерін целлофанмен қаптап жатыр

Үйлерін су шайып кетеді деп қауіптенген атыраулықтар баспанасын аман алып қалудың амалын жасап жатыр. Жайық өзеніне жақын орналасқан ықшам аудандардың тұрғындары үйлерін полиэтилен пакетпен қаптаса, кейбірі қапшыққа құм толтырып бөгет жасап қойған.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚽️ “ПСЖ” футбол клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

• Ширек финал, қарымта матч:

Барселона 1 – 4 ПСЖ

🥅 Голдар:
12’ Рафинья — 40’ Дембеле, 54’ Витинья, 61’ (п), 89’ Мбаппе

🟥 Қызыл қағаз: 29’ Араухо

t.me/kaznurkz


🤼 Күрес түрлерінен Бішкектегі Азия чемпионаты мәресіне жетті

Қазақстандық балуандар екі алтынға қол жеткізді.

Еркін күрес:

🥇Азамат Дәулетбеков (86 кг)
🥈Асыл Айтақын (61 кг)
🥈Ризабек Айтмұхан (97 кг)
🥉Мейрамбек Қартбай (57 кг)

Әйелдер күресі:

🥉Лаура Алмағанбетова (57 кг)
🥉Диана Каюмова (59 кг)
🥉Анастасия Панасович (72 кг)
🥉Эльмира Сыздықова (76 кг)

Грек-рим күресі:

🥇Ержет Жарылқасын (63 кг)
🥈Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг)
🥈Юсуф Мациев (97 кг)
🥉Ибрагим Магомадов (77 кг).

t.me/kaznurkz


"Былтырғыдан да қатты болады": аграрлық сала сарапшысы биыл жазда шаруаларды не күтіп тұрғанын болжады

Аграрлық сала сарапшысы, журналист Кирилл Павлов биыл Қазақстанда құрғақшылық былтырғыдан да қатты болады деп болжап отыр. Оның айтуынша, құрғақшылықтан еліміздің барлық өңірі зардап шегеді, сондай-ақ егістікті шегіртке басады.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


⚡️ Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті

Президент Тобыл қаласында орналасқан жедел штабта су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық белсенділік танытқан және апатқа бей-жай қарамай жанашырлық білдірген барша жұртшылыққа алғыс айтып, халықтың бірлігі осындай қиын кезеңде айқын көрінетінін атап өтті.

"Мен сіздермен жүздесу үшін арнайы келдім. Жағдайдың күрделі екенін түсінемін. Мемлекеттің барлық ресурсы осы мәселені шешуге бағытталып жатыр. Президент ретіндегі менің басты міндетім – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсету", – деді мемлекет басшысы.

t.me/kaznurkz

Показано 20 последних публикаций.