kerimkat


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Бұл жерде мен көкейде жүрген кез келген ойларыммен бөліспекпін. Кез келген. Немесе #ккқ-ның жазбалары десе де болады;)

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций




Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Бұлтын оның бұлт демей бір түбіт дер.
Қарап тұрып мынау шырқау шыңдарға
Қалай төмен боламыз, ей, жігіттер!

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Тұма-бұлақ дариядан үміткер.
Қарап тұрып мынау түпсіз теңізге,
Қалай тайыз боламыз, ей, жігіттер!

Туған жердің тылсым сырын ұғып көр:
Теңіз кешіп,
шың басына шығыпты ер.
Көре тұра мынау ұлы даланы,
Қалай кіші боламыз, ей, жігіттер!

(с) Қадыр Мырза Әли


Кітап-талқы, жастармен жұмыс мәселесі, "Руханият және жастар" байқауын іріктеу, заты ерек мейрам, т.с.с - лар бос қылмай кетті екі қолды. Күүүүүндө онлайн-қарбалас;) Дпл-ды бітірсем болғаны, бар нәрсеге уақыт табылатындай көрініп ед, қайдам?.. Һәм ауылдың жұмысы таусылмайды дегенге 200% көз жетті.

Ауылдамыз ғой, халық аз, аға-жеңгелерімді шақырып шай бергем, біртүрлі бұрын-соңды болмаған толқыныс күй кештім. Себепсіз. А, сол жеңгелерімді шын түсіндім тағы. Шәйнегіңмен зыр жүгіріп, баласының аузына тамағын тосып, бірінші, екінші үстел рәсімін жасап, қонақтарды шығарып салған соң, 1045 ыдыс жуатын жеңгелерімнің жанында біздің бұрыңғы "шай ішіп кетсең, қайтеді, мен ұсынған кеседен" дегендер, майысып-қайысқан екен. Сон соң, бір мезгілді тауып алып, соның арасында хаттарға жауап беріп, төркінінің хәлін біліп, белі ашып, жар құлағы жастыққа тие, көз ақысын алып, таңда тып-типыл болып тұрып, екі езуі екі құлағында жүретінін не дерсің?!

Ағаларымның 365 күнін мейрам қылатын #су_сұрасам_сүт_берген_айран_берген #qairan жеңгелерім-ай!..


"Үйге келген қонағыңа тамағыңды берме, қабағыңды бер" яки "Қара су берсең де, сыйлап бер" деген мақалдарды жақсы #гөрөм


Ринат ағамды сағынып қалып едім. Сол кездегі үміт...Сол кездегі жан қинау... Ойласам, денем түршігіп, ботадай боздағым келеді.
Ал қазір ағам шығармашылығына шырай кіргізіп, жаңа әдіске көшкен екен.
"Нағыз қазақ сатылмайды, мен ел үшін жан қиям,
Осы өлеңнің тыңдарманы құрып жатқан партиям"
#Амандығыңызды_тілеймін_Алладан

https://youtu.be/qWQyPQ6EPu4


Айналайындар!

Әуел баста-ақ байқауға қатысуға кө-өп студенттер ықтияр танытып еді, әйтсе де бетпе-бет келгенде, тең жартысы ғана төбе көрсетті. Мен одан көбін күткен едім. Сіздердің ыңғайларыңызға қарап, ырқыларыңызға жығылуға сәл-ақ қалдым. 'Шығарма оқыған соң, қалай тексерем, бәрінде байланыстың хәлі мәз емес' деген ойдан алысқа бармай, тілтұтқаларыңыз арқылы ауызба-ауыз сөйлесейін деп бір ойлап ем, ағам қарсы болды. Қайдан білейін, сіздерге деген сенім басым, әрі-беріде көркем шығарма оқып отырған адам жалған сөйлемеу керек-ті деген ұстаным басым. 'Әдебиет - ардың ісі' ғой, күмән келтірмедім анығы. Жарар, ақыры аға-әпкелердің шешімімен кәдуілгі өздеріңіз қолданып жүрген шетелдің қосымшасына иек арттық. Алдын-ала ескертілді де. Қатыспағандар жайлы дәнеме дей алмаймын, тек олар қаншама мүмкіндіктен айырылып қалғаны болмаса. Ал біз сіздердің рухани һәм материалды қажеттіліктеріңізді аз да болса, өтегіміз келді.

Бүгін не болды? Оқыпсыздар шығарманы. Көрдік. Арасында көмек құралдарын пайдалана қойған кісілер де болды. Оларға бұл жолы ләм-мим деп ауыз ашпаймыз, келесіде қараймыз. Толық оқып, түсінгендер, сіздердің де қанжығаларыңыз майланды. :)
Аз-мұз олқылықтар болды, оны да қараймыз. Сіздер тараптан ұсыныс болса, мархаббат.
Не дегенмен, көзбе-көз отырып, талқылағанға жетпейді, иә?

Әуелгі мақсат - ақша да емес, сұрақ та емес, басқа да емес, сіздерде кітап оқу дағдысын қалыптастыру екенін ұғынғайсыздар. Сіздер көркем шығарманы "жілігін шағып, майын ішіп тұрып" оқуды үйрену керексіздер. Талқылау ааааар жағы;).

Түүу, көп ақыл айтып кеттім-ау, ә, бәәәәрін білесіздер ғой, осы маған несіне өстіп жазғызып, айтқызасыздар. Қанша дегенмен ұлттық 'өнівердің' ыстудентісіздер. Һәм менің сүйікті... ;)).

Тағы аяқ асты адам саны көбейіп кеткен арнам һақында айтпадым. Ол келесіге қалсын😊).

#ЕҰУ_10_кітап
#бізбен_бірге_оқы
#қысқа_сөз болмай қалды
#kerimkat🤞⚜


Аллл бірінші шығарманы да аяқтадық ("Қызыл жебе"). Түйінді ойыммен сүт пісірім уақыттан соң, бөлісемін. Әзірге келесі романмен таныса тұрыңыздар;)




#ЕҰУ_10_кітап
Ардақтылар, ертең zoom-ға небәрі 40 минут беріледі. Барынша шығарманы осы уақытта қамтуға тырысамыз. Ол үшін сіздер де сақадай сай болыңыздар.
Сәттілік тілеймін һәм.
#бізбен_бірге_оқы


Баланың тілі Абай, Шәкәріммен шығу керек дейтініміз сол ғой...




Құрметтілерім, кітап оқу сайысына қатысты бірер сөз

Ертең сұрақ-жауап болмайды. Мереке қарсаңына орай, бүрсігүнге шегердік. Оқып бітпеген жандар үшін, тағы бір күн қосып бердік:) Жекелеріңізге жазып үлгермей жатырмын...




Бар әлем саған жақтасар, жүрегіңнен Құдайды ізде.




Омар ұстазымыздың әңгімесіне әбден шөлдеп қалыппыз. Бүгін бір эфиріне кіріп, мауқымызды бастық.
• Көп ит пен көк иттің ара-жігін ашып берді.

Көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Басқа амал жоқ екен.

• Құл елге ғылым керек жоқ. Неге қазір ғалым деп атар кісілер некен-саяқ? Айтпаса да ұғыныңқы.
"Ғылым таппай, мақтанба" деген сөзді ӘР ҚАЗАҚ үйінің маңдайшасына жазып қою тиіс. Ғылымнан өзгемен мақтану - надандық.

• Мақтангөйлік пен даңғазалық.
Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі.

• Мәшһүр "қазақтың тілі қатындарда қалды" деген екен. Неге? Білім-ғылым қуып кеткен ерлер, араб тілін, жат тілді үйренемін деп жүргенде, өз ана тілі тысқары қалып қойған. Бүкіл энергиясын соған кетірген адамда не қалды? Тілін ұмытты. Ал ондай туған тілін білмеген адамнан ешқандай ғалым шықпақ емес.

• Ең қатты ұнайтын сөзі ұстазымның: "Ерді ер таниды, зерді зергер таниды". Неге қоғамдағы зиялы қауымдар еленбей жүр? Өйткені билікке тартар ер жоқ. А. Пугачевадан кімге көмектесер едің деп сұрағанда, таланттыларға деген екен. Өйткені талантсыздар онсыз да таламақайлап жүріп, шығып алады. Сол сияқты көк иттерге жәрдем керек.

• Қоғамның 10%-ын болса да Абай қылып, Шәкәрім, Әлихан қылып өсіруіміз керек. Бала тілін Абаймен ашу керек.

'Сыйласпсаң тіріде
Екі көзің ағарсын,
Өлгеннен соң жылама.'

Мынау әңгіменің бірсыпырасы ғана. Шіркін, қандай тәлімді дүниелер айтты ол кісі.
Тәңірі Алла жазса, біз де сұхбатқа шақырмақшымыз осы жуырда. Тағы бір таным көкжиегіміз кеңейер...


Бүгін ғана Al-Nasr-дың "Ауладағы ережесін" тыңдап ем. Жақаудың "Ел есіндегі дауылы". "Қансонардағы" Тарлан. DD-дің ән өңдеуі қандай?! Домбыра. Қобыз.
Бағзы Жамағат про-ның 'Алты Алаш' болып бірігуі бұл. Кіл мықтылардың бірігіп, #rap дейтін жанрда қазақы дүние құрап жатқаны қуантады. Батыс қой қайткенменен.
#auyzbirshilikten_aiyrmagai


Құлыңбыз еш қажымайтын,
Бұл өмір бір аманат.
Бірлігінен ажырайтын,
Бұл күннен қал аман ап!..
#qazaq_rap




"Болашақ" бағдарламасындағы өзгерістер жайлы бірер ақпарат - осы. Ауыл жастары үшін шартсыз шақыру хат та, өзгесі де керек емес. Тек IELTS-ыңыз шектік балға жетіп, ана тілінде сайрап тұрсаңыз, болғаны дейді.
#Оқу аяқтар сәтте шетелді көздемедік емес, жақын ел болса да, барып, оқуды ойлаған ем. Алайда бір-ақ сәтте ойымнан айнып, бас тартқам. Шетелге оқуға айнымай мұратқа жеткен соң ғана, келешекте азаматыммен барармын деп түйдім. Мынаған мен бара алмасам да, өзге ауыл жастары яки жалпы кез келген қазақ жас буыны қатысып, керемет жеңілдікпен оқи алады. Ереже әлі күшіне енген жоқ, ресми ақпарат шыққанда да айтамын.

Показано 20 последних публикаций.

26

подписчиков
Статистика канала