KZ Show Life


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана



Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Қазақстандық белгілі актриса Сая Оразғалиева өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес болып шықты. Аралас некені қолдаған әртістің жанұясы да таза қазақтардан құралмаған. Бұл туралы Hit TV арнасының "Headliner" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Менің жалпы аралас некеге мүлде қарсылығым жоқ. Көзқарасым тура. Бәлкім, кейбіреулер мені осы сөзім үшін сөгуі мүмкін.

Бірақ барлығымыз Құдайдың жаратқан пендесіміз. Соны естен шығармайық. Махаббат, түсіністік пен сенім болса болғаны.

Жалпы қазақтарда "өзге ұлтпен некелесуге болмайды" деген наным қалыптасқан", - дейді Оразғалиева.

Саяның сөздерінше, оның арғы аталары да түрлі ұлтқа үйленіп, аралас некені қолдаған көрінеді.

"Отбасымызда ортақ айтылатын сөз бар: "жаман ұлт болмайды, жаман ұл болады". Біз әр түрлі ұлт өкілінің қаны араласқан жанұямыз.

Ата-бабамыздың кейбірінің жұбайлары басқа этнос өкілі. Мәселен, атамнан алты ұрпақ тараған. Әрқайсысы әр түрлі ұлт өкіліне үйленген.

Әпкем татарға тұрмысқа шықса, ағамыз орыстан қыз алған. Қазақтар да бар.

Бірақ мұсылмандық мерекелермен қатар өзге ұл өкілдерінің айтулы мерекелерін де тойлаймыз", - деп ағынан жарылды актриса.

#СаяОразғалиева




Өзінің отбасылы екенін осы уақытқа дейін жасырын ұстап келген танымал әнші Нұрболат Абдуллин Шахназ есімді қызының бір жасқа толуын атап өтті. Алматы мейрамханаларының бірінде болған тойға отандық өнер иелерінің барлығы дерлік жиналған.

Бұған дейін шаңырақ көтергені жайлы тіс жармаған хитменнің "құпиясы" күні кеше белгілі болды.

Нұрболаттың өзі желідегі парақшасында қызының тұсаукесері туралы жарияламаса да, оның әріптестері тойдағы қызықты сәттерді жарыса бөлісті.

#НұрболатАбдулин




Белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов сахнада ашық-шашық киінетін әріптестерін осылай сынады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Продюсер тыйым салу арқылы қыздарды тәрбиелеу мүмкін еместігін айтты.

"Арасында қазіргі заманға сай боламыз деп жүрген майда-шүйделер болмаса, эстрада жұлдыздарының ашық-шашық жүргенін көрген жоқпын. Қазір керісінше эстрада жұлдыздарының көбісі жабық киінеді. Халыққа қарсы шықпайды, оның үстіне көбісі тұрмыс құрған. Сол себепті, мәселе мұнда эстрада жұлдыздарында емес, жалпы мәдениетте, иба мен иманда деп ойлаймын. Қазақта "Отанды сүю иманнан басталады" деген жақсы сөз бар", — деді продюсер.

Әрі қарай Қыдырәлі Болманов қысқа киімдер киетін қыздардың ойында не бар екенін түсінбейтінін жеткізді. Кейде оларға сөзбен тыйым салғысы келетінін де жасырмады.

"Ашық-шашық киінетіндер отбасын құрамын деп жүр ме? Мұны қалай жүзеге асырмақ? Кіндіктерін жарқыратып, қысқа киеді. Солардың бәрін "Айналайын, мына жүрісің ұят болады" деп отандарына оралтқым келеді. Қалай десек те, барлығы үйде көрген тәрбиеден басталады. Киіну — адамның жеке құқығы. Яғни не киемін десе де өзі біледі. Мен барлығы бірдей хиджаб кисін демеймін. Бар болғаны мүмкіндігінше жабық жүргендерін қалаймын. Бұл қай жағынан алып қарасаңыз да жақсы. Қыз бала — ертеңгі ана, басты мұраты мен мақсаты — тұрмыс құру. Осы тұрғыдан алғанда қыз баланың әрдайым ибалы, тәрбиелі болып жүргені өзімізге жақсы. Қыз баланың тәрбиесі құрыса, бүкіл ел құриды. Ал ер баланың тәрбиесі бір отбасыға ғана әсер етуі мүмкін", — деді ол.

Сондай-ақ, продюсер ашық-шашық киінетін әріптестеріне тікелей тыйым салмай, отбасындағы тәрбиені жөндеуге көңіл бөлуге шақырды.

"Қыз балаларымыздың барлығы жабық киініп жүрсе ерекше мереке болатын еді. Қалай алсақ та олардың орны қоғамда бөлек. Кейде тыйым салуға құштар болып тұрамыз. Одан біз не аламыз? Одан біз қалай өсеміз? Сол себепті ешкімге тыйым салып қажет емес деп ойлаймын. Тек мәдениет пен идеология тұрғысынан жұмыстар жүргізіп, мұны сәнге айналдыруымыз қажет", — деп қорытты әнші.

#ҚыдырәліБолманов




Осыдан біраз уақыт бұрын Роза Рымбаева Ернар Айдарды "той" әншісі деп сөккен болатын. Алайда әнші бұл сынға мән бермей, халық әртісімен суретке түскен.

Ол Роза Қуанышқызының сынын орынды қабылдағанын айтып, Instagram парақшасында жазба қалдырған.

"Роза Қуанышқызы өте еңбекқор, парасатты тұлға. Кейде біздерді "бүгінімізден де жақсы болсын" деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз үзілмесін", - деді Ернар Айдар.

Ал желі қолданушылары жас та болса, өзінің парасаттылығын көрсеткен әншіге риза болғандарын жасырмады.

"Жарайсың Ернар", "Кейде ақылдың бәрі осы жастардан шығады", "Пейіліңнің кеңдігі ғой. Өзіңе қанша сын айтқан адамды кешіргенің" деп жарыса жазды оқырмандар.

#ЕрнарАйдар #РозаРымбаева




Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың "Қайырлы кеш, Қазақстан" атты жаңа жобасы көрермендерге жол тартты.

Жобаның алғашқы санының қонағы танымал әнші Төреғали Төреәлі болды.

Тұрсынбек Қабатов бағдарламаның ортасында Төреғалидің концертінде шу шығарған шал жайлы тоқталып өтіп, өзінің концертінде де сондай жағдай орын алғанын көрермендерге баяндап берді.

"Сондай сәтті көргеннен кейін, сондай жағдай өзімнің басымнан өткен соң, Төреғалиді жақсы көріп кеттім. Төреғалидің ешқандай айыбы жоқ, дұрыс істедің", - деді Тұрсынбек Қабатов.

#ТұрсынбекҚабатов #ТТТ #ТөреғалиТөреәлі


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың Ұлттық арнада бағдарлама жүргізу үшін ешқандай пара бермегенін, ол 10 жыл бойы бос жүрмей, жоғары оқу орнын бітіргенін айтты. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер Жұлдыздың сабырлығы мен төзімділігіне риза екенін, ол өз келініне үлкен сенім артатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова осы уақытқа дейін ешқандай пара бермей, таза еңбекпен жүргендерін түртіп өтті.

"10 жыл бойына сабырлықпен отырды екен деп, 100 жыл отыр демейтін шығармыз. Әр нәрсенің шегі бар. Оның да алға қойған мақсаты бар, өзіне деген сенімі тағы бар. Қазақтың бір келіні Жұлдыздай-ақ болып алсын", -деді ол өз жазбасында.

#ГүлзираАйдарбекова #ЖұлдызƏбдукəрімова




Отандық танымал әнші білім күніне орай оқушыларға ән айтып, балалардың ұстаздарға әкелген гүлшоқтарын өзімен алып кетті. Көпшілік мұғалімдерді гүлсіз қалдырған Ерке Есмаханды күлкі етіп, әртістің бұл қылығын қызу талқыға салған.

Ерке Есмахан 1 қыркүйек күні ақтөбелік ұстаздарды гүлсіз қалдырды. Оқушыларды білім күнімен құттықтай келген әнші балақайлардың ыстық ықыласына ие болған. Олар қолдарындағы бар гүлін танымал әртіске сыйға тартқан.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны өз парақшасына жүктеп қойған Ерке Есмахан, бейнежазбаға "Ұстаздарға әкелген бар гүлді алып кеткенсің ғой" деген жазба қалдырды.

Көпшілік, отандық әншінің қылығын күлкі етіп, қызу талқыға салған. Кейбір оқырмандар Еркенің әрекетін сынға да алып жатты.

"Қатырады осы әнші. Ұстаздар ренжіген болар"

"Оқушылар алдында махаббат туралы ән айтып жатқаны несі?"

"Мына әнді мектепте айтуға ұялмады ма?"

"Ұстаздарға арнап сатып алынған гүлшоқтардың барлығын балалар Еркеге сыйлап тастаған сияқты ғой" , - деп жазып жатты оқырмандар.

#ЕркеЕсмахан


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Отандық танымал театр және кино актері, тележүргізуші Азамат Сатыбалды жұбайы Назгүл Қарабалинаға қымбат көлік сыйлады. Актриса әрі продюсер ханым енді Tоyota маркалы темір тұлпардың иесі атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жаңалықпен актриса Ажарлым Мағзұм өзінің желідегі парақшасында бөліскен.

Ол Қарабалинаның қуанышты сәтін фотоға және видеоға түсіріп, қымбат сыйлық үшін Азамат Сатыбалдыға алғысын жаудырған.

"Үлкен маxаббаттың белгісі,еңбектің жемісі... Азамат аға, мен сізді қатты жақсы көрем! Осындай күндер көөөп болсыншы! Апакам бөпе секілді қуанып,жүрегі жанына симай тұр!", - дейді Ажарлым өз жазбасында.

Айта кетерлігі, танымал актер бұл сыйлықты Назгүлдің туған күніне орай тарту етіпті.

#АзаматСатыбалды #НазгүлҚарабалина




Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов айтыста ғана емес, өмірде де әзіл-қалжыңы жарасып жүрген әпкесі Айнұр Тұрсынбаеваның саудагерлігі туралы ашық айтты. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады

Соңғы уақытта Айнұр Тұрсынбаева ресейлік компанияның өнімдерін жариялап, саудаға белсене кірісіп кеткені баршаға аян. Алайда халық ақынның бұл ісіне еш сын айтып көрген емес.

Дегенмен айтыскер ақынның әріптесі Жандарбек Бұлғақов саудамен айланысып жүрген әпкесі туралы тіс қақпай жүре алмаған көрінеді.

Өйткені, Тұрсынбаеваның дастарханында отырғанын бөліскен ол жазба астына астарлы әзілін қалдырған екен.

"Балыққа саяз судан терең оңай, Ақынға қара сөзден НЛ оңай", - деп жазған Бұлғақов.

Желі қолданушыларының көбі бұл әзілдің орынды екенін айтыпты.

#ЖандарбекБұлғақов #АйнұрТұрсынбаева




Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен 1 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартатын "Tamasha tv" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.

"Tamasha tv" телеарнасы "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты төртінші телеарна болып отыр.

Жаңа телеарна "Әзіл әлемі" "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен", комедиялық телехикаялар және тағы басқа қызықты жобаларды ұсынбақ.

Сондай-ақ, ол телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады.

Айта кетейік жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. 

#ЕсенЕлеукен



Показано 20 последних публикаций.

1 593

подписчиков
Статистика канала