Loser Man


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Менің субъективті ойларым мен позициям жарияланатын канал-микроблог.

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Жануарлардың да жаны бар деп етін, сүтін, басқа да өнімдерін пайдаланбайтын вегандарға өсімдіктердің де жаны бар екенін естеріне салғым келеді.




Адам ДНҚ-сының 30%-ы салат ДНҚ-сымен сәйкес келеді екен. Қайырлы түн, көкөністер!




Бірде үйленген досымнан әзілдеп "әйеліңнен қорқасың ба?" дедім. Ол болса:
- Неге қорқуым керек? Қорықпайм! Ужин дайындап, пол жуып қойдым, шаңды да сүрттім. Ыдыс та жуулы. Неге қорқам, а?


Қоянбаевтың Бизнес по-казахский в Америке деген киносын көріп келдім. Иә, шыққанына көп болса да мен оны жаңа ғана көрдім. Интернетке шыққанын күттім. Өйткені, мен қазақ комедиясы үшін кинотеатрға баратын ақымақ емеспін. Мәселе ақшада емес. 1000 теңге не нәрсеге кетпей жатыр. Мәселе киноның өзінде, және сол кинотеатрға баратын адамдардың ақымақтығында. Комедияда айтылатын кез - келген "әзілге" күле беретін адамдардың қасында отыратын мазохист емеспін.
Жалпы, кино туралы не айтуға болады. Кинокритик емеспін, бірақ көрермен ретінде өз ойым - жақсы кино... Тек асқазандары ауырып жүрген адамдар үшін. Құсып, жеңілдеп қалар еді. Ал, шындығына келсек, қазіргі қазақ комедиялары секілді нашар кино. Неге сонша танымалдыққа ие болғанын түсінбеймін. Кино қандай болса оған баратын адамдар да сондай болады дейді. Ақымақ әзілдер, банальды тақырыптар. Негрлер мен тіл қиындықтарына күлетін адамдар қалды ма өзі?
Орыстар менттер туралы кино түсіре беретін болса, қазақтарда толған комедия. Фантастика, ғылыми-фантастика, триллер жанрларында кино мүлдем жоқ деуге болады. Мың комедия түсіргенше бір осы жоғарыда айтылған жанрларда кино түсірсе екен деймін. Бірақ, бұл енді басқа мәселе.


Көптеген адамдар эволюция теориясын дәлел жеткіліксіз деп мойындамайды, бірақ, еш дәлелі жоқ бір кітаптың ішінде жазылған нәрселерге бас-көзсіз сенеді. Абсурд.


Сен де Сәт триосының өмірге деген көзқарасын білгің келе ме?


Біздің ең үлкен сәтсіздігіміз - мына өмірге келуіміз.

Показано 9 последних публикаций.

130

подписчиков
Статистика канала