Maqpalsher


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Maqpalsher

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Лондонда өткен концертімді жарияладым.




Үміт

Үміт, маған кеше керек едің Сен!

Бүгін мені мазалама. Өтінем.

Үлпілдеген үміттерім бар еді,

Сөніп-сөніп қалды бәрі шетінен.


Мен есігін қаға бердім Бақыттың.

Кеудемдегі сол-ақ болды өжеттік.

Оның-дағы беті қайта бастады,

Маған неге жетпей қойды кезек түк?!


Мойындауға күшім жетпей.

Егілдім.

Адаспайтын секілді еді мендік Ой.

Адам өзін аялауды қойғанда,
Өмір оны аямайды екен ғой.


Көңілімнің кірпіктерін сілкимін.

Сенем! Сенем!
Дүниеде бар кәусарлық!

Тамырымда лүпіл қаға бастады

Бабалардан қалған ұлы қайсарлық.


Жеңілуге қақым жоғын сеземін.

Бауырымда – бота көзді ботам бар!

Шегінуге қақым жоғын сеземін.

Жүрегімде – мөлт-мөлт еткен Отан бар!

Үміт!
Қош келдің?!


#maqpalsher  #maqpalmaqam #poetrymusic  #songwriter #livemusic  #maqpalzhumabay #poem #newpoem #poetry #kazakhpoetry  #kazakhliterature #kazakhart #kazakhmusic #poet #indiemusic #musicpoetry #musicpoet #contemproraryart #animation


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Жұлдыз тамып, бір-бір үміт сөнеді,
Көк жүзіне қарамайды ел енді.
Сен аспанды көре алмай қалдың деп,
Асфальттардан аршып алғым келеді,
Жерім менің, жерім менің...




Ищем волонтеров для проведения культурных мероприятий проекта ÓzgeEpic

Проект вошёл в Акселератор социальных проектов «Өзгерістердің саруарлары», который реализуется Казахстанским Институтом общественного развития «Рухани Жаңғыру» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК.

✅ Что за проект?

ÓzgeEpic – пространство современного казахского искусства, где планируется проведение масштабных культурных мероприятии, включая фестивали музыки и кино, выставки и концерты. Цель проекта – обогатить казахскую культуру посредством современного искусства.

Кто он – идеальный волонтер❓
🔸Он/она любит искусство в любом виде его проявления
🔹Ему/ей 19+
🔸Специалист в одном из следующих сферах (желательно, но не обязательно): социология, IT, маркетинг, СММ, графический дизайн, фотография, видеография, так же люди творчества всех жанров и направлений.
🔹Ответственный/ая, честный/ая, инициативный/ая
🔸 Он/она знает элементарные парвила этикета

Что от Вас требуется❓
🔸содействие в организации мероприятий
🔹подготовка методологий для образовательных курсов по направлениям: анимация, дизайн, литература, фото-искусство, кинокритика и др.
🔸координация деловых встреч с партнерами и потенциальными спонсорами
🔹организация пространства (площадка будет трансформироваться под каждое мероприятие, нужна помощь в перестановке стульев, сцены, реквизитов и т.д.)
🔸организация зрителей (помощь в рассадке, услуги гардероба)
🔹координация встреч и проводов званых гостей
🔸раздача листовок и программ

Что Вы получите в результате❓
🔸возможность использования пространства для своих проектов если они совпадают с принципами ÓzgeEpic
🔹скидки при оплате авторских образовательных курсов ÓzgeEpic
🔸возможность трудоустройства в проектах ÓzgeEpic
🔹уникальный опыт в организации арт ивентов от мастеров
🔸личное присутствие в креативной атмосфере бэкстейдж
🔹отличный нетворкинг, знакомство с единомышленниками

❗Отборочные тренинги пройдут 13 марта 2020 года, с 18:00 до 20:30.
Заявки по регистрации волонтеров принимаются до 12 марта 2020 г. по ссылке: https://forms.gle/MVQwKM4YEVXGc6Nc8

📌Дополнительная информация по тел. +77756986984 Дана
эл.почта. ddkamzabek@gmail.com


"Көңіл-күйіме осы өлеңім лайық". djuzz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Көзіңнен жас шығады  


Қуаныш кернегенде

Көзіңнен жас шығады.

Ешкімге сенбегенде

Көзіңнен жас шығады.


Көңілің тасығанда

Көзіңнен жас шығады, 

Көкірегің ашығанда

Көзіңнен жас шығады.


Ақ қанат қар жауғанда

Көзіңнен жас шығады,

Сағынып сарғайғанда 

Көзіңнен жас шығады.


Арманың солғанында

Көзіңнен жас шығады.

Бақытты болғаныңда 

Көзіңнен жас шығады.


Ес-түссіз сүйгеніңде

Көзіңнен жас шығады,

Сезімге күйгеніңде

Көзіңнен жас шығады.


Сенімің жоғалғанда

Көзіңнен жас шығады, 

Ол қайтып оралғанда

Көзіңнен жас шығады.


Тағдырға көнбей қойсаң,

Көзіңнен жас шығады.

Ұяттан өлмей қалсаң...

Көзіңнен жас шығады. 


Ана боп еміренсең,

Көзіңнен жас шығады.

Әке боп тебіренсең,

Көзіңнен жас шығады.


Сар далаң құлазыса, 

Көзіңнен жас шығады.

Бұл заман ыза қылса,

Көзіңнен жас шығады...


Ер жігіт ерге қонбай...

Көзіңнен жас шығады.

Бақ-дәулет елге қонбай...

Көзіңнен жас шығады. 


Шындығың жаншылғанда

Көзіңнен жас шығады.

...Көзден жас сарқылғанда

Кеудеден жан шығады...

...Жан шығады...


Мақпал Жұмабай


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қара жәшік


Әр адамның ішінде ешкім аша алмайтын, ешқашан ашылмайтын бір-бір «қара жәшік» бар...


Кірпігіме ілінген күннің бәрін өзіңе.

Көкіректі кернеген мұңның бәрін өзіңе.

О, алыстан мұнартқан шыңның бәрін өзіңе.

Өлеңге де айтпайтын сырдың бәрін өзіңе

Сақтап қоямын...


Өзім ғана сенетін шындығымды өзіңе.

Өзім ғана сүретін тірлігімді өзіңе.

Өзім ғана еститін күмбірімді өзіңе.

Мойындағым келмейтін сұмдығымды өзіңе

Сақтап қоямын...


Мейіріммен қараған көздің бәрін өзіңе.

Анам айтқан аяулы сөздің бәрін өзіңе.

Тағдырымды сел еткен тездің бәрін өзіңе.

Өтті деуге қимайтын кездің бәрін өзіңе

Сақтап қоямын...


Үзілейін деп тұрған төзімімді өзіңе.

Алданбауға үйреткен сезігімді өзіңе.

Мені Жерде бар еткен сезімімді өзіңе.

Мені түбі өлтірер сол сезімді өзіңе

Сақтап қоямын...


Қасіретті һәм сұлу заманымды өзіңе.

Кең даламда жаңғырған азалы үнді өзіңе.

Мөлт-мөлт етіп жас тұнған жанарымды өзіңе.

Жылап тұрып сүйетін қазағымды өзіңе

Сақтап қоямын...

Қара жәшік...

Мақпал Жұмабай


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Ана

 

Ақылмын. Армын. Жүрекпін. Оймын.

Осының бәрін сезіну ғой – мұң.

Дауылдатса да, құйындатса да,

Мен Жерге мүлдем ренжуді қойдым.

Өйткені, онда сен барсың, Ана!

 

Қатігездіктен қаймыққан өрлік,

Балбал тастардан ойды ұққам сендік.

О, сені жылап тұрып та сүйем,

Соры көп біздің бойлық пен ендік.

Өйткені, онда сен барсың, Ана!

 

Айдыным. Тауым. Орманым. Тасым.

Бәрі де – асыл, бәрі де – асыл.

Орнайды түбі бұл мекенге бақ

Солардың жасы құрғатылғасын.

Өйткені, онда сен барсың, Ана!

 

Қаптаса-дағы жер бетін қауіп,

Кетсе де барлық адамдық ауып.

Сонда да мына ғасырды тастап

Ешқайда менің кетпесім анық.

Өйткені, мұнда сен барсың, Ана!

Мақпал Жұмабай


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Жуырда жарыққа Дархан аға Әбдік түсірген менің Лондон сапарым туралы фильм шығады. Дархан ағаның пікірі маған да тылсым. Күтіп жүрмін.


Бір кадрмен түсірілген бір адым туралы өлең.




AUA (ағылшынша аудармамен)

Показано 20 последних публикаций.

154

подписчиков
Статистика канала