Mary Huvanna/POETRY


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


#ШабытТүбі

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


Когда просыпаешься ночью от душащих тебя слов и рифм, судорожно пытаешься записать... В полусонном состоянии скидываешь человеку и ждешь его реакции на твой бред... А он отвечает через пару минут, хорошенько прочитав стих, не смотря, что на часах 3 часа ночи... В такие моменты стираются все границы человеческих отношений, перестают существовать кумир и фанат, друзья, влюбленные, враги... Остаются лишь родственные души.

Душа, прошедшая мой путь, только ей доверяю.

11.09.18


ҚЫЗҒАНЫШ (4 өлеңнен тұратын цикл)


1.

Ұйқыдамысың?
Ал мен ояумын,
Орыны сыздап күйіктің,
Себебі жыным әлі басылған жоқ.
Бейкүнәмісің??
Жанарымда қаяу-мұң...
Себебі кеше сүйіктім
Басқа жанға барғанын жасырған жоқ.

2.
Қызғаншақ деген айтқанға ғана сүйкімді!
Мың бөліп түнгі ұйқымды,
Есуастау қорқынышты кейпімді
Сенен тығу бүгін менің хоббиім


3.
Бала мінез жанымды
Қара қою сезімнің
Өрті құшты.
Өзгеге арнап әніңді
Қарағаны көзіңнің
Қорқынышты.

Ішімнің жеңіп тарлығын
Басып алып төзіммен
Төңкерісті
Жек көруім барлығын
Сөйлескеннің өзіңмен
Жиіркенішті.


4.
Қара жалын бермей қойды тыныштық...
Қайнап тұрған қорғасынды ішкендей,
Шығуы жоқ бір қақпанға түскендей,
Ішімді бір өрт жеп барад тым ыстық.

Менмендік пе, махаббат па білмедім,
Мен әйтеуір сол күннен өш алғандай,
Үнім өшіп, сөйлеуден де қалғандай,
Мен әйтеуір сол күннен соң күлмедім.

Жүрегім де ұмытқандай жай демін,
Бір қайнатып, бір суытып қанымды.
Мен түртпектеп іздеп жүрген жаныңды
Өзге біреу тауып алса қайтемін???

06.09.18

Алғаш қызғаныш сезімі туған күн жүрегімде.


Мне кажется, что стихи это боль, проклятие и прочее,
Хотя кто-то говорит талант, дар или пророчество...
Мне кажется, сегодня я всех одиноче,
Но я научилась не чувствовать одиночества

14.09.18


Жазғаныңызды оқыдым, санға ауысқан әріптерден есімім құрастырылғанын да, ауысқан әріп орнында тұрған сандардан туған күнім шығып тұрғанын да, соңғы санның орнында "иә" сөзі тұрғанын да байқадым, әдемі жасапсыз, рахмет. Бірақ жауабым: жоқ, кешірерсіз. Жекеге жазғым келмейді, ренжімеңіз!


Пешенеме бұйырып пенде боп туған періштем


Голубое сердце как символ того, что Пэгги Блю никогда не излечится и не уйдёт. Лишь бы Оскар смог себя простить.


Бүгін менің сезімдерім басылған,
Бұрынғыдай өлең оқып қозбаймын.
Гүлдерім де ертеректеу ашылған
Солып қалған, бүгін міне мұздаймын.

Жүректерді менен жылу іздеген
Қаһарлы аяз, қатты қыстай суыттым.
Үміттерді үзілмеген, үзбеген
Үзіп тастап тыным табам, суықпын.

Адамдардың айналама гүл еккен,
Гүлін жұлып, өздеріне тастаймын.
Қырау қатқан үсіп қалған жүрекке,
Бұл күндері қаттылаумын, тастаймын.

Ештеңе де сезінбейді тас кеуде,
Себебі аяз үріп жатыр сезімнен.
Әлде бүкіл жылуымды Мәскеуге
Алып кетіп қалдың ба екен өзіңмен?

07.12.18
18:48


Мэри, ты космос🖤


❤️


Аспан-адам болсам ғой, аспан-адам...
Толмайтындай еш сезім басқа маған,
Болмайтындай бойыма тең келері,
Қалмайтындай бұлттар да жастамаған.

Аспан-адам болсам ғой терең бүгін,
Жоятындай әлемнің кереңдігін,
Қолдайтындай жалғыз жүрген қорқақтарды,
Бірақ, әттең, жетпейді-ау тереңдігім.

Бар әлемнің ойнайтын сүйікті үнін,
Шыдамсыздың басына үйіп тыным,
Аспан-адам болсам ғой керемет бір!
Жетпей қалды-ау, әттең-ай, биіктігім.

Қиып қалай беремін желді кімге?
Басылмайтын күшінен ентігім де,
Аспан-адам болуға, өкінішті-ақ,
Жетпей-ақ тұр шамалы кеңдігім де...

21.10.18

Әдемі болғым келеді, көз қуантатын емес, жүрек тербететін...


04.03.19 Равильдің жырларын алғаш оқыған күнім. Бұл күн тарихта қалуы керек. Керемет дүниенің бастамасы болатын сияқты... Адам баласының поэзия өнерін сондай биік деңгейде меңгере алатынына сенбеуші едім. Жүрегінмнің орыны ғана қалып еді, одан да дым қалдырмай өртеп жіберді өлеңдері. Мықтысың!


Күлімдеші, түймедақ-қыз, күлімде,
Неге сенің бір сезім жоқ үніңде?
Әлде бүкіл сезімді сақтадың ба
Киви түстес көздеріңнің түбінде?

5.03.19
6:48


"А кто твой кумир на сегодняшний день?", - деп сұрады...

Я сама себе кумир.


Жеткіншектің қартаймайтын күні де,
Тағдырлар да қыршынынан кесілген,
Енді ешқашан шықпайтұғын үні де
Қан боялған көшелердің есінде.

Өлең жазып өткізбейтін түндері,
Тілектері айтылмайтын тойында,
Ғашығына сыйланбайтын гүлдері
Өлік көрген алаңдардың ойында.

Дарын дейді анасынан дариды,
Жас қыздардың, бәлкім болған дарынды
Жатырында өліп кеткен сәбиді
Жатталмаған тақпақтары сағынды.

Ащы шындық - үзілмеген гүл еді,
Жастарды ойлап қызу қаның мұздайды.
Үрей тұнған Алматының жүрегі
Желтоқсанда әлі күнге сыздайды.

Шырша толған көшесі Алматының
Ұмытқан жоқ ұлдары мен қыздарын!
Үріп жатыр бір бермей жанға тыным,
Қан сасыған желтоқсанның ызғары.

16.12.18


У других к тебе любовь и восхищение,
Безмерное уважение,
Признание и возведение
В герои без поражения,
Сохнут по тебе и умирают.
У меня же к тебе - возмущение!
Страх и опасение,
Первое взросление,
Первое потрясение.
Ты как мое отражение,
Нереальное дополнение,
Себеподобных не уважаю!
Но ты мое вдохновение,
Внутреннее разрушение,
Неподавимое увлечение,
Мой человек исключение,
Я тебя больше чем обожаю.

11.11.18


Ақын қыздың шашы қысқа, тілі ұзын...


Ты бы разрешил мне испариться?
Ну или трансформироваться, превратиться,
То ли солнцем стать, то ли ветром, то ли птицей...
Я всегда мечтала быть повыше, помнишь?
Я обещаю, что буду тебе сниться,
Не заставлять страдать,
А так, поглумиться.
За то, что демонов моих греешь, кормишь,
За место в памяти твоей, буду драться, буду биться,
Тебе от образа моего не избавиться, не испиться,
В твоё сердце пришла не погостить, а поселиться,
Буду висеть над глазами твоими, на ресницах,
Буду глюками приходить к тебе в разных лицах,
Возможно крышей двинешься,
с ума сойдешь,
Тебе не с кем будет этим поделиться,
Будешь рвать всё, метаться, будешь злиться
На поиски мои кинешься
Но не найдешь!
Ни в замках меня не будет, ни в темницах,
И лишь память свою будешь лелеять как зеницу,
От пустоты моего отсутствия не убежать и не скрыться,
И это будет длиться вечно, я обещаю...
Может, ты мазохист, разрешишь мне стать птицей,
Или изчезнуть, испариться,
Но я тебе не разрешаю!
Потому что заболею хуже, и мне не исцелиться,
И уж тем более не откупиться,
Поэтому, пожалуйста, не исчезай..

18.09.18


Да здравствует творческий кризис! Да здравствует поэтическая депрессия! Ухожу с головой в работу, не волнуйтесь, если потеряете связь со мной. Оқшаулану керек. Стихов пока не будет. Буду публиковать старые стихи. Рахмет.
p.s. прошу не беспокоить, звоните только по серьёзным причинам. Обняла💋


Репост из: Essizdik is the New Black!
Блядь, всегда мечтал о такой фотке.


Этот стих был написан где-то в годах 2014-2015. Вчера я поняла, что этот стих все ещё вызывает у меня кучу неприятных чувств. Я знаю, что стих не тронет многих, и он не такой осмысленно сильный как другие мои стихи, но я всё ещё пугаюсь тех чувств, что вызвали эти строки. Пздц

Показано 20 последних публикаций.

65

подписчиков
Статистика канала