Құран тыңда ⚜


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Ассаляму 'аләйкум👐
Арнамыздан Қасиетті Құранды тыңдап, жүрегіңізге тыныштық сыйлаңыз⚜
Арналарға тіркеле кетіңіз:
"Күнделікті зікірлер, дұғалар" - @kundeliktizikir
"Иманыңды қуатта" - @imanyndy_quatta
"Дұғалар" - @dugalarkaz

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций




Аятәл курсидің қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аятәл күрси - аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)

«Аятәл күрси - Құран кәрімнің төрттен бірі.» (Әбушшәйх)

«Үйінде Фатиха мен Аятәл күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді.» (Дейләми)

«Жатарда Аятәл күрси оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәһид ун нубууә)

«Әр парыз намазынан кейін Аятәл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)

«Үйінен шығарда Аятәл күрси оқыған адамға үйіне қайтқанға дейін жетпіс періште дұға және истиғфар етеді.» (Әйухәл уәләд илмихалы) (Көлікке мінгенде де Аятәл күрси оқу апаттар мен бәле-жаланың алдын алады.)

Аятул күрсиді ықыласпен оқыған адамның, адам мен жануар ақыларымен парыз қарыздарынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Яғни тәубелері қабыл болады. (Ислам Ахлақы)

Хазреті Әли: «Қабір азабынан құтылу үшін Аятул күрсиді көп оқу керек» - деген. (Зухра-тур-Рияз)


Фатиха сүресінің қасиеті

Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.»(Әбушшәйх)


Аятүл-Күрси


"Аллааһу ләә иләәһә илләә һууәл хәйууль қайуум.
Ләә тә'хузуһу синәту уә ләә нәум.
Ләһуу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард.
Мән зәлләзии йәшфәъу ъиндәһу илләә би-изнииһ.
Йәъләму мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфәһум уә ләә юхиитуунә бишәй-иммин ъилмиһии илләә бимәә шәә-ә.
Уәсиъә курсиюһус-сәмәәуәәти уәл-арда уә ләә йә-удуһуу хифзуһумәә уә һууәл ъәлиюл-ъазыйм".


Скачать етіп, таратуларыңыз үшін🤗


#сүрелер


Құрайш сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.Қурәиштың бейбітшілігі үшін, 
2.Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі, 
3.Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын. 
4.Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған.

#аудармасы


Фил сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? 
2.Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? 
3.Оларға топ-топ әбәбил құстарын жіберді. 
4.Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты. 
5.Осылайша Аллаh желінген топан тәрізді қылды. 

#аудармасы


Наср сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;
2.Адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. 
3. Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Алла, тәубені өте қабыл етуші. 

#аудармасы


Аср сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.Заманға серт. 
2.Негізінен адам баласы зиянда. 
3.Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.

#аудармасы


Фалақ сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Таңның Раббына сиынамын,»
2.«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
3.«Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»
4.«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
5.«Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.

#аудармасы


Нас сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.(Мұхаммед Ғ.С.): «Адамдардың Раббына,» 
2.«Адамдардың иесіне,» 
3.«Адамдардың Тәңіріне,» 
4.«Сыбырлап азғырушының кесірінен,» 
5.«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;» 
6.«Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.

#аудармасы


Кәусәр сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1.(Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. 
2. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. 
3. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.

#аудармасы


Ыхлас сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 
1. (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Аллаһ, біреу ақ. 
2. Аллаһ мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж) 
3. Ол тумады да, туылмады. 
4. Әрі оған ешкім тең емес.

#аудармасы


Фатиха сүресі

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын,
1.Барлық мақтау бүкіл әлемнің раббысы Аллаға тән,
2.Аса қамқор, ерекше мейірімді, 
3.Қиямет күннің иесі! 
4.Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз: 
5.Бізді тура жолға сала көр, 
6.Нығметке бөленгендердің жолына! 
7.Қаһарыңа ұшырағандардың жолына емес!

#аудармасы







Показано 18 последних публикаций.

75

подписчиков
Статистика канала