Сәлем, Product Manager!


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


Product Management туралы хабарлар

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


12 апталық Product Mindset Intermediate курсымыз аяқталып, проект қорғау шарасы боп жатыр.


Көп адам MVP дегенді “ең негізгі жасағысы келетін өнімнің кішкене ғана бөлшегі” деп қателеседі екен.

Ал шындығында MVP деген ол өз алдына өмір сүре алатын, толыққанды (мейлі ол қисық, шала, әлсіз, шағын, барлық функцияны қамтымаса да) дүние болуы шарт. Ол түбінде жетіліп шығуы керек өнімнің ең негізгі және ең маңызды функциясын жүзеге асыра алуы керек.

Мына сурет - продакт менеджерлердің арасында кең танылған екен. Себебі, мвипишка жасағанда барлығы шатасатын болса керек...


Прямо сейчас распечатайте фразу основателя Y-Combinator Пола Грэма и повесьте над своим рабочим местом.

Если вам не стыдно за первую версию вашего продукта, вы запустились слишком поздно.


Біздің осы аптадағы сабағымыз: MVP жасау.

MVP деген Minimum Viable Product яғни “Өмір сүруге құқы бар өнім” деуге келетін дүние.

Осы тақырып бойынша бізге сабақ беретін Владимир Баяндин Ресейдегі ең атақты стартап - Skyeng онлайн тіл үйрету мектебінің Head of Product боп істейді.

Бір қызығы, Вова Фейсбукке де жазбайды, блогы да жоқ, телеграм канал да жүргізбейді екен. Қолым қалт етсе бірдеңе жазуға, кішкене ғана бірдеңе үйренсем соны жеткізгім кеп тұратын адам ретінде қызық көріп қалдым. Шамасы, кәкір-шүкірге мүлдем уақыты жоқ адам секілді. Есесіне, Product Sense пен Нетологияда сабақ береді екен. Обшым, мықты жігіт, кәсіби өте білікті маман.


Өткен аптаның сабағы, 10-модульдің қорытындысындағы тест бойынша аз балл алып қалып, настр жоқ:(((

Прототип жасау жөніндегі сабақ болған Unit экономикаға, бизнесь модельдеуге қарағанда маған ең жақын, ең оңай тақырып сияқты еді. Тестің сұрақтары игра слов болды ма әлде тым өзімше боп жауап бердім бе, әйтеуір, 16 балдан 6-ақ бал алдым;((( Негізі 12 балл алғам. Бірақ бір бұрыс жауап екі дұрыс жауапты құртады екен... Такие дела!


🚀 Полноценный тренажер тестовых заданий продакт-менеджера.

Сборник заданий из крупнейших компаний: Google, Aitbnb, Uber, Amazon, Apple и тд. Проверь свои силы в блоге skillsetter
👇
https://skillsetter.io/blog/take-home-assignments-practice
🚀


Бірақ, соңғы кезде PMF яғни Product Market Fit концепциясы жөнінде біраз сын айтылып жүр. Продуктың жетістікке жеткен-жетпегендігін анықтап, масштабтауға болатын-болмайтындығын білдіретін PMF түсінігі уақыт өте тоқырауға ұшыраған сыңайлы. Себебі, барлық әдістер секілді, бұл да тасбақаның аузындағы шөп емес. Яғни, әмбебап сиқырлы талетка емес. Тиісінше, PMF-ке альтернатив нұсқа ретінде Product/Market/Channel/Model Fit атты парадигма айтылып жүр.

Мәселен дейді, кейбір каналдар уақыт өте өз күшін сарқып бітеді. Сол кезде басқа канал іздеу қажет болады. Ал ол каналда продактың алғашқы сату қарқыны бұрынғыдай болмайды. Себебі, ол жаңа канал болғандықтан. Сол себепті, жаңа каналға келгенде продакты өзгертуге тура келеді дейді бұл модель. Себебі, сенің каналды өзгертуге құзырың жетпейді, ал продактқа өзгеріс енгізуге күшің жетеді. Өте дөрекі түрде мысал келтіретін болсақ, мен Фейсбук пен Телеграмда және Инстаграмда жарнама жасап, канал ретінде қолдана аламын. Бірақ Снэпчат пен ТикТокта ешкім емеспін. Ол каналдарды мен өзгерте алмаймын. Менің иелігімде емес. Бірақ ТикТок пен Снэпчаттағы өзімнің парақшам мен ол жерге ұсынатын продуктымды сол каналға лайық етіп өзгерте аламын. Стратегия: түбінде core - негізгі продукт қолданатын деңгейге жеткізуім керек.

Осы орайда Гроз хакер Брайан Бэлфордың мына материалын оқи отырыңыздар. Өте пайдалы:

https://brianbalfour.com/essays/product-market-fit-isnt-enough


Курсымыздың 8-ші модулін аяқтап жатырмыз осы апта.

Алдыңғы апта қарындасым тұрмысқа шығып, ауыл жаққа барып қайтуға тура келген. Одан кейін астанаға қайтатын болған соң кішкене де болса әке-шешеміздің қасында жүре тұрайық деп ауылда тағы 3-4 күндей қалдық. Нәтижесінде, тонуста жүрген жұмыс көңіл-күй ауа жайылып кетті. Ар жағын айтпаса да түсініп отырға боларсыздар?:))

Не үшін айтып отырмын? Оның ең үлкен себебі, мейлі ол курс болсын, мейлі ол өзің жасап жатқан продакт болсын, немен айналыссаң да ең, ең, ең маңызды нәрсе, ол - фокус!

Фокус болмай, әр нәрсені бір шұқып, көңілің далада болса, не істесең де ұйқаспай қояды өзі. Сондықтан, маған жиі келетін "Қалай программист болам?", "Қалай жақсы маман болам?", "Қалай ағылшын тілін үйренем?", "Қалай блоггер болам?", "Қалай ІТшник болам?", "Қалай кәсіпкер болам?" деген сұрақтарға бір-ақ жауап бар. Фокус! Табандылық!

Ал енді Продакт Менеджментке қайта оралсам, Product Market Fit туралы мына тамаша сурет пен GoPractice-тің мына тамаша материалын оқуға ұсынамын:

https://gopractice.ru/product-market-fit/


Осы апта Product Mindset Intermediate курсымның 6-шы этапы басталды. Қуанышыма орай, бұл апта ешқандай тапсырма берілмеді, ешқандай теория берілмеді. Алдыңғы 5 модульде, яғни 5 аптада өткен материалдарды қайталау, сосын 5 модуль бойынша тапсырған 5 тесті қайта тапсыруға мүмкіндік берді.

Сонда 2 рет тапсырылған тестің балы жоғарғысы есептеледі деді.

Шынымды айтсам, қатты қуандым. Себебі, өте ауыр материал апта сайын үйіле берген өз алдына, топтық және жеке тапсырмалар біраз ауырлау боп кетіп еді. Ойлап қараңызшы, продукт идея табу, гипотеза тексеру, линканвас толтыру, интервью өткізу, кастдев жасау, нарықты зерттеу деген сияқты ойыншық емес тірліктерді жеделдетіп 1-2 күнде орындау, әсте мүмкін емес. Оның үстіне, нарыққа сериоз дүние шығаруға талпынып жатсаң. Дажы егер ол оқу-жаттығу аясында болса да...

Ал 5 апталық материалды сіздерге біртіндеп айта бастаймын. КҮтіңіздер 🙋🙋🙋


Product Management Intermediate бойынша осымен 3-аптадағы оқуымды аяқтадым. Бүгін 4-ші аптасы басталды.

Күн өткен сайын сабақ та қиындап, тапсырмалар да күрделеніп келеді.

Бірақ мынадай қызық бар, жан-жақтан жиналған, түрлі саладан бас қосқан мамандардың Продакт менеджментке бойлап дендеген сайын сұрағы көбейіп барады. Шамасы, бұл мамандықтың өзі - жаңа сала болғаннан сияқты.

Айтпақшы, сөздің ретімен бұл саланы "Жаңа мамандық" деп айтып қалып жүрмін. Бірақ, негізі, Продакт менеджмент деген мамандыққа жатпайды. Ол - роль. Яғни, ол - қызметтегі міндет. Сондықтан, Продакт болу үшін сіздің бэкграундыңыз менікі сияқты айтишник болса да болады, маркетинг болса да болады, немесе мүлдем басқа саладан келсеңіз де болады. Продакт қызметін бірнеше саланы жақсы түсінетін, түсінбесе де түсінгісі келетін, бас тартпайтын, сондай-ақ, бірнеше адаммен, командамен, әр түрлі адамдармен жұмыс істегенді жақсы көретін адамдар дереу алып кете алады.

Дейтұрғанмен, ІТ мен маркетинг жағынан сауаттырақ адамға оңайлау тиеді.


Product Management жайында естуіңіз бар ма?
Опрос
  •   Иә, мен өзім продактпын
  •   Жалпы құлағымның ұшымен естігем
  •   Жоқ, енді біліп жатырмын
  •   Сен не деп отырсың, вапше?
228 голосов


Продакт менеджерлер, әдетте, "Ол не?" және "Не үшін?" деген сұраққа жауап берумен айналысады.

Прожект менеджерлер, әдетте, "Қалай?" және "Қашан?" деген сұраққа жауап берумен айналысады.

Product managers deal with the What? and Why?.
Project managers with the How? and When?.

Яғни, прожект менеджерлер продактың ішінде жұмыс істейді деуге болады.

Ең бастысы: прожект менеджерге қарағанда продакт менеджерлер юнит экономика, маркетинг, тұтынушылармен жұмыс, нарық деген секілді өте кеңірек сегментпен жұмыс жасауына тура келеді.


Product vs Project

Product дегеніміз - қандай да бір өнім, қызмет, софт немесе хард.

Project дегеніміз - белгілі уақыт аралығында жасалуы керек жұмыс, жоба. Ол нақты қызмет, не өнім болуы міндет емес.

Product болған кезде оның стадиялары болады, айталық, mvp, alpha, beta, т.с.с.

Project болған кезде нақты келісілген, қол қойылған, мақұлданған жобаны жасап шығу керек.

Product - бір басталған шектеулі уақыты жоқ, өзінің логикалық соңына дейін жалғасатын өнім не қызмет.

Project - белгілі бюджет, белгілі ресурстармен, белгілі топпен, белгілі нақты уақыт аралығында ғана жасалатын уақытша жоба.


Product Manager VS Project Manager

"Сен бұл салаға келгеніңе бір жыл ғана болды. Сондықтан сөзіңе құлақ аспаймыз" демеу үшін мына сілтемені қалдырамын:)))

Енді осы жерде жазылғандарды өзімнің ойыммен қосып айтар болсам, қысқаша айтқанда:

Product Manager дегеніміз - әрбір продуктың CEO-сы, яғни бастығы. Ол жалпы продуктың стратегиясын анықтайды, жоғары деңгейде жоспарын анықтайды, нарыққа қашан және қалай шығуды анықтайды. Ықтимал клиенттермен сөйлеседі. Сондай-ақ, мен үшін Продактың Прожектен айырмашылығы - Прожект менеджментте MVP деген термин жоқ. Продакт менеджер жоспар құрады, алайда, көп жағдайда жоспарды орындай алмай қалғаны қатаң жазаланбайды. Прожект менеджер секілді тым деталь, тым нақты жоспармен жүрмейді.

Ал Project Manager болса, алдын-ала қашан басталып, қашан аяқталуы нақты уақыты, нақты бекітілген бюджеті және нақты таймлайны бар жобаның өне бойындағы (lifecycle)жұмыстармен айналысады. Ол басшылық бекіткен және нақты келісілген уақыттан да, бюджеттен де, таймлайннан да шықпауы ләзім. Әйтпеген жағдайда, оның кәсібилігіне сын келеді. Сондай-ақ, Прожект менеджер соңында бас-аяғы жұмыр проект жасап шығаруы тиіс, MVP емес.

Продакт менеджерде біраз еркіндік бар. Прожект менеджер бекітілген құжатпен жүреді және scope-тан шықпау керек.


https://www.paymoapp.com/blog/product-manager-vs-project-manager/


PM vs PM

Темада жүрген адамдар біледі, жалпы көпшілік ортада "Project Management деген не, Product Management деген не?" деген сұрақ жиі кездеседі.

Әрине, өмірімнің 5 жылы Project Management қағидасымен өткен, Англияға барып Prince2 Foundation бойынша сертификатталып, Prince2 Practitioner сабағын алған, сондай-ақ PMP яғни Project Management Professional деген оқыған адам ретінде менде де Project VS Product деген дилемма, проект пен продакты шатастыру, терминдерді араластыру, жұмыс барысында екеуінің методологиясын бір-бірімен салыстыру секілді дүниелер көп болды. Әлі де болса соның сарқыншағы жоқ емес.

Осыдан келіп екеуінің айырмашылығын анықтап алу керек болады.


Баршаға сәлем!

Менің атым @timurbektur

Негізі ІТ, web, media және стартап пен технологиялар әлемі жөнінде жазамын. "Тимурдан Инфо" атты осында каналым бар.

Алайда, бұл каналды бастаған себебім, жақында ТМД аймағында атақты Product Sense компаниясының Product Management Intermediate деңгейі бойынша ақылы курсына қатысып жатырмын. Оқығаның мен тоқығаныңды өзгелерге параллельно айтып отырсаң, түсіндіріп отырсаң, материалдың миға сіңімділігі артатын болған соң, алған білімімді біратала өздеріңізбен бөлісіп отыру үшін осы бөлек каналды ашып отырмын.

Әрине, қандай да бір терминдер мен қағидалар бойынша ойлар, курстан түйгенім, менторлардың айтқаны деген сөз. Дегенмен, көп жағдайда өзімнің де интерпретациямды қосуға тура келеді.

Менің ойымша, соңғы жылдары ең заманауи мамандыққа айналыған Product Management саласы бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш ресурс болатын секілді. Ал егер қателессем, маған дейін де қазақша продакт бойынша жазып жүргендер болса, айтарсыздар.

Сонымен, Hello, PM World!

Показано 16 последних публикаций.

120

подписчиков
Статистика канала