shabyt'time


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


"Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Ондай "білгіштен" аз біліп, көп іс тындыратын қарапайым адам артық"

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций




`Өзіңізге барыңызды салу - бұл инвестицияның ең жақсы түрі. Сыртқы келбет болсын немесе ішкі әлем. Екеуі де маңызды.

  Дүкеннің қасынан өтіп бара жатқанда үнемі көзіңізге түсетін көйлекті сатып алыңыз. Егер сіз сол көйлекте өзіңізді әдемі боламын деп сезінсеңіз, ол сізге арналған.

  Сіз үнемі кейінге қалдырып жүрген кітапты - бүгін бастап оқыңыз. Мүмкіндігінше көбірек. Фортепианода ойнауды он жасыңыздан бастап қаладыңыз ба? Бүгін бастап үйреніңіз.

  Бұл жай ғана уақытты жұмсау емес, бұл өзіңізге салынған инвестиция. Күн сайын байып отырыңыз, сонда қысқа мерзімде нәтижесін көресіз.




`Менің бүгін түсінгенім, кейде сіз өзіңізді басқа адам ретінде елестете аласыз. Өзіңізге армандауға мүмкіндік беріңіз, әлі болмаған өз болмысыңызды елестетіңіз. Әлі көп жолдан өту керек болса да, кім бола алатындығыңызды көруге өзіңізге мүмкіндік беріңіз.








Арқанмен (скакалка) секіру: ДЕНЕ БІТІМДІ РЕТКЕ КЕЛТІРУДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ТӘСІЛІ

Скиппинг дегеніміз не?
Скиппинг-бәрімізге таныс арқанмен секіру. Бүгінгі таңда балалар ойын-сауығында дұрыс бағаланбаған бұл тәсіл - толыққанды кардиологиялық жаттығудың заманауи әдісі. Секіру тек салмақ жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар жүректі, қан тамырларын, тыныс алу жүйесін нығайтуға және төзімділікті дамытуға көмектеседі.

Күніне 15 минуттық скиппинг қан айналымын жақсартады, метаболизм мен майдың кету процесін тездетеді, сонымен қатар қолдар мен аяқтардағы бұлшықет тонусын арттыруға көмектеседі. Бір сағаттық арқанмен қарқынды секіргенде орташа есеппен 700 калория күйіп кетеді.
 
Керекті құрал
Секіру үшін сізге ыңғайлы киім керек, мейлінше денеге жабысып тұратын (арқанға жабыспау үшін) және денені жабу (жарақат алуды азайту үшін), жүгіретін аяқ киім (табанға ыңғайлы болады) және арқанның өзі болғаны жөн.

Арқандардың резеңкеден және жұмсақ пластмассадан жасалған түрлері болады. Біріншілері арзан, оларды табу өте оңай, олар жаңадан бастаушыларға да, спортшыларға да жарайды. Екіншісі қымбат, сонымен қатар өте кең таралған, бірақ бәріне бірдей сәйкес келмейді. Оларға бейімделу қажет болады, өйткені пластмасса резеңкеден әлдеқайда жеңіл, демек сіз оны айналдыруыңыз үшін көп күш жұмсау керек боласыз. Бірақ үлкен плюсі - калория тезірек күйеді.

Арқанның ұзындығы да маңызды рөл атқарады. Тым ұзақ немесе тым қысқа болмасын: ол тек жарақат пен көгерудің ғана емес, қолайсыздықтың да себебі болады.

Қалай секіруге болады?
Ия, сіз дұрыс түсіндіңіз, бұл жерде мектептегі дене шынықтыру сабағын еске түсіру жеткіліксіз болады. Әр бұлшықет топтарын жаттықтыруға арналған әртүрлі жаттығулар бар.   Арқанмен секіру жаттығуы басқа спорт түрлерінің алдында да, скиппингтің алдында да дене қыздыруға тамаша әсер етеді: минутына 80 рет айналу жылдамдығымен бір-бір жарым минуттық секіру алгоритмі дұрыс.

Аяқтарды ауыстырып секіруге тырысыңыз: сол және оң аяқты кезекпен. Мұндай жаттығу әр аяқта екіден 5 минутқа дейін созылуы мүмкін.

Жамбас бұлшықеттерін жақсарту үшін аяқтарды жартылай бүгілген күйінде секіріп бастаңыз. Және ақырындап арқанның ұзындығын оңтайлы деңгейге келтіріп, аяқтарыңызды бүкпестен тіке секіруді бастаңыз. Денеңіздің шыныққанына байланысты 3-5 минут аралығында секіруді жалғастырыңыз. Жылдамдық минутына 80 айналымнан аспауы керек.


ӨМІРІҢДІ/ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТУГЕ 10 ПАЙДАЛЫ ХАБАР

1. Аш қарынға күніне бір стақан су іш.
2. Ерте тұрып, ерте ұйықта, тәртіпке сәйкес өмір сенің әл-ауқатыңды едәуір жақсартады.
⠀ 3. Күн сайын серуенде, жағдайға қарай мүмкіндігінше таза ауада уақыт өткіз.
4. Дұрыс тамақтануға тырыс. Тері, шаш міндетті түрде рахмет айтады. Ал таразыдағы сандар саған ұнайтын болады.
⠀ 5. Денсаулығыңды бақыла, жағдайды жедел жәрдем тобы сені дәрігерге апаратын жағдайға жеткізбе. ⠀
6. Рухани және мәдени жағынан бай бол. ⠀
7. Қиын міндеттерден қорықпа. Әдетте, олар аяқталған кезде кәсіби өсу жүреді.
8. Сүйікті ісіңе күніне аз да болса көңіл бөл.⠀
9. Туыстарыңмен сөйлесуге уақыт табуды ұмытпа. Әдетте ол жандарға соңынан уақыт тауып жатамыз.⠀ ⠀
10. Үзілісті ұмытпа! Қиын жұмыстан кейін сапалы тынығу үшін өзіңді марапатта!




`Шындығында, жастық шақ ештеңені кешірмейді. Абыроймен жүр. Ақыл-ойыңмен байсалды бол. Өзіңді жақсы көр және құрметте. Алға мақсат қой. Жүрегіңді тыңда. Стиль ол - адам деген атқа лайықты болу.




`Гүлденіп, толықтай әрекет ететін уақыт келді. Барлық сабақ, қателіктер, кемшіліктер, жасалған жұмыс-осының бәрі нағыз өзіңді табуға қажет болды. Қорқыныштан бас тартып, өмір сүруді баста.

Показано 13 последних публикаций.

11

подписчиков
Статистика канала