Shalkar Nurseit Report


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Саясаттанушы, "Саяси шешімдер орталығы" директоры

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Заң үстемдігі сақталмайтын, сөз және баспасөз бостандығы шектелген елімізде азаматтар проблемаларын әлеуметтік желіде жария ету арқылы шешуге талпынады. Қазақстанда блогерлердің “инфлюенсер” саналуының бірден бір себебі осы.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді қоғамда позитив және прогрессив өзгерістер идеясын кеңірек таратуға, сол өзгерістерге жету жолында тиімді пайдалануға болады. Ол үшін ақпараттық кампанияның концепциясы, жоспары, тактикалары дұрыс құрылуы керек. Осы мәселелер төңірегінде 26 сәуірде 17:00-18:30 аралығында MediaNet ұйымының "Әлеуметтік желі арқылы азаматтық белсенділікті дамыту" онлайн-курсында вебинар өткіземін. Курс 1 айға созылады. Аптасына 1 сабақ. Менен де білімді, тәжірибелі мамандар дәріс оқиды. Қоғамдағы мәселелерді шешуге үлес қосқысы келетін азаматтарға пайдалы болады деп сенем. Курс ТЕГІН. Дедлайн–18 сәуір. БҮГІН тіркеліп үлгеріңіз.

Тіркелу үшін мына қысқа форманы толтыру керек:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScePa3rxys8iUjcgVFNWW1tBY4QM9YYDvULtRkKms0beHEjNQ/viewform

26 сәуірде 17:00-де онлайн кездескенше 🙌🏼


Ознакомился с обращением к Токаеву руководительницы фонда “BizBirgemiz Qazaqstan” Перизат Кайрат в Instagram, которое было удалено автором спустя пару часов. Мощное обращение с точки зрения спичрайтинга. Также увидел ее пост-извинение с призывом «давайте все объединимся и поддержим нашего Президента». Понятно, что первый пост не был написан чисто «на эмоциях», а второй добровольно.

Первый пост служит доказательством разочарования гонго организаций во власти. Второй пост демонстрирует, что до сих пор в арсенале действующего политического режима кроме топорного метода регулирования кризисной ситуации ничего нет.

Если в администрации президента думают, что благополучно нейтрализовали очередной репутационных риск, то сильно ошибаются. На самом деле, данное обращение «a wake up call» для Акорды, а не просто «пост на эмоциях» провластного волонтера. Здесь телевизионное обращение президента и его поездка в один из регионов, пострадавших от паводков, точно не помогут.


Кешеден бері “Еліміз бірлігінен айырылмасын”, “Табиғи апат кезінде елдің шырқын бұзбайық”, “Елдің елдігі сын сәтте” деп Тоқаевтың үндеуіне қолдау “кампанейщинасы” жүріп жатыр.

Су тасқыны, өрт, жарылыс секілді кризистер кезінде Ақорда басқа-басқа елдің бірлігіне алаңдамай-ақ қойса болады. Өйткені әрбір кризис кезінде қолдан келгенше бір-біріне демеу болатын ел-жұрттың ынтымағы артпаса, кемімейді.

Ал Ақорда алаңдауы керек нәрсе – азаматтардың билік етуші топтың елді басқару қабілетіне сенімі. Әдетте авторитар мемлекетте азаматтар саяси құқықтарына көз жұмады. Ал бейбіт күнде биліктің адам өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмауын елемеу мүмкін емес. Сондықтан саяси режим өз рейтингінің құлдырау себебін тәуелсіз журналисттер мен сарапшылардан емес, өзінің қабілетсіздігінен іздеуі тиіс.


Өзбекстаннан келген Қ.Тоқаевтың 10 минуттық үндеуі – бар болғаны әлеуметтік желідегі хейтке реакция.

Тоқаев елдің жартысын су басып жатқанда Қытайда жүрді, сосын су тасқыны бойынша штабтың отырысын өткізіп, Өзбекстанға кетті. Әдеттегідей ел-жұрт проблемасымен бетпе-бет қалды. Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері елге оралған соң үндеу жасауыңыз керек деп ұсыныс айтқан секілді.

Біз сөзбен айтқанда, үндеу үшін үндеу болды. Қазіргі саяси режим су тасқынының алдын алмақ түгілі, шарасыз халыққа үміт сыйлайтын жылы сөз, президентке лайық спич айтуға да дайын емес. Бүгінгі үндеуде эмпатия да, нақты саяси шешім де жоқ. Егер президент аймақтарда азаматтар қалай қиналып жатқанын толық сезінсе, эмпатияны оның дауысы мен сөзінен көретін едік. Егер президент саяси шешім ұсынғысы келсе, биліктің децентрализациясы туралы мәлімдеме жасайтын еді.

Су тасқыны шаруашылықтан бастап саяси коммуникация саласына дейін жаппай бейпрофессионализм жайлағанын тағы бір рет көрсетті. Саяси режимі абсолют билік – абсолют жауапершілік екенін сезінбейтін елде басқаша болуы мүмкін емес.


Репост из: CABAR.asia
Как российская пропаганда влияет на казахоязычные медиа

В Казахстане российская пропаганда, особенно о войне в Украине, распространяется за пределы русскоязычной аудитории. Эксперты считают это тревожным знаком.


Репост из: РЕСПУБЛИКА.KZ.media
⁉️ Можно ли назвать выход книг про Токаевых новым культом личности?

⏺Политолог и участник третьего Курултая при президенте Андрей Чеботарев считает, что сейчас «такая тенденция [проявление культа личности] наблюдается, но видно, что это идет не от главы государства Касым-Жомарта Токаева».
«Если какая-то тенденция и есть, то это исходит не от самого президента. Насколько я вижу по общению с представителями администрации президента, его администрация тоже этим делом не занимается».
⏺В свою очередь Шалкар Нурсеитов, политолог и эксперт по политическим коммуникациям, считает, что Акорда использует наследие Кемеля Токаева в политических целях.
«Никто не отрицает тот факт, что Кемель Токаев является одним из основателей детективного жанра на казахском языке. Проблема заключается в стремлении использовать наследие Кемеля Токаева его сыном – действующим президентом Казахстана для легитимизации собственной авторитарной власти. «Кемелизация» или использование наследие Кемеля Токаева Акордой в политических целях — наиболее удобная форма создания культа действующей власти для самого президента и его окружения в постназарбаевскую эпоху».
По мнению Нурсеитова, власти используют образ полиглота, дипломата и сына писателя, чтобы донести «месседж о том, что по своему происхождению Токаев является частью элиты и он заслуженно занимает пост хозяина Акорды».
«Авторитарный режим, который продлевает свой срок путем проведения нечестных выборов, вынужден практиковать такой формат самоутверждения и легитимизации президентской власти в глазах гражданского общества».
🚀@respublikaKZmediaNEWS


Қазақстандағы жыл сайынғы су тасқындар форс-мажор емес. Авторитаризм, жемқорлық, бассыздықтың салдары. Тілсіз жау да емес. Жылдап бюджетті есепсіз игеру мен “халық – тобыр” деген түсініктің нәтижесі.

Шынайы саяси реформа болмай, қазақстандықтардың бейбіт күнде оққа ұшу, күштіге жем болу, әділетсіздіктің құрбаны болу, суға бату, өртке орану, қиранды астында қалу рискі жоғары болып қала бермек.

Биліктің бөлінісі, саяси бәсеке, әділ сот, ашық сайлау, сөз бостандығы, еркін қоғам абстракт дүние емес. Қиял да емес. Орындалмас арман да емес. Адам өмірі қауіпсіздігі мен лайық өмір сүру үшін керек пререквизиттер.

Рас, саяси реформа – панацея емес. Алайда олсыз Қазақстанда ешбір салада оң өзгеріс басталмайды.


Репост из: The Village Казахстан🇰🇿
В ноябре 2023 года Мажилис РК в первом чтении принял законопроект о «Масс-медиа», который сразу вызвал негативную реакцию среди казахстанских журналистов и правозащитников. Эксперты заявили, что нормы ущемляют свободу слова и доступ к информации в стране.

Ранее в том же году власти одобрили закон «Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе», который, как заявили юристы, ограничивают право граждан на высказывания в интернете.

Свобода слова и выражения — фундаментальное право каждого. По данным Репортеров Без Границ, в 2023 году индекс свободы прессы Казахстана занял 134 место в мире из 180. Страна расположилась между Угандой и Шри-Ланкой. Однако, несмотря на это, многие не до конца понимают важности свободы слова, а власти некоторых стран регулярно пренебрегают ей.

В этом материале рассказываем, почему свобода слова важна и как она влияет на экономическое, социальное и политическое благополучие населения.

Подробнее — в нашем материале.

Нашли ошибку? Напишите нам в бот @the_village_kz_bot


Қазақстандағы авторитар режим де су тасқынымен күреседі.

Дәлірек айтқанда, олар көбінесе универсал екі жолмен күреседі: дамбы соғу және су басқан аймақтан тұрғындарды көшіру. Сарапшылардың айтуынша, осы екі шешім мемлекеттік бюджеттен бөлінетін миллиардтарды келесі су тасқынына дейін игерудің “тиімді” жолы болуы да мүмкін.

Өзендердің арнасын кеңейту, су қоймаларын сапалы соғу, өзендерді, каналдарды, арықтарды үнемі тазалау және жөндеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу және оның нәтижесіне сүйеніп саяси шешім қабылдау, қауіпті аймақтарда қоныстануға тыйым салу, алдын ала ескертуді жетілдіру сияқты шешімдер көп жағдайда сөз жүзінде қалады. Сонымен қатар, тұрғындармен тізе қосып су тасқынының алдын алу, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу қағаз жүзінде қалады. Бір ай бұрын оны премьер-министр Олжас Бектенов те мойындапты.

2018 жылы сол кездегі сенатор Дариға Назарбаева Атбасар қаласын қайта-қайта су алмас үшін Жабай өзені атын өзгертейік деп қалжың сымақ ұсыныс айтқан (экс-сенатор өзеннің атауы “жабайы” сөзінен шыққан деп ұқса керек). Биыл Қазақстанның бірнеше аймағы су астында қалу қаупі төніп тұрғанда Тоқаев режимі елтаңбаны ауыстыруды ұсынып, авторитаризм мен коррупциядан да “қауіпті” проблема – насыбаймен ұлттық масштабта “күресіп” жатыр. Одан қалса, Астана түбіндегі Қояндыдағы су тасқынына биліктің назарын аударту үшін жолды жапқан тұрғындарға сот айыппұл салып тастады.

Бүгін министр Аида Балаева “Күшіміз бірлікте” акциясын бастапты. Пандемия кезіндегі Нұр Отанның “Біз біргеміз!” науқанынан аса айырмашылығы болмас. Соған қарағанда Ақорданың пропагандадан басқа ұсынатын шешімі жоқ. Ары кетсе келесі су тасқынына дейін министрліктер мен жергілікті әкімшіліктер бұрынғыша мембюджет есебінен дамбы соғады, су басқан аймақтан тұрғындарды көшіреді, жаңақазақстандық депутаттар өз қиялындағы “Ескі Қазақстанды” кінәлауман айналысады. Ал Тоқаев Қытайдағы Боао Азия форумынан келген соң Бектенов кабинеті мен әкімдерге “нақты тапсырмалар” беріп, “Күшіміз бірлікте” акциясын қолдағандарға алғыс айтады.

Ең өкініштісі, авторитар режим үстемдік құрып тұрғанда қазақстандықтар көктемдегі су тасқыны сияқты шешуге әбден болатын проблемалардың зардабын үнемі тарта береді.


Репост из: Qogammetrika
Мәскеудегі терактіден кейін тек Ресейде ғана емес, біздің елде де экстремизм және терроризммен күрес күшейетіні анық. Бұл оқиғаны желеу етіп құқық қорғау органдары қосымша құзырет пен қаржыландыру сұрай бастайды. Дін істерімен айналысатын арнайы ведомстволар да осы орайда өз жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысады. Алдағы уақытта экстремизм және терроризммен күрес бойынша тағы бір жаңа бағдарлама қабылданып жатса таңқалмаймын.

Бірақ, тағы да бұрыннан айтып жүрген тезисімді қайталайын: экстремизммен күреске біздің мемлекет қаржына да, құзыретті үйіп-төгіп берген. Тіпті көп жағдайда артық қыламын деп, тыртық қылған. Егер экстремизм профилактикасын күшейтімін десе, осы күні жүргізіліп жатқан іс-шараларды реттесін, кеткен қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағаласын және азаматтық қоғаммен кеңірек жұмыс істесін.

Өткенде бір конференцияға дайындық барысында мемлекеттік сатып алу сайтындағы дін басқармаларының соңғы 3-4 жылдағы лоттарын қарап көрдім. Ол үшін prozakup.kz деген керемет ресурсты пайдаландым. Оның көмегімен 2020-2023 жылдары әр аймақта дін басқарламалары қандай әлеуметтік тапсырыстар бергенін, олардың сомасы, тақырыптары және тендерлік құжаттарын қарауға мүмкіндік бар. Нәтижесінде, аталған мерзім ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,6 млрд.теңге жұмсалыпты. Бұл қаржының 50%-н тек 10 мемлекеттік емес ұйым алған. Яғни, бұл салада бәсекелестік өте төмен деген сөз, әр аймақта бір-бір ұйым жылдар бойы профилактикамен айналысып келеді.

Бірақ, ең бастысы - жобалардың сапасы мен мазмұны. Техқұжаттарды оқып отырып, тапсырыс берушілердің экстремизмнің алдын алуды "дестуктивті идеологиямен" күреске айналдырғанын көруге болады. Және бұл "дестуктивтілік" көбіне адамдардың сыртқы белгілері бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша анықталады. Мысалы, мынадай лот бар: "Организовать комплексные групповые профилактические мероприятия с целью оградить вовлеченных граждан в деструктивные религиозные течения в крупных торговых точках". Іс жүзінде мұндай тапсырыс базарлардағы түрі, киімі басқа адамдармен үгіт-насихат жүргізуге айналады. Өте қарабайыр және дискриминациялаушы түсінік. Мұндай жүздеген лоттың орнына халықаралық стандарттарға сай, еркін бәсекелестікке негізделген бірнеше әлеуметтік жоба жүзеге асырған әлдеқайда нәтижелі болар еді.


Қ.Тоқаевтың елтаңбаны ауыстыру жайлы ұсынысы көпшілікке өтпеді.

Өтпейтін жөні бар. Себебі елтаңбаны өзгерту бастамасы — жасанды қолдаудың немесе астротурфинг өнімі (саясаттануда көпшілік қолдауының имитациясын астротурфинг деп атайды). Тоқаевтың елтаңбаны жаңарту бастамасы ешқандай да көпшіліктің өтініші емес, бар болғаны “Жаңа адамдар” деген жасанды ұйымның қарабайыр акциясын ұйымдастырып барып жарияланған шешім.

Ұйымдастырылуы әлсіз, креативі нөл гербті ауыстыруды қолдау науқанына қарасақ, “20 000 террорист” жайлы аңызға елді сендірдік деп ойлайтын Ақорда массаға бәрі өтеді деп өзін алдап үйреніп қалған сияқты.

Фейсбуктегі қолдау посттардың ішінде абсурд түрі де болды. Мәселен, екі күн бұрын Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи президенттің ұсынысын қолдайтынын білдіріп, елді “тар” ойламауға шақырып, елтаңбаны ауыстыруды Назарбаевтың мұрасына тағы бір рет соққы беру деп бағалаған. Кеше Е.Бапи сол постын өшіріп тастапты. Есесіне кеше Гульжан Ергалиева Е.Бапидіңкіне ұқсас ойды орысша жеткізіпті.

Қаңтар қырғынынан кейін Н.Назарбаевты “Шекарамызды шегендеді”, “Мемлекеттік рәміздерімізді бекітті”, “Астанамыздың негізін қалады” деп ақтаушы “жаңақазақстандықтар” болған. Содан бері 2 жылдан астам уақыт өтті, Назарбаевтың ықпалы әлсіреп, Тоқаев өз билігін күшейтіп алды. Шынайы реформалардың иісі де шықпайды, ал “Ескі Қазақстанмен” күрес көлеңкемен күрес деңгейіне жетіп қалды.

“Деелбасизация” осы қарқынмен жүре берсе, “Назарбаев тұсында бекітілген шекарамызды қайта қарайық”, “Астананың атын Назарбаев қойған, сондықтан оны Целиноград деп өзгертейік” дейтін күнге де жететін сияқтымыз.


Қ.Тоқаевтың ҚР елтаңбасын ауыстыру идеясына қалай қарайсыз?
Опрос
  •   Қолдаймын
  •   Қарсымын
  •   Маған бәрібір
193 голосов


Министр Аида Балаева “Хабардағы” “Бірақ” ток-шоуы жабылатынан жариялап пост жазыпты. “Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді” депті. Осы сөйлем бұл “олқылық” не үшін болды және алда осындай “олқылықтар” бола бере ме дегенге жауап беріп тұр.

Бүгін “Бірақ” ток-шоуы жабылғанымен, ертең басқа атпен адам құқығы мен этиканы таптайтын ток-шоу басқа мемлекеттік телеарнада пайда болады. Өйткені “мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарнаның” миссиясы – қазіргі саяси режимді ақтау және азаматтарды бейсаясиландыру.

Мемлекеттік медиа авторитар биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Осындай жағдайда “мемлекеттік идеологияны жүргізу”, “әлеуметтік проблемаларды шешу” және “дәстүрлі құндылықтарды насихаттау” мемлекеттік телеарналардың басты міндетіне айналады. Өзіне медиаға тән емес функция жүктелген соң ол телеарналар адами құндылықтар мен заң баптарын шетке ысырып қойып, шетелдік азаматтың биологиялық анасын “іздейді”, жақынын іздеген адамға оның қаза болғанын эфирде “естіртеді”, “сайлаулар” кезінде әділ өтіп жатыр деп тікелей эфирде сағаттап марафондар өткізеді, жаппай наразылық кезінде азаматтарды “іштен шыққан бандиттер мен террористер” деп, көрші елдің музыкантын “шетелдік террорист” деп таныстырады, одан қалса зорлық-зомбылық құрбанын абьюзермен “татуластыруға” тырысады.

Болашақта осындай “олқылықтар” жалғасын табады. Мемлекеттік телеарналардың басшылары мен аутсорстағы компанияларды ауыстырып, кринж ток-шоулардың атын өзгертумен “олқылықтардың” алдын алу мүмкін емес. Себебі мемлекеттік медианың қазіргі миссиясы елде саяси жүйе демократияланбайынша еш өзгермейді.


8 наурыз елімізде көбінесе “көктем мерекесі”, “нәзік жандылардың мерекесі”, “әдеміліктің мерекесі” ретінде сипатталады.

Менің ойымша, Қазақстан секілді патриархал елде 8 наурыз, ең алдымен, әділетті насихаттайтын күн болуы керек. Себебі әділетке ұмтылған қоғам ғана теңдікке жақындайды. Әділет құндылық саналатын елде адам жынысына емес, ісіне қарап бағаланатын болады. Қазіргі қарқынымызбен ол күнге қашан жететініміз белгісіз.

Бір анығы – күш пен манипуляцияға ғана сүйенетін авторитар билік барда әділеттің ауылы алыс болып қала бермек. Күш культі орнаған мемлекетте зорлық-зомбылық азаймайды, манипуляция билікті сақтаудың сенімді құралы болып тұрғанда genderwashing мен youthwashing және т.б. реформалардың имитациясынан құтылмаймыз.

8 наурызда, қалған күндері әділетті насихаттайық, әділетсіздікке қарсы тұрайық, әділ болуға тырысайық. Сонда міндетті түрде әйел құқығы=адам құқығы түсінігі аксиомаға айналған ел боламыз.


Жақияновтың “сөз бостандығына шабуылы” жайлы

Азаттық радиосының хабарлауынша, 4 наурызда Алматы қаласының Алатау аудандық соты Ғалымжан Жақияновтың Төлен Тоқтасынов пен "Адырна" сайты үстінен түсірген арызын жартылай қанағаттандырыпты. Енді Тоқтасынов Жақиянов жайлы өзінің кейбір тұжырымдарын жоққа шығаруы керек, ал “Адырна" өз ютуб-каналынан Тоқтасыновтың былтырғы сұхбатын өшіруі тиіс. Себебі сот сұхбаттағы сөздерді шындыққа жанаспайды деп таныған.

Стратегиялық коммуникация маманы ретінде, сырттай бақылап жүрген кейстерімнің бірі осы іс еді. Фейсбукте “Адырна" сайты жетекшісі Арман Әубәкірдің “Жақиянов сөз бостандығына шабуыл жасап жатыр”, “Бізді сотқа беруі демократқа сай тірлік пе?”, “Журналистерді сөз бостандығын қорғауға шақырамын” деген мағынадағы посттары сот отырыстары алдында шығып жүрді. Сол кезде ол посттардың логикасы жайлы (турасын айтқанда, логикасы мүлдем жоқ екенін) сот шешімі шыққаннан кейін жазуды ойлап жүрген едім. Реті енді келген сияқты. Сонымен, сол посттарда мынадай негізгі 3 месседж болды:

1.”Жақияновқа ютуб-каналымызға сұхбат беруді ұсындық, ал ол интервью бермеді.”

Біріншіден, Тоқтасынов пен Жақиянов арасындағы дау – іскерлік дау. Екі бизнеcмен арасындағы мәселе қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қатысы жоқ. Екеуара келіссөз немесе сот арқылы шешілетін проблема. Яғни, медиа мен басқа азаматтардың оған араласуы еш ақылға сыймайды. Екіншіден, Жақиянов та, Тоқтасынов та қазір мемлекеттік қызметкер емес. Өзара түсініспеушілікке екеуі де қоғам алдында жауап беруге міндетті емес. Үшіншіден, екі бизнесмен арасындағы дау мемлекеттік бюджеттің қаржысы төңірегінде емес. Сондықтан осы мәселе бойынша Жақиянов “Адырнаға” да, басқа сайттарға да сұхбат беруге міндетті емес.

2.”Сайтымызды сотқа беріп жатыр, демократтығы қайда қалды?”

Демократиялық құндылықтарды қолдау – өзіңе тағылған айып пен жалаға үнсіз көну керек деген сөз емес. Есі дұрыс елде репутацияға әсер ететін кейстер әділ сотта шешіледі. Қазақстандағы соттың жағдайын бәріміз жақсы білеміз. Дегенмен азаматтардың өз ар-намысын/репутациясын сот арқылы қорғауға тырысуы - құптарлық іс, өркениетті жол. Ар-намысты қорғау мақсатында сотқа жүгіну – демократиялық құндылықтарға қарсы шығу емес. Ал адамның аргументіне емес, өзіне шабуыл жасауды пропагандада ad hominem attack дейді.

3.”Cөз бостандығына шабуыл жасады”.

Бұл - таза манипуляция. Қазақстанда сөз бостандығын шектеу үшін, сайтты жабу үшін саяси күш керек. Тіпті “Адырнаға” қысым көрсетуді қалағанның өзінде Жақияновта сайтты жауып тастайтын саяси күш те, порталға мемлекеттік ақпарттық тапсырыс арқылы ықпал ететін мүмкіндік те жоқ. Медиадағы ақпаратқа сүйенсек, Жақиянов соттың шешіміне сүйеніп, “Адырнадан” сұхбатты алып тастауды талап еткен. Ал “Адырна” сайты “Тағылған айыпқа қарсы болсаңыз, онда бізге сұхбат беріңіз” деген. Бұл сөз еркіндігі үшін күресуші редакцияның саясатынан гөрі қаралым мен лайк жинау талпынысына көбірек ұқсайды.

P.S. Екі бизнесмен арасындағы дауды “сенсация” көру журналистика емес, ал сөз бостандығы журналистикалық этика қағидаттарын сақтамай ютубқа сұхбат шығаруды ақтау үшін қолданатын қалқан емес.


Репост из: The Village Казахстан🇰🇿
2024 год начался недавно, но казахстанские власти уже успели принять ряд решений, ограничивающих свободу. Это, например, запрет на работу иностранным СМИ и последующий отказ в аккредитации для «Радио Азаттык», закрытый суд над журналистом Думаном Мухамедкаримом и административные аресты нескольких активистов.

На днях Мажилис РК в первом чтении принял законопроект по противодействию семейно-бытовому насилию, где в подпунктах введено понятие «семейно-традиционные ценности». Правозащитники и эксперты заметили, что такой юридический термин есть только в РФ, где его используют в качестве идеологического конструкта. В сентябре прошлого года в Казахстане опубликовали реестр лиц, получающих иностранное финансирование, который похож на российский список иноагентов. Немного ранее сенат одобрил законопроект об онлайн-платформах, сильно напоминающий Пакет Яровой в РФ.

Такая тенденция наблюдается не только в Казахстане, но и в других странах Центральной Азии. В этом материале объясняем, как и зачем авторитарные режимы СНГ перенимают репрессивные законы друг друга. Разобраться в этом нам помогли политологи Досым Сатпаев, Шалкар Нурсеит и Виктор Ковтуновский.

Подробнее — в нашем материале.

Нашли ошибку? Напишите нам в бот @the_village_kz_bot


Дәулет Мұқаев: Ұлттық киім туралы заң керек

Ермұрат Бапи: Отағасы туралы заң керек


Депутаттардың бұл сөздері жай ғана ұсыныстар емес. Бұл – парламенттің қазіргі саяси жүйедегі қызметінің, депутаттардың кәсіби деңгейінің көрінісі.

Бір жағынан, қуыршақ парламенттің болуы азаматтық қоғамның саяси белсенді тобы үшін мазақ дер едім. Мәжілісте фронтмен болып жүрген депутаттарды кәсіби қабілет пен білім деңгейі жағынан мың орап алатын азаматтар елімізде бар. Олардың “кемшілігі” - “Жаңа Қазақстанға” сенетін саяси кәсіпкер, әлеуметтік желіде “инфлюенсер”, мемлекеттік телеарналарда “жұлдыз” емес.

Екінші жағынан, өкінішке қарай, ауызбен орақ оратын, қызыл тілді меңгерген депутаттарды Тик-ток пен Инстадағы азаматтар жиі төбеге көтереді. Оларға кәдімгідей үміт артады. Ақордадан тәуелсіз саясаткер көреді. “Келесі президент болуға Зайытов, Толықбаев, Мұқаевтың қайсысы лайық?” деп басы қатады, бір-бірімен қызыл кеңірдек болып айтысады. Осыған қарап-ақ, қоғамға саяси сауат ауадай қажет екенін түсінуге болады.

Қалай десек те, тағайындалған депутаттар парламент пен қоғамның айнасы болып тұр.


Репост из: Azattyq - Азаттык
«Деелбасизация» при «втором елбасы». Тренды казахстанской политики и сигналы в риторике Токаева

Политолог Шалкар Нурсеит, проанализировавший выступления и интервью Касым-Жомарта Токаева за минувший год, объясняет, отчего президент почти перестал говорить на тему политических реформ и почему последние тренды в политике свидетельствуют об усилении репрессивной машины и пророссийского вектора.

🔗 Читайте интервью с политологом по этой ссылке.

❤️ Радио Азаттык. Подписывайтесь


“Алексей Навальный өлім аузынан аман қалғаннан кейін Ресейге оралмай-ақ қоюы керек еді” деген пікір айтылып жатыр екен. Бұл – күрескердің психологиясын түсінбеуден туған ой. “Өлетін бала молаға қарай жүгіреді” деген сөз Навальныйдың саяси күресін сипаттауға келмейді.

Навальный тоталитаризм тұсауынан толық құтылмаған біздің аймақта да ешбір кедергіге қарамастан саналы түрде режимге қарсы күресетін тұлға шыға алатынын дәлелдеп кетті. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мен халықаралық қауымдастықпен ұтымды жұмыс істеудің үлгісін, 21 ғасырда саяси коммуникатор қандай болуы керек екенін көрсетіп кетті. Ешбір лауазымды мемлекеттік қызметте болмай-ақ қолында абсолют билігі барлардың зәресін алатын саясаткер деңгейіне жетті.

Күрес жолы, қайтпас қайсарлығы, өмірінің соңына дейін оптимист болуы тек құрметке лайық.


Репост из: PROTENGE
🏦 «Акорда» в период «Нового Казахстана» обходится нам, налогоплательщикам, дороже, чем пять лет назад.

За последние пять лет расходы республиканского бюджета на Администрацию президента выросли в 2,4 раза, на Управление делами президента - на 84%. Об этом пишут коллеги из kursiv.media.

«Акорда» с точки зрения бюджета - это Администрация президента (АП) и Управление делами президента (УДП).

АП обеспечивает деятельность главы государства. Этот госорган в 2023 году «поглотил» 16,8 млрд тенге. Это в 2,4 раза больше, чем пять лет назад.

УДП отвечает за материальное обеспечение работы президента. Допустим, поддерживает в должном состоянии резиденции главы государства, его самолеты и автомобили. УДП «отъедает» больше, чем какие-либо другие госорганы, близкие президенту. В 2023 году эта сумма равнялась 93,5 млрд тенге. Рост за пять лет - на 84%.

«Заметная (но нерегулярная) статья расходов УДП – приобретение автомобилей для госорганов. В последние два года на это ушло 13,3 млрд тенге – достаточно масштабное обновление автопарка, если учесть, что всего за 2018–2023 годы на авто в УДП потратили 16,1 млрд», - пишут журналисты.


Можно было бы, конечно, свалить всё на инфляцию. Но, к примеру, с АП это не получится сделать - расходы на этот госорган, судя по подсчетам kursiv.media, растут быстрее инфляции.

Показано 20 последних публикаций.