АЛЛАНЫҢ 99ЕСІМІ
1-ШІ БӨЛІМ(Қуаныш Асемай)
Етерсің, көркем атпен мінәжат,
Оны білмеу, мен үшін де бір азап ,
Әр есімін , әр дұғаңа қоса алсаң
Мағынасын ұғып айтсаң сол ғажап.
Білмесең, біле жүрші АЛЛАҺты¹,
Әл-'Азым өзіңсің ең ардақты,
Әл-Қаһһәр барлығынан сен үстем
Әл- Бақи, Ешкім болмас сендей тұрақты.
Әл-Ғаний, ешкімге мұқтаж емессің,
Ризықтардың артуына себепсің
Әл-Муғний, байытып бар пендеңді
Ән-Нәфи' , әлемге пайда бересің.
Ұлы Арштың Раббысы,
Мәликүл-Мүлк сен Патшам!
Аса жоғары төреші,
Қазысы сен Әл-Хакәм
Ұлылықпен...
Жомарттықтың иесі,
Зул-Джәләли уәл Икрам
Әл-Латыф, құлыңның жанын түсінесің,
Әл-Ғафур, кешіріп қайта сенесің,
Доғармай тағы, өкініп келсе сол мүмін
Әт-Тәууәб, солай, тәубесін қабыл етесің.
Ғайбат айтпа, Ей пенде!
Әс-Сәми', бәрін естуші
Жасама күнә, "ол жоқ"-деп,
Әл-Басыр бәрін көруші
Ақталма "ісім дұрыс"-деп,
Әл-Хабир бәрін білуші
Сылтауыңды, айтпа кеп
Әл-Хакәм, сол шешуші.