𝚉𝙷𝙰𝙺𝚄𝚃𝚃𝚈𝙼


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана


@arailym_ramazanovna🤍

— я вспомнила Судный День, о Посланник Аллаһа (ﷺ)💔

Связанные каналы

Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций




Солай


Ағару
Самайға ақ кіріп еді, мұрт та ағара бастады. Ұялған ұрыдай болып қастың бір талы да ағарыпты.
Сөйте -сөйте... Сүйек те ағарады-ау... Несіне тырбаңдаймыз.
Бəрі де өтеді.
Өтпейтін тек уақыт қана.
Адамдар: «Уақыт өтіп барады», – деп өкінеді. Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады.

Ал уақыттың басы да жоқ, аяғы да жоқ.
Уақытты жылға, айға, сағатқа, минөтке, секөнтке, ғасырға бөліп жүрген адамдар ғой.
Уақыт – мəңгілік. Мəңгілік басталмайды да, аяқталмайды да. Бəрін бір Алла біледі.
Алла білімі шексіз.
Білімі шектеулі адамдар.

Бір кем дүние.




Біздің өмірімізде...

Сынау көп, түсіну аз.
Құлау көп,тұру аз.
Жылау көп, күлу аз.
Қарсыласу көп, қабылдау аз.
Жек көру көп, сүю аз.
Құнсыздық көп, құндылық аз.
Білімсіздік көп, ілім аз.


Ал осы азғантай-ақ дүниені көбейткенде, бәлкім Жаратушының раһымына ие болар ма едік..


Репост из: صبر🦋
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Харам, харам болып қалады тіпті бәрі жасасада


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.

Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, бейне сенің сәби кезіңдегідей асты киімге төгіп алуым мүмкін, сол кезде сен сабырлы бол.

Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді, құтты сенің бала күніңде арбаға салып алып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып серуендетіп тұрсаң.

Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді ұмытып қаламын. Маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып сөйлей беретін болармын, ол кезде мен не десем де сенікі жөн деп, көбірек сабыр сақтағайсың!

Мен қартайғанда көпсөзді болып кетуім мүмкін, ол кезде екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып отыра берсең болады.

Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей сенің де құлақ етіңді жеп, тәрбие айта беруім мүмкін, ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да «Жарайды!» деп басыңды изей салсаң болады.

Балам, мен о дүниеге аттанғаннан кейін, мәңгілік көзімді аша алмайтын болғанда егер Алла қалап жатса ол жақта да сенің бақытың мен отбасың үшін дұға жасайтын боламын!






НАМАЗ ОҚЫМАЙ КЕТКЕН МЕНІҢ БАУЫРЫМ!

Сен мешітке баратын жолды қай жолға айырбастадың ?

Мүмкін түнгі клуб па екен, мүмкін ұятсыз, пайдасыз бір отырЫстарға алып баратын жол ма екен?

Азанның дауысын, сені құтылуға шақыратын дауысты қандай дауысқа айырбастадың?

Фатиха сүресінің орнына қандай әуен шырқап жүрсің?

Алла тағаланы еске алатын мәжілістертерді, Алла тағаланы еске алатын отырыстарды қандай отырыстарға айырбастадың?

Сахабалардың аттарын, жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба ,басқа да сахабалардың аттарын ұмытып, кімдердің аттарын жаттап жүрсің ?

Алламен оңаша қалуды тастап, кіммен оңаша қалып жүрсің ?

Сенің қылып жатқан айырбастауың - әсте сені жеңіске жетелейтін саған пайда болатын нәрсе емес қой?

Жайнамазыңды қолыңа алда, Аллахым кешір де да, қайтадан тәубеңе келіп намазға тұр, Алла кешіреді, Алла жүректі тазартады, қараңғы бөлмеге кірген кезде қалай сіз светті жағасыз сол кезде нұр болып қалай жарқылдай түседі?

Алла сіздің жүрегіңізді бірден солай ағартуға күш құдіреті жеткілікті. Алланың алдында дұға қылыңыз, Я Алла, міне мен келдім, Сенің алдындамын, барар жерім жоқ, қайтар жерім Сен жақ, есігіңді қағып тұрмын , мені кешіре көрші, себебі Сенен басқа мені ешкім кешіре алмайды, мен Саған мұтажбын» деп айт! Алла сені кешіреді, ин шаа Алла....

✏Ұстаз Елдос Қуандықұлы уағызынан үзінді.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Бейсен Құранбек.
Отбасының 7 қағидасы.

Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық;

Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;

✅ Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;

✅ Қандай сыйлы қонақ келсе де,үйімізге ішімдік кіргізбейміз;

✅ Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;

✅ Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;

✅ Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;

✅ Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.


Репост из: Khanifa
Осы сынды хадистерден ғұламалар көрші ақысын былай белгілейді:

1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады.
2. Көршілердің ар-намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек;
3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы мұсылмандыққа жараспайды;
4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек;
5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге болмайды;
6. Анда-санда сыйлық беріп отырған дұрыс;
7. Тамақ пісіргенде немесе дүкеннен сатып алғанда жақын көршісіне де ұсыну мұсылманға
тəн үрдіс;
8. Керек кезде көршіге қол ұшын беру;
9. Сұрап келсе қарыз беру;
10. Мейрамдар мен қуанышты күндері көршісін құттықтау;
11. Көршінің малына тас лақтырмау, үркітпеу;
12. Балаларының көрші балаларды ұруына, жаман сөздер айтуына жол бермеу;
13. Көршінің рұқсатынсыз үйін оның үйінен биік етіп салмау;
14. Кемшіліктерін тіміскілемеу, сырын қазбаламау;
15. Сəлем беріп, сəлемін алу;
16. Кемшіліктерін, сырларын жария етпеу;
17. Бар болса сұрағанын беру;
18. Берген сыйлығын қабыл алу;
19. Қайғылы жағдайларда көңіл айтып, қайғысына ортақтасу;
20. Қонаққа шақырса бару;
21. Көршіге кешірімді болу;
22. Ауырып қалса, көңілін сұрау;
23. Қайтыс болса жаназасына қатысу;
24. Көршінің жетім балаларына көмектесіп, қорғаныш болуға тырысу;
25. Көршіге жылы жүз танытып, жақсы сөздер айту;
26. Көрші айқайлап ұрысса да, дауыс көтермеу, сабырлылық таныту, онымен ренжіспеу;
27. Көршінің мазасын алмау, мазасын алатындай жағдай болса, алдын ала ескертіп, кешірім
сұрау






😍😍😍❤️❤️❤️



Показано 20 последних публикаций.

155

подписчиков
Статистика канала