Дарынды балаларды қолдау және қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру: жаңа бастамалар
Бүгін қабылданған заңда бірнеше маңызды қадамдар қарастырылды.
1. Дарынды оқушыларды қолдау.
Бұған дейін халықаралық пәндік олимпиадалар жеңімпаздарына 5 миллион теңгеге дейін сыйақы мен ҰБТ-сыз грант берілсе, енді осы мүмкіндік халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына да беріледі.
2. “Болашақ” бағдарламасын кеңейту.
Халықаралық пәндік олимпиадалар мен халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына бакалавриат деңгейінде шетелде оқу үшін “Болашақ” арқылы грант алу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл қадам жас таланттардың шетелде сапалы білім алып, елге қайтып, еліміздің дамуына үлес қосуына жағдай жасайды.
3. Қазақ тілінің цифрлық сөздік қоры.
Қазіргі заман – цифрлық технологиялар заманы. Бұл процесте қазақ тілі өзінің орнын қалай алуы керек? Осы сұраққа жауап ретінде заң жобасында қазақ тілінің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау мен Ұлттық тіл корпусын құру нормалары қарастырылды.
Бұл бастаманың басты мақсаты – қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру және цифрлық әлемде қазақ тілінің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Цифрлық сөздік қордың маңызы:
1. Жасанды интеллект үшін база: Бұл сөздік қор жасанды интеллектке қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді, сөздерді контекстке сай қолдануды үйретеді.
2. Күнделікті қолдану: Ашық ақпараттық жүйе арқылы кез келген азамат сөздердің дұрыс емлесін, нақты мағынасын оңай таба алады.
3. Білім беру: Оқушылар, студенттер мен мұғалімдерге сапалы сөздіктер мен анықтамалықтарға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұл оқу мен оқыту үдерісін жеңілдетеді.
Цифрлық сөздік қор – бұл жай ғана сөздердің тізімі емес. Бұл – тілді түсінетін, оны дұрыс қолдана алатын интеллектуалды платформа.
Бұл дарынды ұрпақты қолдау және қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру бағытындағы маңызды қадам.