Belgisiz ūly


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, Inglizcha


Сезім тамшылары…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, Inglizcha
Statistika
Postlar filtri


көп адам осы (өткінші) дүниенің айналасынан шыға алмай қалады. Ортада сезім де, сенім де жоқ, жай өрмекшінің торы сияқты алдамшы бірдеңе ғана ұстап тұратын. Жүрек жоғары идеяға байланбағандықтан күн өткен сайын өмірі сүреңсіздене бермек.

#біркемдүние


“уақыт емдейді” дейді ғой біреулер. Уақыт емдемейді. Ол жаңа жаралар салады, ескі жара жаңасынан қарағанда жеңіл ауыратындай көрінеді, сөйтіп біз жаңасымен алысып жүріп, ескісін ұмыт қалдырамыз…

#суға_лақтырған_тас


сынықты да ауыртып салады ғой, әйтпесе ол қисық бітеді де тіпті ауыртады. Сол сияқты өмірде көп нәрсе нәпсімізге жақпай жатады, бірақ одан өтуіміз керек.

#бүгін


Көк жазуды басып, арна әкімшісіне (админі) анонимді (құпия) хат ( пікір, сын, ескертпе, ұсыныс, тілек,т.б.) жазуыңызға болады.

#()


жүрегіңді тыңдап көр. өзіңді іштей қинай берме. Алла қаласа, бәрі өз ретімен, өз уақытымен болады. Сезімдеріңді түсінуге тырысқаның жақсы, дегенмен сұрақтардың жауабы бірден ойыңа түсе бермейді. Кемелдікке ұмтылған адам әр күн сайын өзіне жаңалық ашады.

#бүгін
#саған

785 0 13 2 27

пендеде қанағат жоқ болғасын бәрінен жалығады…

#біркемдүние

837 0 13 2 30

- кеше тақпаған галстугіңді бүгін тағып бара жатқаның не?
- кешегілер ойыма қарайтын еді, бүгінгілер мойныма қарайды.

#degeneken


Қайырлы кеш, оқырмандар. 5098 оқырманы (подписчик) бар @ozgewesin Телеграм арнасы сатылады.

Сұрақтарыңыз болса : 87762178607 нөмерге жазсаңыздар болады.

#жарнама


жүрегіме орнаған тұрақты мұң,
сезімімнің алдында ұяттымын.
шексіз мұнар аспанға қарап тұрып
бүгін сізді сағынған сияқтымын…

өткеніне беймәлім, өкінді кім?
бір бұрышта жылап тұр жетім жырым
сарғайған жапыраққа қарап тұрып
бүгін сізді сағынған секілдімін…

демеймін тағдырыма арыз мұным,
үмітті ортадағы тағы үздірдім.
сәбидің күлкісіне қарап тұрып
бүгін сізді сағынған тәріздімін…

ал сіз ше?


#бүгін
#mood

929 0 11 2 26

адамдар жазған кітапта өмірдің шағын ғана бөлшегі болғаны сияқты, өмірде де кітаптың кішкентай бөлігі ғана бар. Сондықтан оны тұтастай шындық деп қабылдай беруге келмейді.

#бүгін


махаббат - екі адамның бір ұлы мақсатқа бір жолмен бірге аттануы

#меніңше

1k 0 16 1 34

көшеде : “бауырым, бір штук жайнамазың бар ма?” деп сұрайтын күнге қашан жетер екенбіз?

#қазір


Исламда үш түрлі әйел бейнесі бар-дейді ғұламалар : Біріншісі - Хадиша (р.анһа) сияқты іскер. Екіншісі - Айша (р.анһа) сияқты ілім-білім жеткізуші. Үшіншісі - Фатима (р.анһа) сияқты үй ханымдары. Үшеуі де қоғамға пайдалы.

#degeneken

1.2k 0 10 29 38

«Сонау бір жылымық шақта, «Жылымық» деген суретті көтеріп сенің жаныңда тауға өрлеп бара жатып, адамның сыртқы дүниені, ортаны, жалпы табиғатты сезінуі, қабылдауы жайлы тұңғыш рет ой түсіп еді. Содан бері көру үшін тек көздің ғана болуы жеткіліксіз, əлемдегі əр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағанмын.»

©️ Оралхан Бөкей


сезім жайлы түсінігі таяздар көп. өткінші сезім іздейді, табады, жоғалтады, жылайды, қиналады. емші іздейді, табады, жоғалтады ; сөйтіп айнала береді. сондықтан шығар қазір адамдарда біреуден бірдеңе күту (ожидание) көп. Өз қателігін салдарын біреу тартса, жауапкершіліктен сытылып кетсем-деп тұрады.

#бүгін


“Көзайым”. Қандай мөлдір әрі ғажап есім…

#қазір

988 0 2 12 34

үнемі ақылмен сезімді ауыздықтап отыра алмайсың. Сезімнің қуаттылығы сол ақылды да өз дегеніне сендіріп тынады.

#меніңше


сенім - айна сияқты, өз бейнеңді көресің, біреудің қолына беріп, ол шағылып қалса да, өзің беріп, құлатқасын ешкімді кінәлай алмайсың. Кінәласаң да пайдасы болмайды.

#меніңше


бақытты адам - қайғысынан қуанышы, сүреңсіз сәттерінен қарағанда бақытты сәттері көп адам

#меніңше


адамдар бір-біріне сынақ қой. Айтпағым, бұл өткінші өмірде әділетсіздік көп. Бұл жақсылық істегендер сыйын, жамандық істегендер жазасын алмай кетеді - деген сөз емес. Әркім өзіне тән қарымын алатыны анық. Себебі ұлы сот әлі алда.

#бүгін

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.