24dil26


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri




Бүгін мынадай ақпарат алдым:

“Мәскеуге Сәбит Мұқанов келіп лекция оқитынын Әлекең естіп сол жерге барыпты. Жиналған көпшіліктің ішінде отырған Әлихан Бөкейхановты Сәбит көріп қалып: “Мен Әлихан Бөкейханов бар жерде лекция оқымаймын, ол бұл жерден шығып кетсін”, - депті. Әлекең орнынан тұрып жүре беріпті.”


Мұқановты әлденеден жақтыртпаймын. Сәбит Мұқановты айтам.

Бірде сол кісінің “Мөлдір махаббат” кітабын іздеп, қатты оқығым келген.

Адамы ұнамаса да, қаламы ұнар дегем. Әттең, олай емес екен. Зерттей келе халқыма керек емес адам болғанын іздестіріп біліп алдым.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
жүзі нұрланып тұрады ғой, ех шіркін💓


көп каналдан көріп кеттім:

қазақ тілі алдағы 5жылдықта әлемдік тіл болады.

еу қалқатайларым, пейілдеріңнен. әрине керемет қой.

бірақ бірінші қазақ тілін қазаққа үйретіп алайықшы.

дегенмен, армандаған да жақсы.


мойындаңыздаршы, бір адамдар болады ғой:

“кім қойшы, жараспаса да айтыла беретін әңгімеңді айтпашы маған” - дегің келетін.

менде көп. ойлағам бұл мендегі тәкаппарлық қой деп. олай емес екен.

Игнор деген керемет нәрсені үйрендім ақыры. Өздері де білгендей кете қояды екен ғой.

Сол игнорды әлі де ұстағым келетін адамдар бары, және олардың көңілін қалдырғым келмейтіні - өзімнің жыныма тиеді.

неғылсам екен?


бұл каналды әрімен қарай жоғарыға итерсеңіздер әлемі басқа. қазір бағыт өзгерді. кімге қайсысы ұнайтынын білмедім. бірақ ерік өздеріңізде. ұнамаса есік ашық қой.

жаңадан келгендерге: қош көрдім. 3 қайтара құшақтадым🫂


кешірім сұраймын. кейде тым ашылып қоятыным бар.


Ол адаммен байланыс үзсем де, естеліктер ес кіріп те, ескіріп те қалғанын қаламас едім🫂


Естен кетпейтін күндер де естен кетеді. Ескіріп, немесе ес кіріп.


Жанарыс ол адамның кім екенін білсе шок болары анық🫣😂


Бұл адам туралы тек Мадина біледі. Жақын құрбым. Күліп еске аламыз сол адамды. Ех, қызық қой өмір деген.


Бір түні ұзақ сөйлестік. Таңғы 4. Ұйықта енді дегені бар. Мен болсам ұйықтай алмайтынымды біліп, сыртқа шығып кеттім, көл жағасына. Оған да ескерткем.

Абайла. Жазып тұр. Луна красивая сегодня. - оның жазғаны.

Ол кездегі “луна красивая” сөзінің мағынасы бар тұғын.

Жауабым: “не красивая”


Сырт көзге емес, іштей мықтылығын әкесі дүниеден озғанда байқағам. Айтқаны: тірі адам тіршілігін жасайды. әкемнің айтқан уәделерін орындап, ендігі семья менің мойнымда.

Жанымыздағылар 100сөзбен түсіндіре алмағанды, екі сөзбен түсіндіре қоятын.


Бір адамдар болады екен. Жаныңа тым жақын. Жанары жаныңа ыңғайлы.

Сондай адам бар. Көрмегеніме 1жыл. Керемет адам.

Ешқандай сезім емес, бірақ кездестіргеннің кездеспегені сияқты әңгіме айтыла береді.

Сағынады екенсің.


Жұрнақ болғысы келетіндер көп. Бірақ жалғау болу да оңай нәрсе емес.


хайырлысы деп қоя салсаң да,жаныңа батады.


"Махаббат қызық мол жылдардың" қызығына батып кеттім.


әрбір ойланбаған сөздеріңде дәл оқтай, кеудемді теседі, дым да қалдырмай…


көркем мінезді адамдардың қатарына жатпаймын.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

32

obunachilar
Kanal statistikasi