Ислам орталығы


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri




Сәжде қандай керемет құлшылық?! Жерге сыбырлайсың, жаңғырығы аршыға естіледі.


Жер сілкінуінің себебі:

«Біз (ескертулерімізге құлақ аспаған) қаншама елді мекенді жермен-жексен етіп, күлін көкке ұшырдық. Азабымыз оларды түннің бір уағында шырт ұйқыда жатқанда немесе күндіз көз шырымын алу үшін қисайғанда, (аяқ астынан) келіп бас салған еді»

(«әл-Ағраф» сүресі, ۝
4-аят)

Тәпсір кітаптарында:

1. Алла Тағала елшілері әкелген дінге қарама-қайшылыққа түскен, жалғанға шығарған және Алланың дінін келеке еткен елді-мекендерге апат берген;
2. Апаттың түн ұйқыда, олардың бейқам уақыттарында келуінің себебі, Алланың аяттарына, ескертпелеріне бейқам қарағандары себе
пті.


Басқалар жамандай беретін адамнан емес,
Басқаларды жамандай беретін адамнан алыс жүрген дұрыс деп ойлаймын...


Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар,
Азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар.


Бірде патшалық заманда бір бәдәуй патшадан көмек сұрайды. Сонда патша Сұлтан оған көмек бермейді. Әлгі бәдәуй:
“Берме десе Субхан, несін береді Сұлтан”, - дейді. Патша Сұлтан түсінбей уәзірлерінен бәдәуйдің не дегенін сұрайды. Уәзірлер бәдәуйдің айтқанын айтады. Сонда Патша Сұлтан қолындағы әмиянын лақтырып жібереді. Сонда бәдәуй:
“Бер десе Субхан, береді ғой Сұлтан”, - деген екен.


«Егер Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның тілін Пайғамбарға салауат айтуға жеңілдетіп қояды».

©️Ибн әл-Жәузи

Аллаһумма салли уә сәллим ғәлә сәийдинә Мухаммад❤️
اللهم صل وسلم على سيدنا محمد


«Өмір сүруді үйрететін Құран тұрғанда, Құран оқымағандардан өмір сүруді үйреніп жүрміз»

©️ Ізгілер даналығы


Адамдар сөйлесуі керек нәрсе туралы сөйлеспегендіктен бір-бірін жоғалтып алады.


«Жақсы тайды баптасаң, ат болары ақиқат.
Көпшіліктен бата алсаң, бақ қонары ақиқат»

©️ Қазақ нақылы




Түрки кітаптарда риуаят етіледі:

«Достарың көп болсын! Өйткені, Раббыларың - жомарт. Қияметте достарының арасындағы
бір адамға азап беруге ұялады»


©️ (Шира)

Адамдардың әлсізі - достық құра алмаған, одан да әлсізі - достық қолын созған жандарды жоғалтқан адам.


«Пайғамбардың (ﷺ) үмметі өзінің лайықты қасиетін сақтау қажет! Еркек деген мықты болу керек. Әйеліңізбен күнде ұрысып жүрген болсаңыз, сізден бұл үмметке ешқандай пайда жоқ. Есіңізде сақтаңыз! Әйелімен ұрысып жүрген еркек ол - әйел»

©️ Ұстаз Ерлан Ақатаев




«Дүниені бір сәтке тәрк етіп, жайнамаз үстінде тек Алла Тағаламен жалғыз қалып, намаз оқуың - сенің миғражың болып табылады»

©️ Ізгілер даналығы


Арсыз нәпсіге ере берсең,
АРыңнан айырыласың,
АРыңнан айырылсаң,
БАРыңнан айырыласың!


📚 Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Сауылған сүт желінге қайта кірмегені сияқты, Алладан қорқып, көзінен жас шығарған адам да тозаққа кірмейді»

©️ (Тирмизи)


«Білімнен құрметті нәрсе болғанда, Алла Тағала пайғамбарына: «Раббым, білімімді арттыр», - деп сұрауды бұйырғандай, оны да сұрауға бұйрар еді»

©️ Имам Құртуби


Әл-Хайй – мәңгілік мәнді тірісің,
Құдіреті күшті ұлысың!

65. Әл-Қаййум – жаратылысты билеушім,
Тұрақты алға сүйреушім.

66. Әл-Уажид – жоқтан бар қылар әміршім,
Барлығын табар, тамыршым.

67. Әл-Уахид – теңдесіз жалғыз Құдайым,
Саған жат қайғы, мұң-уайым.

68. Әс-Самад – мұқтажсыз, мұңсыз дарасың,
Білсемші, бақыт бағасын.

69. Әл-Қадир – құдіреті күшті өлшеуші,
Тәртіппен бәрін теңдеуші.

70. Әл-Муқтадир – барлығына құдіретті,
Құдіреттіме шүкір етші.

71. Әл-Муқаддим – қаласа, алға шығарушым,
Бәрінен үстем, жоғарысың!

72. Әл-Муаххир – қаласа, артқа қоюшы,
Қаласа, бәрін жоюшы.

73. Әл-Әууәл – ең әуелгі, біріншім,
Мерейі үстем өзіңсің!

74. Әл-Ахир – ең ақырғы, ең соңғым,
Арқаңда ер мен ел болдым.

75. Әз-Заһир – айқын да жоғары тұрушым,
Бәріне билік құрушым.

76. Әл-Батин – жасырын, бәрін қамтушым,
Міндетін еппен артушым.

77. Әл-Мутәғәли – бәрінен үстем биігім,
Өзіңсіз өмір иірім.

78. Әл-Барр – күллі игілік иесі,
Ізгілік, нұрдың жүйесі.

79. Әл-Мунтәқим – қаласа, кек қайтарушы,
Қапысыз ой салушы.

80. Әл-ауфф – қайырым, ғафу етушім,
Күнәсін құлдың кешушім.

81. Ар-Рауфф – әрдайым мейірімпазым,
Махаббат пейілің басым.

82. Мәликул-Мулк – патшалықтардың патшасы,
Патша емес сенен басқасы.

83. Зул-Жәләли Уәл-Икрам – Ұлық та асқан жомартым,
Өзіңе ғана болам құл.

84. Әл-Муқсит – қара қылды қақ жарған әділеттім,
Қай кезде де сен тура әмір еттің.

85. Әл-Жамиғ – барлығын да жинаушым, қалауынша,
Және топтай алушым, қарауынша.

86. Әл-Ғани – тиым салып, тоқтатушы нені де,
Мен болайын әр кез дінде, сенімде.

87. Әл-Мұғни – қалағанын байытушым,
Кедейліктен арылтушым.

88. Әл-Маниь – қалағанын тоқтатушым,
Тиым салып, ақсатушым.

89. Әд-Дарр – қаласа, зиян келтірушім,
Асып-тасқанды кем қылушым.

90. Ән-Нафиь – қаласа, пайда берушім,
Жағдайды жасап сен үшін.

91. Ән-Нур – ғаламды нұрландырушым,
Адамды нұрландырушым.

92. Әл-Һәди – туралыққа бастаушым,
Барлығына бастаусың.

93. Әл-Бадиғ – жаратушы көркем ғып,
Жасамай жанға бөтендік.

94. Әл-Бақи – мәңгілікке қалушым,
Құлыңмын сені танушы.

95. Әл-Уарис – бәрінен мықты мирасқор,
Ұсындың бізге сыйлас жол.

96. Ар-Рашид – туралыққа нұсқаушым,
Жамандықтан жасқаушым.

97. Ас-Сабур – әрдайым аса сабырлым,
Өзіңе ғана табындым.

98. Әт-Тәууәәб – тәубемді қабыл алушым,
Құлым деп сүйіп, танушым.

99. Әр-Рақииб – назарын үзбей салушым,
Амалдарымды бағушым.

Мұнайдар Балмолда
2019 жыл.


АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ

1. Алла – он сегіз мың ғалам патшасы,
Құлыңа қарай атташы.

2. Ар-Рахман – рақымы асқан Құдайым,
Өзіңе ғана ұнайын.

3. Ар-Рахим – ерекше мейірім өзінде,
Құлына салған көзінде.

4. Әл-Мәлік – құдіреті асқан ақ патшам,
Тәуелді саған жан бақшам.

5. Әл-Қуддус – бәрінен аса қасиеттім,
Шеккізбе жолын қасіреттің.

6. Әс-Сәләм – бейбітшіл, сәлем иесі,
Тату-тәттілікті сүйесің.

7. Әл-Мумин – қашанда аса сенімдім,
Дініңе сендім, егілдім.

8. Әл-Муһәймин – басқарушы барлығын,
Сенсіз кедей жарлымын.

9. Әл-Азиз – аса даңқты үстемім,
Құдіретті ғой күш-демің.

10. Әл-Жаббар – өзіне бойұсындырушым,
Сөзімен түсіндірушім.

11. Әл-Мүтәкәббир – тәкаппар, аса жоғарым,
Бәрінен асқақ қамалым!

12. Әл-Халиқ – жаратушым, асқан шеберім,
Мүбәрәк, мінсіз кемелім!

13. Әл-Бари – жоқтан бар етер ұлығым,
Құтқармас ұзын құрығың.

14. Әл-Мусаууир – бейнелеушім бәрін ғаламның,
Жүрегін баурап адамның.

15. Әл-Қауий – құдірет-күштің иесі,
Әл беріп, мені сүйеші.

16. Әл-Мәтин – мықты, берігім,
Қорғайды сенсіз мені кім?

17. Әл-Ғании – байлығы бітпес жомартым,
Өзіңсіз өмір мұнар түн.

18. Әл-Хакиим – хикметке ие данасың,
Үкімде әділ, дарасың.

19. Әл-Ғафуу – кешірім етер кең пейіл,
Күйімді саған шертейін.

20. Әл-Ғафурр – тәубәмды қабыл етушім,
Көмекке бұрын жетушім.

21. Әл-Ғаффәәр – кешірімпазым әрдайым,
Тау менен тасқа маңдайым
Соғылсын қанша, қимайтын
Жазаның маған қандайын.

22. Әл-Қаһһар – алапат күшті қаһарлым,
Жолыңда сенің жатар кім?

23. Әл-Уаһабб – сарқылмас сыйын берушім,
Болайын сенің сенушің.

24. Әр-Раззақ – барлығын ризықтандырушым,
Несібемді сақтап қалдырушым.

25. Әл-Фаттах – құлыптың бәрін ашушым,
Жеңушім, мысты басушым.

26. Әл-Алим – күмәнсіз бәрін білушім,
Бүкпесіз көріп тұрушым.

27. Әл-Қабид – қаласаң сабылтушысың,
Ұстап қап, тарылтушысың.

28. Әл-Басит – қаласаң кеңейтушісің,
Үйіріп ғалам ұршығын.

29. Әл-Хафид – биіктен төмендетушім,
Аяи гөр, жедел жетушім.

30. Әр-Рафиғ – қаласаң жоғарлатушым,
Шығарып, биік асу шың.

31. Әл-Мағиззу – қаласаң, даңққа бөлеушім,
Әперіп жеңіс, жебеушім.

32. Әл-Музиллу – түсірушім дәрежеліні,
Сақтайын ереже күнді.

33. Әс-Самиғ – шүбәсіз бәрін естушім,
Құлдарың қорқып, ес білсін.

34. Әл-Басир – күмәнсіз бәрін көрушім,
Құлымен бірге болушым.

35. Әл-Хакам – ең әділ қазы, төрешім,
Құлыңа көңіл бөлесің.

36. Әл-Адл – қылыштай өткір әділеттім,
Әрдайым тура әмір еттің.

37. Әл-Латиф – мамықтан жұмсақ, мейірімдім,
Нұрына зармын пейіліңнің.

38. Әл-Хабир – бәрінен бұрын хабардар,
Құдайға құл боп, жағыңдар.

39. Әл-Халим – мүләйім, жылы, шуақтым,
Жыласам, шұғыл жұбаттың.

40. Әл-Ғазим – ұлығым, аса ардақтым,
Өзіңе қарай самғаттың.

41. Әш-Шәкур – алғыстың асқан иесі,
Құлыңды шексіз сүйесің.

42. Әл-Алий – бәрінен биік, асқағым,
Дұшпанкөздерді жасқадың.

43. Әл-Кәбир – ақылға сыймас үлкенсің,
Сиынар Тәңір тек сенсің!

44. Әл-Хафиз – сақтаушым да өзің, қорғаушым,
Адассам, панам, қолдаушым.

45. Әл-Мухит – құдіреттім, ризық берушім,
Менмін ғой жеміс терушің.

46. Әл-Хасиб – теңдесіз есептеушісің,
Білесің адал мен арам,
Нығметіңнен жеуші кім?

47. Әл-Жәлил – мәртебелі аса ұлығым,
Мен сенсіз емсіз құрыдым.

48. Әл-Кәрим – ардақтым, аса жомартым,
Назары нұрлы, қолы алтын.

49. Әл-Мужиб – құлына жауап қатушым,
Тілекті қабыл алушым.

50. Әл-Уасиғ – кең пейіл, бәрін қамтушым,
Махаббатымен шарпушым.

51. Әл-Уадуд – сүйікті және сүюшім,
Болайын басым июшің.

52. Әл-Мәжид – даңқты, абырой иесі,
Алғысқа ғана бөлеші.

53. Әл-Бағис – тірілтушісің қайтадан,
Өзіңнен пана жай табам.

54. Әш-Шаһид – бәріне куә болушым,
Құпия сырды көрушім.

55. Әл-Хаққ – ақиқат, Хаһ-Тағала,
Ризамын сенің барыңа.

56. Әл-Уакил – қамқоршым, уәкіл етушім,
Өкіл боп шұғыл жетушім.

57. Әл-Уалий – жанашыр, досым, жалғызым,
Жатырқамайтын жер жүзін.

58. Әл-Хамид – абыройы асқақ мақтаулым,
Сөзім бар мадақ саптаулы.

59. Әл-Мухси – бәрінің білген есебін,
Шығарып мінсіз өлшемін.

60. Әл-Мубди – жетекшім, алға бастаушым,
Қапысыз қадам тастаушым.

61. Әл-Мугид – бәрін де қайтарушысың,
Қаласаң, қайта алушысың.

62. Әл-Мухи – өліні тірілтушісің,
Жан беріп, жүгіртушісің.

63. Әл-Мумит – тіріні өлтірушісің,
Алдыңа келтірушісің.

64.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

144

obunachilar
Kanal statistikasi