özgeşe dünïeler💡


Kanal geosi va tili: ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa: ko‘rsatilmagan


🔗unasa keregin terip al

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
ko‘rsatilmagan, ko‘rsatilmagan
Toifa
ko‘rsatilmagan
Statistika
Postlar filtri


Алланы таныған сайын, Аллаға жақын бола бастаған сайын; өміріңдегі кездескен әрбір проблема түкке тұрғысыз болып қалады.

Себебі Алла - Ұлық. Ол Ұлы болып, сенің кішкентай проблемаларыңды шешіп тастайды. Аллаға ол проблемалар түкке тұрғысыз, Оған оп-оңай. Тек сен Оған жақын болсаң болғаны!




Адам болу - даралану.
Яғни біреуге ұқсамау. Адам қай кезде санаттан шығады? Даралығын жоғалтып, біреуге көзсіз еліктеген кезде жоқтыққа жұтылады. Өзінің болмысын қашай алмай, біреуді қайталаған кiсi сапасыз ксерокопияға айналады. Есейе келе осы кұбылыс та жүйкені жұқартады. Адам психикасы болмашыға сыр беріп, кері кетуге дайын тұрады. Осындай азаптан құтылу үшін қуыскеуде типтер амалдың жоғынан iшiмен емес, сыртымен даралануға бекінеді. Шамасы келсе де, келмесе де қымбат көлік мініп, сәнді көйлектің соңы жоқ модасына байланады. Жастар жағы тезірек даралану үшін алба-жұлба киініп, субмәдениетті дәріптеп жүретіні осыдан. Яғни біреуге ұқсап кетсе, психикасы сырқырап қоя береді. Бұл бір шетінен дұрыс. Бірақ түпнегізде қате. Себебі адам iштен, яғни субъективті негізде дараланып тұру керек.

📚Бейсен және болмыс.


Адамның жүрегінен от көрініп тұратын болса...
Жақсы адамдікі жұлдыздай жарқырап тұрса...
Жаман адамдікі күңгірт, қарайып тұрса...
Сонда айыру оңай болар еді.
Жақсыға жақындар едің, жаманға жоламас едің.
Өкініш: ондай белгі жоқ. Тану қиын. Дүние содан бүлікшіл.




«Кімде-кімнің басты қамы, уайымы өткінші дүние болса, Алла оның істерін шашып тастайды, ол қанша жерден жинауға тырысса да, түбі еңбегі еш болады; ал кімде-кімнің басты қамы ақырет, яғни қандай да бiр iсiм ақыретте Алланың құзырында қалай қабылданады екен деген уайым болса, Алла оның барлық ісін бір жерге жинап қояды да, дүние оның тізесіне кеп иіліп тұрады».


Өзіңмен-өзің отырып сырласқанға не жетсін.
"Тыныштық және жайлылық. Еш кедергісіз, өзіңмен ашық сұхбат".


Сосын; өзі курьерде "Wolt”, “Glovo” - де жұмыс жасап жүріп, мешіттен "бес уақытын" қалдырмайтын адамдарды қатты құрметтеймін.


Мешітке намазға кішкентай балаларын алып келетін "әкелерді" қатты құрметтеймін.


Бөлісіп жатқан жандар Алла разы болсын❤️


Елдос Жұмаділда Ұстаздың инстаграмнан алыңған. Сенімді ақпарат, еш уайымдамаңыздар. Канал админдері, оқырмандар репост жасап жіберейік. Ақшалай болмаса да, тым болмаса дұғамен көмектесейік. Баршаңызға Алла разы болсын.🙌🏻❤️


Сен менің күнімсің!
Сенің шуағың мені жылытады. Саған қарасам мен жылынамын.❤️


әдемі үйлесімділік✨


Бір өлең жазғым келеді,
Шопеннің өлмес симфониясындай
Ғасырға кетер мәңгілік!
Қазақ екенін мақтан тұтардай,
Келешек ұрпаққа ән қылып!


"Махаббат - жасырын болған сайын құнды бола түсетін сезім. Жақсылық та жария болғанда сауабын жоятын секілді, махаббат та қадірін кетіріп алады".


- Мұсылманмын! Бірақ намаз оқымаймын; дейтін адамдар бар. Мен сондай адамдарды:
- Жұмысшымын, бірақ жұмыс жасамаймын; дейтін адамдарға ұқсатамын.
Егер де жұмысшы жұмыс жасаса, сол еткен еңбегі үшін өз табысын(айлығын) алады. Құр жата бермей)
Ал "мұсылман" дейтіндер намаз оқыса, бұл жерде сауап алады. Тек әрекет керек.
Ақша мен сауаптың орнын ауыстырып алмайық!

#қыртпа_ойларым


Таң намазы қабыл болсын жақсым!🤍


bauyrsaq🥯 dan repost
Мұхтар ағамыз өзіне ұнайтын арналар жайында жазып, өз әсерімен бөліскен екен. Мен де ағымнан жарылайын)

Li bey
Сүмбіле
Ойпатта
Boq-time
Кесірбек Робби
Қыр баласы
Синус
Өзгеше дүниелер
Мұхтар Маратұлы(мамық)
KERege
Uzaq äñgıme

Сезімдерімді жеткізуге сөз шығындатпайтын, ойыңды дөп басатын сүйкімділер💚💚💚


Бір ерекше ыстық болып көрінеді екен!🤍


Тəңірдің құдіретіне таң қаласың. Құдірет əлемді əділ, сағат тетігіндей мінсіз жаратты.

Бəрі тəртіпті: Күн де, Ай да, Жер де тек өз жолымен жүреді. Сансыз жұлдыздар да бəрі тура жолмен жүреді.
Ал адамдар ше?
Пайғамбарлар, сахабалар, аса бір данышпандар болмаса, көбісі қисалаңдай береді. Бұралаң жолдарға түседі. Адасады, сүрінеді, құлайды.
– Е, Құдай, не жаздым?! – деп жылайды. Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың. Бірақ соны ұмыта береді.
Бір кем дүние.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

123

obunachilar
Kanal statistikasi