Дәм сезу қабілетім жоғалған кезде тамақ туралы көп ойланып, тұз туралы подкаст тыңдадым..
Біздің ата-әжелеріміз (бұл жерде совет одағында өмір сүрген емес, жалпы барлығын айтып тұрмын) біз сияқты дәмді тамақтарды ешқашан жемеген екен.
Мысалы, бұрын адамдар тамаққа тұз қоспайтын болған. Себебі ол стратегиялық маңызды дүниелар қатарында еді. Қыс ұзақ. Сол үшін бүкіл тамақты тұздап, қысқа дайындалу қажет. Үйде 20 адамға арнап, 6 ай қыстың тамағына қаншама тонна тұз керек екенін де есептей беріңіз.
Сананы тұрмыс биледі демеңіз, бірақ бұрын "үйде біреу қайтыс болды" дегенге қарағанда "үйде тұз бітіп қалды" деген қайғылырақ естілетін еді. Өйткені, бір адам өлсе ештеңе емес, ал тұз бітсе үйдегінің ешқайсысы қыстан аман шықпауы мүмкін.
Яғни, таңғы асқа тұз қосылмаған нан жейсіз, түсте тұзсыз, тек шалғамнан тұратын салат жейсіз. Ал кешке ет. Бірақ тұзсыз. Тұз қосылмаған еттің дәмін елестетіп көріңіз де, бүгінгі бағасы 120 теңгеден аспайтын тұздар үшін шүкір етіңіз. Тұз - орта ғасыр үшін айфон 15 тең. Ал дәмдеуіштер - орта ғасырдың айфон 15 про максы болған.
Асқабақ дәмімен латте сатылатын дәуірде өмір сүргендіктен, біздің дәм сезу рецепторларымыз Құдайын ұмыта бастады деуге болады. Орта ғасырда тұзы жоқ тамаққа Үндістаннан алып келген специяны қосып, алғаш рет дәмін татқан адам өзін ғарышқа барып келгендей кайф алатын. Келесіде осы специя үшін ол басқа біреуді өлтіруге де дайын болуы мүмкін. Меніңше, сол кезде талай қыз махрға бір қапшық специя сұраған да шығар.
Тіпті, Ұлы географиялық жаңалықтардың өзі белгілі бір деңгейде тұздың жетіспеуі мен специялардың керемет дәмі үшін жасалған сияқты. Ғылымның дамуына "анау себеп болды, мынау себеп болды" деген философиялық далбаса ойларды тастап, дәмді тамақ жеу > аштық секілді қарапайым нәрселерге бір назар аудару керек..