Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Токио 🇯🇵жазбалары #1
Жапония бөлек әлем. Токиода құдды бір сән апталығына я сән көрмесіне келген сияқтысыз. Токиодағы ең танымал Шибуя мен Харадзюку ауданына бара қалсаңыз модниктер. Жастардың киім үлгісі, шаш үлгісін көріп таң қаласың. Аниме әлеміне де тап болдым. Шаштары аққа боялған, кекілі екі көзін жауып тұрған жігіттер, екі бетін алқызыл ғып бояп, қызыл-жасылды көйлек қиген қыздар... Мұндай киім үлгісін Миланнан да, Парижден де көрмегем. Шибуяда шу шаршатады: музыка, ғимараттардағы алып лед экрандар мен ондағы жарнамалар, жұрттың шуы, пойыз, машина, автобус... Оған күннің қапырығын қосыңыз. Бірақ Шибуя адамды тартып тұрады. Екі күнде де Шибуяға барып қайттым. Айтпақшы бұл жер әлемдегі ең ығы-жығы қиылыс саналады. Әр үш минут сайын бағдаршамның жасылы жанғанда Шибуядағы үш жолақтан бір уақытта кемі жүзден аса адам өтеді (видеосын қыстырдым). “Час пик” кезінде одан да көп. Мұның бәрі бұл жерде не істеп жүр деп ойлайсың. Бұған қоса мұнда “иесін күткен” Хатиконың ескерткіші бар